Мұнайлы аудандық мәслихатының
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№40/440 шешімімен бекітілген
МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТАРЫН ДАМЫТУДЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Мұнайлы ауданы, 2015 жыл
Мазмұны
1. Бағдарлама паспорты..................................................................................................................4
2. Ағымдағы жағдайды талдау......................................................................................................7
2.1.Аумақ дамуының жалпы сипаттамасы.......................................................................................7
2.2.Экономика.....................................................................................................................................9
2.2.1.Өндіріс........................................................................................................................................9
2.2.2.Агроөнеркәсіптік кешен.........................................................................................................10
2.2.3.Шағын және орта кәсіпкерлік, сауда.....................................................................................11
2.2.4.Инновациялар мен инвестициялар........................................................................................14
2.3.Әлеуметтік саланың дамуы.......................................................................................................14
2.3.1.Білім саласы.............................................................................................................................14
2.3.2.Денсаулық сақтау саласы.......................................................................................................17
2.3.3.Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау............................................................18
2.3.4.Мәдениет..................................................................................................................................23
2.3.5.Үш тілділікті дамыту..............................................................................................................24
2.3.6.Дене шынықтыру және спорт.................................................................................................25
2.3.7.Ішкі саясат................................................................................................................................27
2.4.Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету...................................................................................30
2.5.Инфрақұрылым...........................................................................................................................31
2.5.1.Байланыс...................................................................................................................................31
2.5.2.Жолдар және көлік..................................................................................................................32
2.5.3.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы..............................................................................33
2.6.Экология және ауылдық аумақтар............................................................................................34
2.7.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер.......................................................................................37
3. Негізгі бағыттар, мақсаттар мен міндеттер, индикаторлар және нәтиже көрсеткіштері..................................................................................................................................39
3.1.Экономика...................................................................................................................................39
3.1.1.Өңірлік макроэкономика........................................................................................................39
3.1.2.Агроөнеркәсіптік кешен.........................................................................................................40
3.1.3.Шағын және орта бизнес, сауда.............................................................................................41
3.1.4.Инновациялар мен инвестициялар........................................................................................42
3.2.Әлеуметтік сала..........................................................................................................................43
3.2.1. Білім беру................................................................................................................................43
3.2.2. Денсаулық сақтау...................................................................................................................45
3.2.3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау...........................................................................46
3.2.5. Мәдениет ................................................................................................................................49 3.2.4. Үш тілділікті дамыту.............................................................................................................50
3.2.6. Дене шынықтыру және спорт................................................................................................51
3.2.7. Ішкі саясат...............................................................................................................................52
3.3. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету..................................................................................53
3.4. Инфрақұрылым..........................................................................................................................54
3.4.1. Байланыс және коммуникациялар........................................................................................54
3.4.2. Құрылыс..................................................................................................................................55
3.4.3. Жол және көлік.......................................................................................................................55
3.4.4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық...............................................................................57 3.5. Экология және ауылдық аумақтар...........................................................................................58
3.5.1. Экология..................................................................................................................................58
3.5.2. Ауылдық аумақтар.................................................................................................................59
3.6. Мемлекеттік қызмет көрсетулер..............................................................................................60
4. Қажетті ресурстар......................................................................................................................61
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
Атауы
|
Мұнайлы ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасы
|
Әзірлеуге негіздеме
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы № 827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 4 наурызындағы № 931 «ҚР Мемлекеттік басқару жүйесінің әрі қарай қызмет етудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығы.
|
Өңірдің негізгі сипаттамалары
|
Мұнайлы ауданы 2007 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Президентінің Жарлығымен құрылған
Ауданның аумағы 492,2 мың га. (Маңғыстау облысы аумағының жалпы ауданының (16 564,2 мың га) 3%)
Ауданның құрамына 7 ауыл, ауылдық округ кіреді: Маңғыстау ауылы, Баянды ауылы, Қызылтөбе ауылдық округі, Дәулет ауылдық округі, Атамекен ауылдық округі, Басқұдық ауылдық округі, Батыр ауылдық округі. Аудан орталығы – Маңғыстау ауылы. Тұрғындардың жалпы саны – 135,6 мың адам, тұрғындардың негізгі бөлігін оралмандар құрайды.
Маңғыстау ауылында Маңғыстау темір жол бөлімі қызмет етеді. Аудан тұрғындарының басым көпшілігі Ақтау қаласында өндірістерде және жеке шаруа қожалықтарында жұмыс істейді.
|
Бағыттар
|
Экономика
Әлеуметтік саланың дамуы
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Аумақтың инфраструктуралық кешенін дамыту
Экология және жер ресурстары
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
|
Мақсаттар
|
Өнеркәсіп өндірісінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, өңдеу өнеркәсібінің дамуын қамтамасыз ететін ауданның бәсекеге қабілетті мамандандыруларын қалыптастыру, кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту, тұтынушыларын қанағаттандыруға жеткілікті көлемде өндіру негізінде ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының тиімді қызметін қамтамасыз ететін нарық инфрақұрылымын дамыту. Ауданда бөлшек сауда көлемін арттыру.
Инвестициялық ахуалды жақсарту, ауданның инвестициялық жобалары мен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуда қазақстандық және жергілікті қамту үлесін арттыру.
Білім берудің сапасын, қолжетімділігін, тартымдылығын жақсарту және балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру.
Медициналық көмектің тиімді жүйесін негіздеу.
Мұнайлы ауданның халқының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсарту.
Мәдени құндылықтарға халықтың қолжетімділігін арттыру.
Ауданның бұқаралық спорт және дене шынықтыру - сауықтыру қозғалыс секторын дамыту.
Мемлекеттік жастар саясатын тиімділігін арттыру.
Халықтың қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қорғаныс және жұмылдыру дайындығы мәселлері.
Тұрғындардың тіршілік қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау және энергетикалық, инженерлік, көлік, су шаруашылығы инфраструктурасының үйлестірілген дамуын қамтамасыз ету.
Ауданның дамыған көлiк инфрақұрылымын құрастыру.
Тұтынушыларды тиісті сападағы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі жұмыс істеуінің және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметінің тиімділігін арттырудың сенімділігі.
Қоныстандырудың тиімді жүйесін қалыптастыру, тұрғындарды экономикалық болашағы бар, тіршілік қызметі үшін қолайлы аумақтарға шоғырландыру арқылы жаңа аумақтарды құру және Мұнайлы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру, елді мекендердің аумақтарындағы санитарлық және эстетикалық жағдайларды жақсарту.
Тұрақты экологиялық жағдайды қамтамасыз ету, табиғи кешеннiң өсiмге арналған потенциалының сақтауын және қоғамның тiршiлiк әрекетi үшiн қолайлы қоршаған ортаның сапасын жақсарту.
Мемлекет саясатын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіруді жақсарту, аймақ экономикасының бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жергілікті өзін-өзі басқару құрылымын дамыту.
|
Нысаналы индикторлар
|
Өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі
Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлемінің индексі
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің индекстері
Өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлемінің индексі
Шағын кәсіпорындардың өндірген өнімі мен көрсетілген қызмет көлемі
Бөлшек сауда қызметі түрімен сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем емес сауда обьектілерінің санын ұлғайту
Бөлшек тауар айналымының нақты көлемінің
Жалпы өңірлік өнімнің негізгі капиталына инвестициялар үлесі
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемінің индексі
Өткен жылмен салыстырғанда үш ауысымдық және авариялық мектептер санының
Үш ауысымдық және авариялық мектептердің орнына пайдалануға берілген жаңа мектептердің
Халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың (ғылыми жобалардың), ғылыми жарыстардың жеңімпаздары болып табылатын оқушылар саны
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жалпы сатып алу көлемінде қазақстандық қамту үлесін арттыру
Халықтың білім берудің қолжетімділігі мен сапасына қанағаттану деңгейі
Балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту
Мектепке дейінгі (3-6 жас) білім алуға мұқтаж балалар санын төмендету үшін ашылған жаңа орындардың үлесі
Типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу үлесі
Жастарды техникалық және кәсіптік білім берумен қамту үлесі
Халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасының қанағаттандырылу деңгейі
Халықтың өмір сүру ұзақтығы
1000 адамға шаққандағы жалпы өлімнің төмендеуі, (адам).
Ана өлімін төмендету
Бала өлімін төмендету және тұрақтандыру (1000 тірі туған нәрестеден 2 жастан 5 жасқа дейін)
Қанайналымы жүйесі ауруларынан болатын өлімді төмендету, (100 мын тұрғынға).
Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім
Ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі
Күнкөріс деңгейінің шамасы
Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған адамдардың үлес
Жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу үшін жүгінген еңбекке жарамды жастағы жұмысқа орналастырылған мүгедектердің саны
Аудан халқының мәдениет саласы қызметінің сапасына қанағаттану деңгейі
Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі
Ауданда өткізілген әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар саны
Барлық жастағы тұрғындарды дене шынықтыру мен спорт пен жүйелі түрде шұғылданумен
Азаматтық қоғам институттары мен мемлекет арасында қарым-қатынасты оң бағалайтын тұрғындар үлесін ұлғайту
Тұрғындардың құқық қорғау органдарына сенімі
Төтенше жағдайлардан болған адами және материалдық шығындар
Байланыс және коммуникация саласының сапасына халықтың қаңағаттану деңгейі
Құрылыс жұмыстарының нақты көлемі млн. теңге
Аудан көлеміндегі автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттарлық күйі
Тұтынушылардың ЖКХ қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі
Жылумен жабдықтау қызметімен қамтамасыз ету деңгейі
Үдемелі қорытындылар мен жоғары әлеуеті дамыған АЕМ саны
Тұрмыстық қалдықтарды шығару
Әлеуметтік мазмұндағы көрсететін қызмет сапасына халықтың қанағаттануы
|
Қаржыландыру көлемі мен қаржыландыру көздері
|
Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың меншікті қаражаттары, несие қаражаттары
Қаржыландыру көлемдері:
2015 жыл – 2 955 334,0
2016 жыл – 3 888 200,0
2017 жылы – 7 870 290,0
2018 жылы – 8 473 104,0
2019 жылы – 5 910 725,0
2020 жылы – 194 688,0
Барлығы –мың тенге
|
2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1. Аумақ дамуының жалпы сипаттамасы
Мұнайлы ауданы 2007 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Президентінің Жарлығымен құрылған. Ауданның аумағы 492,2 мың га. (Маңғыстау облысы аумағының жалпы ауданының (16 564,2 мың га) 3%). Ауданның құрамына 7 ауыл, ауылдық округ кіреді: Маңғыстау ауылы, Баянды ауылы, Қызылтөбе ауылдық округі, Дәулет ауылдық округі, Атамекен ауылдық округі, Басқұдық ауылдық округі және Батыр ауылдық округі. Аудан орталығы – Маңғыстау ауылы. Тұрғындардың жалпы саны – 135,6 мың адам, тұрғындардың негізгі бөлігін оралмандар құрайды.
Маңғыстау ауылында Маңғыстау темір жол бөлімі қызмет етеді. Аудан тұрғындарының басым көпшілігі Ақтау қаласында өндірістерде және жеке шаруа қожалықтарында жұмыс істейді.
Мұнайлы ауданы шөлейтті аймаққа жатады. Аудан Маңғыстау облысының батыс бөлігінде Меловой мүйісінде Ақтау қаласы жерлерінің солтүстік және солтүстік шығысында орналасқан. Мұнайлы ауданы Каспий теңізінің солтүстік жағалауында, Маңғышлақ үстіртінің батыс бөлігінде орналасқан.
Сурет 1. Маңғыстау облысы аудандарының жер көлемі (га)
Сурет 2. Мұнайлы ауданы: ауыл, ауылдық округтер жер көлемі(га)
Демографиялық потенциал. Халық саны 135,6 мың адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,9 мың адамға өскен, соның ішінде ішкі және сыртқы демографияның есебінен-3 592 адам; (Түркменстан-445, Өзбекстан- 910, 1824 адам ішкі демография есебінен).
Достарыңызбен бөлісу: |