Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. «Инновациялық жоба» дегеніміз не?
2. Инновациялық жобаның құрылымын атаңыз?
3. Инновациялық жобалардың қандай түрлері бар?
4. Инновациялық жобаны әзірлеу қандай процесс?
5. Инновациялық жобаны әзірлеу формалары қандай?
6. Инновациялық жобаның ерекшелігі?
7. Рay back period? Аverage rate of return? Debt cover ratio? Profitability index? Net present value? Internal rate of return?
8. Инновациялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері қандай?
ix тарау. Инновациялық қызметтегі тәуекелдер
9.1. Инновациялық қызметтегі тәуекелдердің сипаттамасы, түрлері
9.2. Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі тәуекелділікті азайту жолдары
9.1. Инновациялық қызметтегі тәуекелдердің сипаттамасы, түрлері
Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі.
Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс).
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын белгілі бір шекте болжамдау және тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады. Көбінесе тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі тәуекелдің сыныптамасына тәуелді. Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты тәуекелдер екі үлкен топқа бөлуге болады:
Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға мүмкіндік береді. Бұл тәуекел түрлеріне келесілер жатады:
табиғи
экологиялық
саясаттық
транспорттық
коммерциялық тәуекелдер бөлімі (мүліктік, өндірістік, саудалық).
Спекулятивтік тәуекелдер жағымды да, жағымсыз да нәтиже алу мүмкіндігімен сипатталады. Бұл тәуекел түрлеріне коммерциялық тәуекелдер бөлімі болып табылатын қаржы тәуекелдері жатады
Тәуекел белгісіздік шаруашылық етудің шарты екенінен кез келген шаруашылық шешімін орындау нәтижелерінің элементі болып табылады.
Кәсіпкерлік қызмет әрқашанда тәуекелмен бірге, ол факторлардың барлығымен негізделінген, олардың қызмет нәтижелеріне әсер етуін алдын ала дәл анықтауға болмайды.
Кәсіпкерлік тауарларға, ақшаға, өндіріс факторларына сұраныс-ұсыныстың тұрақсыздығынан, капиталдар қосымшасы саласының көп нұсқалығынан, бизнес және коммерция саласы туралы білімдердің шектеулігінен туындайтын экономикалық конъюнктураның белгісіздігімен байланысты.
Инновациялық кәсіпкерліктегі тәуекелді кәсіпкерлік фирмамен жаңа тауарларды және қызметті өндіруге, жаңа техниканы, технологияны әзірлеуге қаржылар салу кезінде пайда болатын шығын ықтималы ретінде анықтауға болады, олар нарықта күтілетін сұранысты таппауы мүмкін, сондай-ақ басқарушылық инновацияларды әзірлеуге қаржы салған кезде, олар күтілетін нәтиже бермейді.
Инновациялық тәуекел төмендегідей жағдайларда пайда болады:
тауар өндірудің арзанырақ әдісін енгізген кезде немесе бұрын пайдаланылатынмен салыстырғанда қызмет көрсеткен кезде;
жаңа тауарды құрған немесе қызметті ескі жабдықта көрсеткен кезде;
жаңа техниканың және технологияның көмегімен жаңа тауарды құрған немесе қызмет көрсеткен кезде.
Жалпы, инновациялық кәсіпкерлікте пайда болатын тәуекел өзіне төмендегі тәуекелдің негізгі түрлерін кіргізеді:
инновациялық жобаны қате таңдау тәуекелі;
инновациялық жобаны қаржыландырудың жеткілікті деңгейімен қамтамасыз етпеу тәуекелі;
инновациялық жобаны жүзеге асыру үшін қажет ресурстармен ағымдағы жабдықтаудың маркетингтік тәуекелдері;
шаруашылық шарттарын (келісім-шарттарын) орындамау тәуекелі;
аяқ астынан шығындардың пайда болу және табыстың төмендеу тәуекелдері;
бәсекелестерді күшейту тәуекелі;
кадрлармен қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейімен байланысты тәуекелдер;
инновациялық жобаға меншік құқығын қамтамасыз етумен байланысты тәуекелдер.
Инновациялық жобаны қате таңдау тәуекелінің пайда болу себебінің бірі кәсіпкерлік фирманың экономикалық және нарықтық стратегияның басымдылықтарын, сондай-ақ кәсіпорынның мақсаттарына жетуіне үлес қосуға қабілетті инновациялардың әртүрлі түрлерінің тиісті басымдылықтарын анықтау болып табылады.
Инновациялық жобаның мақсаттарын дұрыс таңдамау тәуекелінің пайда болуының келесі себебі тұтынушы нарығын қате бағалау болып табылады.
Инновациялық жобаны қаржыландырудың жеткілікті деңгейімен қамтамасыз етпеу тәуекелдеріне төмендегілер жатады:
Инновациялық жобаны әзірлеу үшін қажет қаражаттарды алмау тәуекелдері. Осы тәуекел инновациялық тәуекел ірі ақша қаражатын талап еткен, ал кәсіпорын оларды ала алмаған ситуация үшін тән.
Инновациялық жобаны қаржыландыру көзін таңдаған кезде кәсіпорында қаржыландырудың үш мүмкін нұсқасы болады:
жобаны өзін-өзі қаржыландыру;
қаржыландырудың сыртқы көздеріне тірек жасалады;
жоғарыда аталғандардың комбинациясын ұсынады. Тиісінше қаржы қаражатын алмау тәуекелі қаржыландыруды дұрыс таңдамау нәтижесінде пайда болады.
Шаруашылық шарты (келісім-шарттары) бойынша тәуекелдер инновациялық қызметте шарттарды жасау және орындау нәтижелерін талдау көрсеткендей, тәуекелдің бірнеше түрлері бар:
келіссөз жасағаннан кейін серіктестің шарт жасасудан бас тарту тәуекелі; шартты инновациялық фирмамен ең қолайлы не осы саланың кәсіпорны үшін кәдімгіден ажыратылатын шарттарда жасау тәуекелі;
шарттарды төлеуге шамасы келмейтін серіктестермен (контрагенттермен) жасау тәуекелі;
серіктестермен шарт міндеттерін белгіленген мерзімде орындамау тәуекелі, соның нәтижесінде жеткізу кестесін бұзумен, инновациялық жобаны жүзеге асыру үшін қажет жұмыстарды серіктестермен орындамаумен байланысты инновациялық кәсіпорындардың шығындары пайда болады;
үшінші тұлғаларға зиян келтіру тәуекелі, ол өзіне қоршаған ортаны ластау тәуекелін және инновациялық қызметті жүзеге асырған кезде азаматтарға рухани және материалдық зиян келтіру тәуекелі.
Инновациялық кәсіпорындардың (фирмалардың), ғылыми-зерттеу ұйымдарының бәсекелестігінің күшеюінен тәуекелдердің пайда болу себебіне төмендегілер жатады:
құпия ақпараттың не фирма қызметкерлерінің кінәсінен не бәсекелестермен қолданылған өнеркәсіптік тыңшылық нәтижесінде таралуы;
маркетингтік саясаттың мүлтіксіздігі;
бәсекелестермен салыстырғанда жаңа енгізілімдерді баяу енгізу;
өндірілетін тауарлардың ойда болмаған функциональды біркелкі жасандыларын салада ашу, онда осы фирма әрекет етеді.
Инновациялық жобаға меншік құқығын қамтамасыз етумен байланысты тәуекелдер әртүрлі себептер бойынша пайда болады.
Айталық, техникалық, дизайндық және маркетингтік шешімдерді патенттеу шарттарын қамтамасыз етпеу тәуекелі ойлап тапқандарды, технологияны жеткіліксіз «күшті» патенттік қорғау нәтижесінде пайда болады.
Инновациялық қызмет процесінде пайда болатын тәуекелдердің келесі тобы- бұл жабдықтаумен және өткізумен байланысты маркетингтік тәуекелдер. Осы тәуекелдер бірінші кезекте инновациялық жобаның техникалық ерекшеліктерімен негізделінген.
Әзірленген инновациялық жобаны өткізудің маркетингтік тәуекелдеріне төмендегілер жатады:
нарықты жеткіліксіз сегменттеу тәуекелі, ол көбіне жоғары сапалы және жоғары құнды жаңа тауарларды және қызметті әзірлеген және енгізген кезде пайда болады, нәтижесінде жорамал тұтынушылар оларды сатып ала алмайды, ал бұл өз кезегінде жаңа бұйымдарды жүзеге асыру көлемдеріне әсер етеді;
нарықтың мақсатты сегментін қате таңдау тәуекелі;
өткізу жүйесін және жаңа енгізілімді тұтынушыға жеткізу жүйесін сәтсіз таңдау себебінен жаңа енгізілімді сату стратегиясын қате таңдау тәуекелі;
жаңа тауарларға және қызметтерге не жетілдірілген сипаттамасы бар тауарларға тиімсіз жарнама жүргізу тәуекелі.
Жоғарыда қарастырылған тәуекел түрлерінен басқа инновациялық кәсіпорындардың қызметіне барлық кәсіпкерлік ұйымдары үшін тән тәуекелдер әсер етеді:
саяси
несиелік
инвестициялық және т.б.
9.2. Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі тәуекелділікті азайту жолдары
Инновациялық қызметтегі тәуекелді толық болдырмау мүмкін емес, өйткені инновациялар және тәуекел екі өзара байланысқан категориялар болып саналады. Жаңашыл қызмет белгісіздіктің жоғары дәрежесіне ие.
Сондықтан инновациялық кәсіпорындарға біріншіден инновациялық жобаларының бастапқы кезеңінде, жобаны іріктеу кезеңінде мүмкін қателерді болдырмау үшін мұқият талдау керек.
Тәуекелді төмендету тәсілдерінің бірі- ол бір-бірімен тікелей байланысы жоқ әртүрлі инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін әзірлеушілер және күрделі жұмсалымдар күштерін таратудан тұратын инновациялық қызметті диверсификациялау болып табылады.
Тәуекелді келісім-шарттар жасау жолымен беру- инновациялық қызмет тәуекелін азайтудың әдісі.
Егер инновациялық жоба бойынша қандай да бір жұмысты жүргізу мүлде тәуекелді және мүмкін тәуекелдің шамасы инновациялық кәсіпорын үшін қолайсыз болса, онда ол бұл тәуекелдерді басқа ұйымға бере алады.
Инновациялық қызмет тәуекелін беру ережедегідей, келісім-шарттардың төменде келтірілген типтерін жасау жолымен жүргізіледі:
Құрылыс келісім-шарттары.
Мұндай келісім-шарттарды жасаған кезде құрылыспен байланысты барлық тәуекелдерді өзіне құрылыс фирмасы алады.
Құрылыс фирмасы кездесетін және объектінің құнын ұлғайтатын тәуекелдерге:
материалдарды жеткізудегі жаңылыстар
нашар климаттық жағдайлар
көтерілістер
құрылыс материалдарын ұрлау және басқалары жатады.
Келісім-шартта әдетте объектіні уақытында өтемегені үшін айыппұл санкциялары жазылады, құрылыс кезінде конструкцияларға физикалық зақымдар тәуекеліне кім жауап беретіні анықталады.
Машиналарды және жабдықтарды (лизинг) жалға алу.
Жалға алынған мүлікті пайдаланумен байланысты тәуекелдердің жартысы жеке меншікте қалады.
Мысалы: тәуекел, жеке меншікті физикалық зақымдау, мүлікке салық мөлшерін ұлғайту, объектінің коммерциялық құндылығын төмендету тәуекеліне жалдау мерзімі шегінде жалдаушы жауап береді.
Бірақ тәуекелдің салмақты бөлігі жалдаушыға жалға беру шартында арнайы жазу жолымен беріле алады.
Жүктерді сақтауға және тасуға келісім-шарттар.
Осы жағдайда берілетін тәуекелдер көлемі шарт жасайтын тараптар статусына және шартта айтылған талаптарға байланысты. Өнімді сақтауға және тасуға шарт жасай отырып, кәсіпкерлік және инновациялық фирма көлік компаниясына негізінен кездейсоқ, не өнімнің бұзылуына көлік компаниясының кінәсі бойынша байланысты статистикалық тәуекелдерді береді. Осы ретте өнімнің нарықтық бағасының азаюымен байланысты пайда болатын шығындарды, тіпті егер бағаның мұндай төмендеуі жүкті жеткізуді тежеуден болса да, инновациялық компания жауап береді.
Сату, қызмет көрсету, жабдықтау келісім-шарттары.
Тауарларды және қызметтерді таратумен байланысты шарттар, сондай-ақ инновациялық кәсіпкерлік фирмаға тәуекелді оларды беру жолымен төмендету бойынша кеңінен мүмкіндіктер ұсынады. Келісім -шарттардың мұндай тобына жататындар:
қоймада төмендетілмейтін қалдықты қолдау жағдайында кәсіпорындарды инновациялық жобаны жүзеге асыру үшін қажет материалдармен, шикізатпен жабдықтау туралы келісім;
инновациялық жобаны жүзеге асыру үшін пайдаланылатын жабдықтарды жалға алу, оның техникалық қызмет көрсетуі және ағымдағы жөнделгені кепілімен;
пайдаланылатын жабдықтардың өндірістілігін (белгілі техникалық сипаттамалардың) қолдау кепілі;
инновациялық қызмет үшін қажет техникаға сервистік қызмет көрсетуге шарттар.
Факторинг шарттары (ақша талаптарына көнумен қаржыландыру).
Факторингтік операцияларда үш тарап қатысады: фактор – делдал, ол коммерциялық банк немесе өзге несие ұйымдары бола алады, сондай-ақ осындай қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар басқа коммерциялық ұйымдар бола алады; жеткізуші-кәсіпорын; сатып алушы-кәсіпорын; факторингтің негізгі принципі – фактор-делдалмен өзінің клиент-жеткізушісінен оның сатып алушыларына талаптарды сатып алу.
Нақты фактор-делдал дебиторлық борышты сатып алады, екі-үш күн ішінде талаптардың 70-80% аванс түрінде төлей отырып сатып алады. Қалған бөлігі банк клиентіне оның шотына сатып алушылардан түскеннен кейін төленеді.
Факторинг өзінің қарыз міндеттерін фактор-делдалға беретін инновациялық кәсіпкерлік фирмаға кәсіпорынның несие тәуекелін азайта отырып, барлық төлемдерді алуға жүз пайыздық кепіл алуға мүмкіндік береді.
Инновациялық жобаны жабдықтау тәуекелін инфляциялық күту және сатып алудың сенімді оперативті каналдарының жоқтығы жағдайында төмендететін биржалық мәмілелер, жабдықтау тәуекелдерін азайту осы жағдайда тәуекелді келесі жолдармен беру есебінен жүзеге асырылады:
инновациялық жобаны жүзеге асыру үшін қажет тауарларды және қызметтерді сатып алуға опциондар алу, сосын оларға болашақтағы бағасы ұлғаяды;
бағасы өсетін тауарларды сатып алуға фьючерстік келісім-шарттар жасау.
Инновациялық қызметтің тәуекелдерін төмендетудің маңызды әдісі оларды сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру – экономикалық қатынастар жүйесі, қаражаттың арнайы қорын (сақтандыру қорын) ұйымдастыруды және оны қолайсыз оқиғалармен (сақтандыру жағдайларымен) байланысты әртүрлі шығындарды, зияндарды сақтандыру өтемін және сақтандыру сомаларын төлеу жолымен жеңу және өтеу үшін пайдалану (бөлу және қайта бөлу).
Сақтандыруда екі тараптың болуы міндетті: тиісті қорды құрумен және пайдаланумен көретін арнайы ұйымдардың; сақтандырушы және қорға белгілі төлемдер салатын заңды және жеке тұлғалар, сақтандырушылар, олардың өзара міндеттері сақтандыру шартымен сақтандыру шартына сәйкес реттеледі. Тәуекелді берудің барлық формаларынан шартқа толық жауапты тәуекел трансферіне қойылатын сақтандыру алады, өйткені инновациялық фирманың шығындарын жабуға арналған ресурстар кез келген басқа көзге қарағанда сақтандыру ұйымдарынан алынады.
Тәуекелдің сақтандырылатын түрі олардың статистикалық заңдылығы болған жағдайда, яғни шығын ықтималы анықталған төтенше жағдайлар үшін тән.
Тәуекелді төмендетудің маңызды факторы кәсіпкерлік фирманың инновациялық қызметін жоспарлау және болжау болып табылады. Тиімді болжау және жоспарлау кәсіпкерге тәуекел деңгейін төмендете отырып, экономикалық ауытқуларға немесе нарық коньюнктурасын алдын ала көруге және икемделуге мүмкіндік береді. Кез келген кәсіпкерлік құрылым ішкі тәртіп оған сыртқы негативті әсерлерге қарсы тұруға мүмкіндік бергенде өте тұрақты болып саналады.
Кәсіпкерлік тәуекелді төмендетудің ішкі көздерінің бірі фирма қызметкерлерін (персоналын) мұқият іріктеу болып табылады. Кәсіпкерлік фирмада көп адам істеген сайын олардың әрқайсысымен қабылданған шешімнен тәуекел артық, сондықтан ұйым басшысына кадр мәселесіне үнемі назар бөлу керек.
Фирманың кәсіпкерлік қызметтің қандай түрімен айналысатына қарамастан кез келген істе жақсы персонал қажет.
Табысты қызмет үшін аса маңызды басқарудың барлық деңгейлерінің менеджментіндегі жағдайлары келесідей:
өзгерістерге қарсылықты бейтараптандыру,
әртүрлі бастамаларды ынталандыру.
Инновациялық фирманың әрбір маманы жауапты болуы және бастаманы белсендіру үшін мүмкіндігі болуы тиіс. Инновациялық кәсіпкерлік фирма басшысының негізгі міндеті – инновациялық шешімдерді қабылдауға тікелей орындаушылардың қатысуын кеңейту.
Кәсіпорында коммерциялық құпияны қорғауды ұйымдастыру инновациялық тәуекелді төмендету үшін аса маңызды. Кәсіпкерлік құпияны тиімді қорғау бірқатар шарттарды міндетті орындаған кезде мүмкін:
өндірістік, коммерциялық, қаржы мәселелерін шешудегі бірлік;
барлық деңгейдегі басшылардың құпия ақпараттарды сақтауды қамтамасыз ету үшін жеке жауапкершілігі;
арнайы іс жүргізуді, сақтау, коммерциялық құпияны жеткізушілерді тасу тәртібін ұйымдастыру;
коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттарға рұқсаты бар тұлғалардың санын оңтайлы шектеу;
ҒЗТКЖ процесінде жаңа бұйымдарды жобалаған, өнімді сынаған және өндірген, келісім-шарттарға қол қойған кезде, маңызды іскер жиналыстар жүргізген кезде коммерциялық құпияларды сақтау туралы талаптарды орындау;
ұйым аймағына сенімді күзеттің және кіргізу тәртібінің барлығы;
әзірлеудің жоспарлылығы және коммерциялық құпияны қорғау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру, қабылданатын іс-шаралардың тиімділігіне жүйелі бақылау;
коммерциялық құпияларды сақтау ережелерін орындаушыларды оқыту жүйелерін құру.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік фирманың басшысымен және қызметкермен келісім-шарт жасаған кезде коммерциялық құпияны таратпау бойынша міндеттеме енгізу қажет. Мұндай құжаттың барлығы кәсіпкерге – фирманың жеке меншігіне құпия ақпаратты таратушы кінәлі қызметкерлерге әртүрлі санкциялар қолдануға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның коммерциялық құпияларын қорғаудың маңызды бағыты кадр құрамының тұрақтылығы. Егер білікті мамандардың құрамы жоғары тұрақсыздықтан ауысса, фирманың құнды әзірлемелері бәсекелестердің тегін олжасы болады.
Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Тәуекел дегеніміз не? Оның қандай түрлерін білесіз?
Инновациялық тәуекел қандай жағдайларда пайда болады?
Инновациялық жобада тәуекелінің пайда болу себептері?
Инновациялық қызметтегі тәуекелділікті азайту жолдары атаңыз?
Инновациялық қызметтің тәуекелдерін төмендетудің маңызды әдісі қайсысы?
Кәсіпорында коммерциялық құпияны қорғауды ұйымдастыру қалай жүргізіледі?
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1.
|
И.Шумпетер жаңа өндірістік факторлар комбинациясының сұрақтарын қарастырып, инновациялық сұрақтардың дамуының неше өзгерісін атап көрсеткен
|
А
|
2
|
Б
|
7
|
В
|
3
|
Г
|
5
|
Д
|
4
|
2.
|
Инновация термині қай жылы пайда болған
|
А
|
1440
|
Б
|
1460
|
В
|
1444
|
Г
|
1442
|
Д
|
1443
|
3.
|
Стратегиялық жоспарлаудың неше мақсаты бар
|
А
|
7
|
Б
|
3
|
В
|
4
|
Г
|
5
|
Д
|
2
|
4.
|
Бір бірімен байланысқан инновациялық процестердің уақыт бойынша таралуы мен жалғасуының ұзақ мерзімді жоспары
|
А
|
Стратегия
|
Б
|
Тактика
|
В
|
Жоспар
|
Г
|
Инновация
|
Д
|
Инвестиция
|
5.
|
Сала, нарық, тұтынушылар ең алдымен ұйым үшін басқа құралдардың жаңалығымен ерекшеленетін ұйым мақсатына жетудің бір құралы
|
А
|
Инновациялық стратегия
|
Б
|
Инновациялық тактика
|
В
|
Өңірлік даму стратегиясы
|
Г
|
Инвестициялық тактика
|
Д
|
Аймақтық даму стратегиясы
|
6.
|
Өндірісі дамыған елдерде кәсіпорындарды қандай символмен белгілейді
|
А
|
6S
|
Б
|
5S
|
В
|
4S
|
Г
|
7S
|
Д
|
7С
|
7.
|
Инновациялық қозғалыс процесінде туындайтын инновациялар мен инновациялық процесстер мен қатынастар жүйесі
|
А
|
Инновациялық маркетинг
|
Б
|
Инновациялық менеджмент
|
В
|
Инновациялық стратегия
|
Г
|
Инновациялық тактика
|
Д
|
Инновациялық даму
|
8.
|
Инновациялық менеджменттің неше функциясы бар
|
А
|
6
|
Б
|
5
|
В
|
2
|
Г
|
3
|
Д
|
4
|
9.
|
ҚР-ның экономикасына сәйкес инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері
|
А
|
6
|
Б
|
12
|
В
|
9
|
Г
|
20
|
Д
|
10
|
10.
|
Инновацияға қол жеткізуге бағытталған ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжірибе-конструкторлық, маркетингтік зерттеулер мен жұмыстар кешенін жүргізу жоспарынан, сондай-ақ техникалық экономикалық көрсеткіштерден тұратын құжат
|
А
|
Инновациялық жоба
|
Б
|
Инновациялық бағдарлама
|
В
|
Инновациялық стратегия
|
Г
|
Инновациялық функция
|
Д
|
Инновациялық менеджмент
|
11.
|
Машина, жабдықтар, жылжымайтын мүліктер және негізгі капиталдың басқа да элементтерін сатып алуға қаржы бөлудің ерекше формасы
|
А
|
Оперативті лизинг
|
Б
|
Франчайзинг
|
В
|
Хайринг
|
Г
|
Рейтинг
|
Д
|
Лизинг
|
12.
|
Аренда кезінде жабдықты амортизациялауды көздейтін лизинг
|
А
|
Оперативті лизинг
|
Б
|
Қаржылық лизинг
|
В
|
Қарапайым лизинг
|
Г
|
Жасырын лизинг
|
Д
|
Оперативті және қаржылық лизинг
|
13.
|
Рейтинг және хайринг қай лизинг құрамы
|
А
|
Оперативті
|
Б
|
Жедел
|
В
|
Жасырын
|
Г
|
Қаржылық
|
Д
|
Жоспарлы
|
14.
|
Индустриалды- инновациялық даму стратегиясы қай жылдар аралығын қамтиды ?
|
А
|
2003-2015 жж.
|
Б
|
2003-2017 жж.
|
В
|
2001-2015 жж.
|
Г
|
2002-2015 жж.
|
Д
|
2000 – 2017 жж.
|
15.
|
1 күннен 1 жылға қысқа мерзімге мүлікті жалға алу
|
А
|
Қарапайым лизинг
|
Б
|
Оперативті лизинг
|
В
|
Хайринг
|
Г
|
Франчайзинг
|
Д
|
Рейтинг
|
16.
|
1 жылдан 3 жылға дейінгі орта мерзімге жалға алу
|
А
|
Лизинг
|
Б
|
Хайринг
|
В
|
Рейтинг
|
Г
|
Франчайзинг
|
Д
|
Оперативті лизинг
|
17.
|
Бірыңғай мақсатпен, міндеттермен, объектімен немесе аумақпен біріктірілген ресурстары, орындаушыларымен іске асыру мерзімдері бойынша келісілегн инновациялық жобалар мен іс шаралар кешені
|
А
|
Инновациялық бағдарлама
|
Б
|
Инновациялық жоба
|
В
|
Инновациялық стратегия
|
Г
|
Инновациялық функция
|
Д
|
Инновациялық менеджмент
|
18.
|
...- бұл экономиканың сапасы ғана емес, сонымен бірге номенклатурасы, сапасы мен бағасы бойынша жаһандық нарыққа қажетті өнімді өндіре білу
|
А
|
Инновациялық стратегия
|
Б
|
Инновациялық бағдарлама
|
В
|
Инновациялық жоба
|
Г
|
Бәсекеге қабілеттілік
|
Д
|
Бәсекелік экономика
|
19.
|
Қызметтің жаңаруы, яғни өндірісте тұтыну және жұмыскердің тәртібіндегі жаңару- бұл...
|
А
|
Қызмет сферасындағы маркетинг
|
Б
|
Қызмет сферасындағы инвестиция
|
В
|
Қызмет сферасындағы инновация
|
Г
|
Қызмет сферасындағы тұтыну
|
Д
|
Қызмет сферасындағы жаңа технология мен идея
|
20.
|
Еңбек ұжымының мүшелеріне тегін берілген немесе жеңілдік шартымен сатылатын және кейіннен жазылып, құқығын беретін бағалы қағаздар
|
А
|
Акция
|
Б
|
Фьючерс
|
В
|
Қарыз
|
Г
|
Несие
|
Д
|
Опцион
|
21.
|
Базистік активтердің болашақта тіркелегн бағамен сатуға және сатып алуға жасалған келісімдер
|
А
|
Фьючерс
|
Б
|
Қаржы
|
В
|
Несие
|
Г
|
Қарыз
|
Д
|
Опцион
|
22.
|
Инновациялық қызметтің жаңа немесе жетілдірілген өнім, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс түрінде іске асырылған нәтижесі
|
А
|
Инвестиция
|
Б
|
Инновация
|
В
|
Технология
|
Г
|
Жоба
|
Д
|
Бағдарлама
|
23.
|
Инновациялық қызметті дамытуға инновациялық жобалар мен инфрақұрылымды қаржыландыру, сондай-ақ ҚР-ның заңдарына сәйкес өзге де қызметтер көрсету арқылы жәрдесетін тұлға
|
А
|
Инновациялық стратегия
|
Б
|
Инновациялық жоба
|
В
|
Инновациялық жүйе
|
Г
|
Инновациялық қор
|
Д
|
Инновациялық бағдарлама
|
24.
|
Инновациялық қызмет субъектілеріне ғылыми, өндірістік, кадр жөнінде, заңдық, маркетингтік, лизингтік және өзге де қызмет көрсетулерді қамтамасыз ететін заңды тұлға
|
А
|
Технологиялық инкубатор
|
Б
|
Инкубатор
|
В
|
Технопарк
|
Г
|
Технополис
|
Д
|
Ғылыми орталықтар
|
25.
|
Инновациялық қызметтің көптеген түрлерін ұсынушы комплекс
|
А
|
Инкубатор
|
Б
|
Технопарк
|
В
|
Технополис
|
Г
|
Ғылыми орталықтар
|
Д
|
Технологиялық инкубатор
|
26.
|
Ғылыми-техникалық территориалды комплекс
|
А
|
Ғылыми орталықтар
|
Б
|
Технополис
|
В
|
Технопарк
|
Г
|
Технологиялық инкубатор
|
Д
|
Инкубатор
|
27.
|
Жеке қала негізінде құрылған ғылыми-өндірістік құрылым
|
А
|
Технопарк
|
Б
|
Ғылыми орталықтар
|
В
|
Технологиялық инкубатор
|
Г
|
Инкубатор
|
Д
|
Технополис
|
28.
|
Инкубациялық кезең неше жылды қамтиды
|
А
|
2-6
|
Б
|
2-4
|
В
|
2-5
|
Г
|
2-3
|
Д
|
2-7
| 29. |
Мемлекеттік даму институттары нешеу
|
А
|
15
|
Б
|
4
|
В
|
6
|
Г
|
3
|
Д
|
7
| 30. |
Мемлекеттік даму институттарын атаңыз
|
А
|
Қазақстанның инвестициялық қоры, Қазақстан даму банкі, Инновациялық қор, Экспортты сақтандыру корпорациясы
|
Б
|
Қазақстанның инвестициялық қоры, Инновациялық қор, Экспортты сақтандыру корпорациясы, Екінші деңгейлі банктер
|
В
|
Қазақстанның инвестициялық қоры, Қазақстан даму банкі, Инновациялық қор, Экспортты сақтандыру корпорациясы, Екінші деңгейлі банктер
|
Г
|
Қазақстанның инновациялық қоры, Қазақстан даму банкі, Инновациялық қор, Экспортты сақтандыру корпорациясы
|
Д
|
Қазақстанның инвестициялық-инновациялық қоры, Қазақстан даму банкі, Инновациялық қор, Экспортты сақтандыру корпорациясы, Екінші деңгейлі банктер
| 31. |
Жоғары технологиялы өндірістер құру саласындағы негізгі бағыттар нешеу
|
А
|
3
|
Б
|
6
|
В
|
4
|
Г
|
2
|
Д
|
5
| 32. |
Қазақстан Даму банкі неге маманданған
|
А
|
Жобаларды банкте кредиттеу
|
Б
|
Банкке жұмысқа орналасу
|
В
|
Жарғылық капиталға үлестік қатысу
|
Г
|
Өңірлерді дамытуға қатысу
|
Д
|
Гранттар, оның ішінде ғылыми мекемелерге гранттар беру және капиталға үлестік қатысу
| 33. |
Қазақстан инвестициялық қоры неге маманданған
|
А
|
Жарғылық капиталға үлестік қатысу
|
Б
|
Жобаларды банкте кредиттеу
|
В
|
Жобаларды ғылыми шетелдік ұйымдарға өткізу
|
Г
|
Гранттар, оның ішінде капиталға үлестік қатысу
|
Д
|
Барлық жауаптар дұрыс
| 34. |
Инновациялық стратегияның типтері нешеу
|
А
|
4
|
Б
|
5
|
В
|
3
|
Г
|
6
|
Д
|
2
| 35. |
Пайда болу, қорғаныс, имитация- бұл...
|
А
|
Инновациялық стратегияның типтік жіктелуі
|
Б
|
Инновациялық стратегияның жіктелуі
|
В
|
Инновациялық стратегияның мақсаттық жіктелуі
|
Г
|
Инновациялық стратегияның типтік негізделуі
|
Д
|
Инновациялық стратегияның типтік интеграциялануы
| 36. |
Өз қызметін кәсіпкерлік бәсеке принципіне негіздейтін фирмалар үшін тән
|
А
|
Позициялық типі
|
Б
|
Қорғаныс типі
|
В
|
Имитациялық типі
|
Г
|
Пайда болу типі
|
Д
|
Нарықтық типі
| 37. |
Фирманың бәсекелестік позициясын ұстап қалу үшін өмір сүріп жатқан нарықтарға тән
|
А
|
Нарықтық типі
|
Б
|
Пайда болу типі
|
В
|
Имитациялық типі
|
Г
|
Позициялық типі
|
Д
|
Қорғаныс типі
| 38. |
Күшті нарықтық және технологиялық позициялары бар фирмалармен пайдаланылады
|
А
|
Имитациялық типі
|
Б
|
Қорғаныс типі
|
В
|
Пайда болу типі
|
Г
|
Позициялық типі
|
Д
|
Нарықтық типі
| 39. |
Мұнда капитал, технология, адамдар сияқты шектелген ресурстарды пайдалану жоспарланады
|
А
|
Ресурстарды тиімді бөлу және пайдалану
|
Б
|
Ресурстарды тиімді бөлу
|
В
|
Ресурстарды тиімді пайдалану
|
Г
|
Ішкі ортаға бейімделу
|
Д
|
Сыртқы ортаға бейімделу
| 40. |
Сыртқы факторларды өзгертуге тиімді бейімделуді қамтамасыз ету
|
А
|
Капиталды тиімді бөлу
|
Б
|
Ресурстарды тиімді бөлу және пайдалану
|
В
|
Сыртқы ортаға бейімделу
|
Г
|
Ресурстарды тиімді пайдалану
|
Д
|
Ішкі ортаға бейімделу
| 41. |
Инновациялық стратегиялар жобалық, фирмалық және корпоративтік басқару үшін неше шартты құрайды
|
А
|
9
|
Б
|
6
|
В
|
8
|
Г
|
7
|
Д
|
4
| 42. | Нарықта бiрiншi болуға ұмтылатын кәсiпорын ұстанатын инновациялық стратегия |
А
|
Оппортунистiк
|
Б
|
Жаулап алу
|
В
|
Дәстүрлi
|
Г
|
Тәуелдi
|
Д
|
Имитациялық
| 43. | Бұл стратегияны ұстанған кәсiпорын көп шығынды талап етпейтiн нарықта жалғыз өзi үстемдiк етiн товарды iздейдi |
А
|
Тәуелдi
|
Б
|
Дәстүрлi
|
В
|
Оппортунистiк
|
Г
|
Имитациялық
|
Д
|
Жаулап алу
| 44. | Инновациялық жобаға қатысушыларды көрсетiңiз |
А
|
Барлық жауабы дұрыс
|
Б
|
Аудитор
|
В
|
Банк
|
Г
|
Инновациялық қор
|
Д
|
Инвестициялық қор
| 45. | Инновациялық жобаны жасаудың инвестициялау алдындағы фазасында жасалатын iс-әрекеттi көрсетiңiз |
А
|
Концепцияны iздеу
|
Б
|
Келiссөздер жүргiзу
|
В
|
Кәсiпорынды кеңейту
|
Г
|
Өндiрiс алдындағы маркетинг
|
Д
|
Персоналды оқыту
| 46. |
Ұйымдастыру дегеніміз не
|
А
|
Кең жоспарда тұтас бөліктер арасындағы өзара байланыстарды жетілдіруге жетелейтін процестердің немесе әрекеттердің жиынтығы
|
Б
|
Кең жоспарда жеке бөліктер арасындағы өзара байланыстарды жетілдіруге жетелейтін процестердің немесе әрекеттердің жиынтығы
|
В
|
Кең жоспарда тұтас бөліктер арасындағы өзара байланыстарды жеделдетуге жетелейтін прогресстердің немесе әрекеттердің жиынтығы
|
Г
|
Кең жоспарда тұтас бөліктер арасындағы өзара байланыстарды жетілдіруге жетелейтін прогресстердің немесе әрекеттердің жиынтығы
|
Д
|
Кең жоспарда жеке бөліктер арасындағы өзара қарама-қайшылықтарды жеделдетуге жетелейтін прогресстердің немесе іс-әрекеттердің жиынтығы
| 47. |
Инновацияны ұйымдастырудың неше принциптік аспектісі бар
|
А
|
4
|
Б
|
5
|
В
|
3
|
Г
|
6
|
Д
|
2
| 48. |
Инновациялық менеджменттің неше сатысы бар
|
А
|
6
|
Б
|
10
|
В
|
8
|
Г
|
7
|
Д
|
9
| 49. |
Инновацияларды басқару бағдарламаларын әзірлеу және көзделген жұмысты орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру- бұл...
|
А
|
Инновациялық менеджментті ұйымдастырудың кезеңі
|
Б
|
Инновациялық менеджментті ұйымдастырудың мақсаты
|
В
|
Инновациялық менеджментті ұйымдастырудың функциясы
|
Г
|
Инновациялық менеджментті ұйымдастырудың міндеттерінің бірі
|
Д
|
Инновациялық менеджментті ұйымдастырудың құрылымы
| 50. |
Инновациялық менеджменттің ұйымдық құрылымдары нешеу
|
А
|
4
|
Б
|
5
|
В
|
7
|
Г
|
3
|
Д
|
2
| 51. |
Ғылыми зерттеулермен айналысатын ұйым
|
А
|
Инновациялық менеджменттің ұйымдық құрылымы
|
Б
|
Инновациялық менеджменттің ұйымдық-экономикалық құрылымы
|
В
|
Инновациялық менеджменттің ұйымдық мақсаты
|
Г
|
Инновациялық менеджменттің ұйымдық шарты
|
Д
|
Инновациялық менеджменттің ұйымдық фазасы
| 52. | Инновациялық ұйымдар нешеге жіктеледі |
А
|
4
|
Б
|
10
|
В
|
7
|
Г
|
6
|
Д
|
8
| 53. | ҒТП макродеңгейдегі жоспары неше бөлімдерден тұрады |
А
|
3
|
Б
|
9
|
В
|
7
|
Г
|
5
|
Д
|
4
| 54. | Меншiк түрлерiне қарай инновациялық қызметтi қаржыландыру көздерi нешеге бөлiнедi? |
А
|
7
|
Б
|
4
|
В
|
3
|
Г
|
2
|
Д
|
6
| 55. | Жобалық қаржыландыру ерекшелiгi |
А
|
Тек коммерциялық сұраныс қалыптасқан өнiмдерге ғана қатысты пайдаланылады
|
Б
|
Техникалық-экономикалық негiзделген жобаларға пайдаланылады
|
В
|
Тұтыну қасиетi жоғары жобаларға пайдаланылады
|
Г
|
Дұрыс жауабы жоқ
|
Д
|
Кез келген жағдайда пайдалануға болады
| 56. | Инновациялық қызметтегi тәуекелдiлiктi төмендету жолдары |
А
|
Сақтандыру, әртараптандыру, ақпарат жинау, бөлу
|
Б
|
Әртараптандыру
|
В
|
Ақпарат жинау
|
Г
|
Бас тарту, бөлу
|
Д
|
Болжау, бас тарту
| 57. | Жапонияда кең тараған инновацияны қаржыландыру формасы |
А
|
Корпоративтiк
|
Б
|
Венчурлiк
|
В
|
Жобалық
|
Г
|
Ұйымдық
|
Д
|
Техникалық
| 58. | Жапониядағы өндiрiстi дамытудың инновациялық бағытының бiрi |
А
|
Ассоциациялар құру
|
Б
|
Жеке кәсiпорындарды бiрiктiру
|
В
|
Ұйымда техниканы жетілдіру
|
Г
|
Ірі кәсіпорындардың технологиясын жаңарту
|
Д
|
Ірi кәсiпорындарды жекешелендiру
| 59. | Инновацияны қаржыландырудың бұл формасында инвесторлар ел үкiметi, халықаралық қаржы институттары, коммерциялық банктер, отандық кәсiпорындар болуы мүмкiн |
А
|
Жобалық қаржыландыру
|
Б
|
Банктік қаржыландыру
|
В
|
Акционерлiк қаржыландыру
|
Г
|
Гранттық қаржыландыру
|
Д
|
Шетелдік компаниялар арқылы қаржыландыру
| 60. | Мемлекеттiк инвестициялық ресурсқа жататынын көрсетiңiз |
А
|
бюджет қаржылары
|
Б
|
жеке кәсiпорынның пайдасы
|
В
|
жеке кәсiпорынның акция сатудан түскен түсiмдерi
|
Г
|
барлық жауабы дұрыс
|
Д
|
дұрыс жауабы жоқ
| 61. | Инновация объектiлерiн көрсет |
А
|
барлық жауабы дұрыс
|
Б
|
өнiм, технологиялық процесс
|
В
|
Материалдар
|
Г
|
өндiрiс құралдары, әлеуметтiк сала
|
Д
|
адам факторы
| 62. | Мемлекет жеке адамға беретiн және оның интеллектуалдық меншiктi белгiленген мерзiм бойы ерекше пайдалану құқығының мойындалуын растайтын құжат |
А
|
Патент
|
Б
|
Лицензия
|
В
|
авторлық куәлiк
|
Г
|
дұрыс жауабы жоқ
|
Д
|
барлық жауабы дұрыс
| 63. | Бұл оның иесiнiң сол интеллектуалдық меншiк иесi екенiң растайтын құжат |
А
|
Ноу-хау
|
Б
|
Патент
|
В
|
Лицензия
|
Г
|
барлық жауабы дұрыс
|
Д
|
авторлық куәлiк
| 64. | Инновациялық жобаны жасаудағы тұтыну фазасында жүзеге асырылатын iс-әрекеттердi көрсетiңiз |
А
|
келiссөздер жүргiзу, инженерлiк жобалау,тұтынуға беру
|
Б
|
ауыстыру, инновация, кеңейту
|
В
|
персоналды оқыту, концепцияны iздеу, жобаны дайындау
|
Г
|
жобаны қалыптастыру, шешiм қабылдау
|
Д
|
барлық жауабы дұрыс
| 65. | Инновациялық жобаны жасаудағы инвестициялық фазада жүзеге асырылатын iс-әрекеттердi көрсетiңiз |
А
|
ауыстыру, инновация,кеңейту
|
Б
|
келiсiм шарт жасау, құрылыс, персоналды оқыту
|
В
|
концепцияны iздеу, жоба дайындау
|
Г
|
жобаны техника-экономикалық бағалау
|
Д
|
шешiм қабылдау
| 66. | Инновациялық стратегияны жоспарлаушылар мен жүзеге асырушылардың сипаттамалары бойынша қалай жiктейдi? |
А
|
институционалдық және орталық
|
Б
|
дәстүрлi және оппортунистiк
|
В
|
иммитациялық және қорғаныс
|
Г
|
тәуелдi және жаулап алушы
|
Д
|
Дәстүрлі және қарапайым
|
67.
|
Нарықтың жаңа немесе радикалды ,қайта құрылған сегменттерiне маманданған фирмалар
|
А
|
Венчурлер
|
Б
|
Патиенттер
|
В
|
Виоленттер
|
Г
|
экплеренттер
|
Д
|
Патенттер
|
68.
|
Бұл нарықтың тар сегментiне жұмыс жасаушы фирмалар
|
А
|
Виоленттер
|
Б
|
Венчурлер
|
В
|
Патиенттер
|
Г
|
Фьючерстер
|
Д
|
Экплеренттер
|
69.
|
Стратегиясы әлдi, бизнестiң стандартты, iрi сфераларында әрекет ететiн фирмалар
|
А
|
Экплеренттер
|
Б
|
Венчурлер
|
В
|
Патенттер
|
Г
|
Виоленттер
|
Д
|
Патиенттер
|
70
|
Ұйымның болашағын анықтайтын стратегиялық фактор, себебі, тек адамдар ғана жұмысты орындайды, идеяларды ұсынады және кәсіпорынның әрі қарай дамуына мүмкіншілік береді
|
A
|
Персонал
|
Б
|
Кадрлар
|
В
|
Агент
|
Г
|
Тұтынушы
|
Д
|
Әріптес
|
71
|
Іс - әрекеттің функционалды ортасы, оның мәнісі – кәсіпорынды керек уақытта, қажетті мөлшерде және талап етілетін сапада кадрмен қамтамасыз ету,оларды дұрыс орналастыру және ынталандыру
|
A
|
Персоналды басқару
|
Б
|
Персоналды реттеу
|
В
|
Персоналды дамыту
|
Г
|
Персоналды жоспарлау
|
Д
|
Персоналды жетілдіру
|
72
|
Кәсіпорынның тиімді әрекет етуі мен ондағы жұмыс істейтіндердің жан – жақты дамуын қамтамасыз ету. мақсатында жұмыскердің еңбек ету саапсын пайдалану үшін жағдай жасау, кәіспорын деңгейіндегі жұмысшы күшін қалыптастыру, бөлу, қайта бөлу процестеріне өзара байланысқан ұйымдастырушы - экономикалық және әлеуметтік шаралардың көмегімен жүйелі, жоспарлы түрде ұйымдастырылған әсері.
|
A
|
Персоналды басқару мазмұны
|
Б
|
Персоналды реттеу мазмұны
|
В
|
Персоналды дамыту мазмұны
|
Г
|
Персоналды жоспарлау мазмұны
|
Д
|
Персоналды жетілдіру мазмұны
|
73
|
Нақты бір операцияға тәуекел қабылеттілігі.
|
A
|
Саяси тәуекел
|
Б
|
Үнемі тәуекел
|
В
|
Транспорттық тәуекел
|
Г
|
Қаржылық тәуекел
|
Д
|
Экономикалық тәуекел
|
74
|
Тәукелділік кезінде кәсіпкерлік қызметтің ықтималдылығы 0 – ге тең болады.
|
A
|
Қиын тәуекел
|
Б
|
Апаттық тәуекел
|
В
|
Аралас тәуекел
|
Г
|
Саяси тәуекел
|
Д
|
Экономикалық тәуекел
|
75
|
Инновация ұғымын енгізген ғалым
|
A
|
Д.Рикардо
|
Б
|
А.Смит
|
В
|
И.Шумпетер
|
Г
|
К.Маркс
|
Д
|
Т.Веблен
|
76
|
Ресурстарды тиімді бөлу, пайдалану және сыртқы ортаға бейімделу- бұл...
|
A
|
Стратегиялық жоспарлаудың негізгі циклдері
|
Б
|
Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты және мәні
|
В
|
Стратегиялық жоспарлаудың негізгі функциясы
|
Г
|
Стратегиялық жоспарлаудың негізгі принциптері
|
Д
|
Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты
|
77
|
Инновациялық стратегияның неше классификациясы бар
|
A
|
9
|
Б
|
5
|
В
|
6
|
Г
|
3
|
Д
|
2
|
78
|
Инновация неше жылға жасалады
|
A
|
6-10-15
|
Б
|
5-10-15
|
В
|
5-11-15
|
Г
|
3-10-15
|
Д
|
5-10-16
|
ГлОССАРИЙ
Ғылыми-техникалық прогресс
|
ғылымның, техниканың және технологияның озат жетістіктерінің пайда болуы, оларды өндіріске шығарылатын өнім сапасын және тиімділігін арттыру мақсатында енгізу.
|
Ғылыми-техникалық революция
|
өндіріс күштерінің жаңаны өте терең қасиеттерімен және табиғат заңдарымен ұғынуы және игеруі, ғылымның, техниканың және өндірістің өзара әрекеттерін күшейту, ғылымды тікелей өндіріс ортасына интенсивті айналдыру процесі негізінде түбімен қайта құру.
|
Микродеңгейдегі ғылыми-техникалық саясат
|
бұл нысаналы ғылыми зерттеулерді жүргізу, жаңа техниканы және технологияны енгізу, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру, кәсіпорынның орта мерзімді және ұзақ мерзімді стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған бәсекеге жарамды өнімдерін шығару жөніндегі экономикалық негізделген іс-шаралар кешені.
|
Инновациялық менеджмент
|
бұл инновацияларды, инновациялардың қозғалыс процесі кезінде пайда болатын инновациялық процесті және қатынастарды басқару жүйесі.
|
Эксплеренттер
|
нарықтың ескі сегменттерінің жаңасын құруға мамандандырылатын немесе радикалды түрлендіретін фирмалар. Олар жаңалықты нарыққа жылжытумен айналысады.
|
Технологиялық инкубаторлар
|
инновациялық қызмет субъектілеріне ғылыми, өндірістік, кадр жөнінде заңдық, маркетингтік, лизингтік және өзге де қызмет көрсетулерді қамтамасыз ететін заңды тұлға.
|
Технополис
|
жеке қала негізінде құрылған ғылыми-өндірістік құрылым.
|
Технопарк
|
ғылыми-техникалық территориалды комплекс. Негізгі мақсаты- шағын бизнес фирмаларының қызмет етуіне тиімді, ыңғайлы жағдай қалыптастыру.
|
Инкубатор
|
инновациялық қызметтің көптеген түрлерін ұсынушы комплекс, ол бір немесе бірнеше ғимаратты алып тұрады, ал шағын инновациялық фирмалар осы ғимарат ішінен белгілі бір территорияларды жалға алып қызметін бастайды.
|
Мотивация
|
бұл жеке тұлғаны немесе топты ішкі немесе сыртқы әсерлер ықпалнан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұйымның мақсатына жету процессі.
|
Тактика
|
бұл нақты жағдайларда қойылған мақсаттарға жету үшін нақты әдістер және тәсілдер.
|
Жүйе
|
(systema грекшеден – бөліктерден құралған тұтас) қандай да бір элементтерді біртұтасқа біріктіруді білдіреді.
|
Болжау функциясы
|
(грекшеден prognosis – алдын ала көру, болжау) инновациялық менеджментте басқару объектісінің тұтас және оның әртүрлі бөліктерінің техникалық-технологиялық және экономикалық жағдайын ұзақ болашаққа өзгертуді әзірлеуді қамтиды.
|
Ұйымдастыру функциясы
|
инновациялық менеджментте қандай да бір ережелер және процедуралар базасында инвестициялық бағдарламаны бірге жүзеге асыратын адамдарды біріктіруге келтіреді.
|
Реттеу функциясы
|
(латыншадан regulate – белгілі заңға, тәртіпке бағыну) инновациялық менеджментте техникалық-технологиялық және экономикалық жүйенің тұрақтылық жағдайына бұл жүйелер белгіленген параметрлерден ауытқыған кезде жету үшін басқару объектісіне әсер етуімен қорытындыланады.
|
Үйлестіру функциясы
|
(латыншадан со(п) – бастап, бірге, ordinatio – тәртіпте орналасқан) инновациялық менеджментте басқару жүйесінің барлық звеноларының, басқару аппаратының және жеке мамандардың жұмыстарының келісілгендігін білдіреді.
|
Ынталандыру функциясы
|
инновациялық менеджментте қызметкерлерді инновацияларды құру және жүзеге асыру жөніндегі өзінің еңбегінің нәтижелеріне қызығушылығын оятумен білдіріледі.
|
Жоспарлау функциясы
|
жоспар тапсырмаларын инновациялық процесте өндіру сияқты оларды тәжірибеде игеру шаралар кешенін қамтиды.
|
Инновация
|
инновациялық қызметтің жаңа немесе жетілдірілген өнім (жұмыс, көрсетілетін қызмет), жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс түрінде іске асырылған нәтижесі.
|
Тәуекел
|
табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупі.
|
Инновациялық стратегия
|
бұл ынталандыру жүйелерін қалыптастыру, ол рухани және материалдық әрекеттің арқасында күтілетін және логикалық инновациялық идеялардың, сондай-ақ ашуға алдын-ала қарастырылмайтын идеялардың пайда болуы.
|
Берілген тапсырмалардың жауаптары:
1.Г; 2.А; 3.Д; 4.А; 5.А; 6.Г; 7.Б; 8.В; 9.В; 10.А; 11.Д; 12.А; 13.А; 14.А; 15.Д; 16.Б; 17.А; 18.Г; 19.В; 20.Д; 21.А; 22.Б; 23.Г; 24.А; 25.А; 26.В; 27.Д; 28.Г; 29.Б; 30.А; 31.Д; 32.А; 33.А; 34.В; 35.А; 36.Г; 37.Д; 38.А; 39.А; 40.В; 41.Д; 42.Б; 43.В; 44.А; 45.А; 46.А; 47.В; 48.Д; 49.А; 50.Г; 51.А; 52.Д; 53.Б; 54.Г; 55.А; 56.А; 57.Б; 58.А; 59.А; 60.А; 61.А; 62.А; 63.Д; 64.Б; 65.Б; 66.А; 67.Г; 68.В; 69.Г; 70.А; 71.А; 72.А; 73.Г; 74.А; 75.В; 76.Д; 77.Г; 78.Б.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі:
Закон РК «Об инновационной деятельности» от 3.07.2002г.
«Гос.программа форсированного индустриально-инновационного развития на 2010-2014 гг.» Астана 19 март, 2010г.
«Карта индустриализации на 2010-2020 гг.» Астана 2009г.
«Концепция инновационного развития РК до 2020 г.» Астана 2011г.
Андиржанова Г.А. «Индустриально-инновационная политика РК» Учебное пособие. Алматы: «Экономика» 2011г.
Агеев А.И. Предпринимательство: проблемы собственности и культуры. М, Наука, 2001г.
Богокин А.Л. Стратегическое планирование и нововведения в корпорациях // Формирование стратегии и выбор приоритетов в научно-техническом развитии США //Сборник трудов ВНИИСИ, 2008
Горшков В.В., Кретова Е.А. Инновационные риски. СПб, 2006 г.
Инновационные процессы в менеджменте : сб. ст. VII междунар. науч.-практ. конф. - Пенза: Приволжский дом знаний, 2010г.
Кубаев К.Е. «Инновационный бизнес» Учебное пособие. Алматы: «Экономика» 2011г.
Лашкарева О.В. «Научно-технический прогресс и инновационная деятельность» Жезказган 2005г.
Инновационный процесс в странах развитого капитализма / Под. ред. Рудаковой И.Е., М.: Издательство МГУ, 2001г.
Кругликов А.Г. Системный анализ научно-технических нововведений. - Москва: Наука, 2001г.
Қосымша:
Гос.программа форсированного индустриально-инновационного развития на 2010-2014гг. (19 март, 2010г.)
«Карта индустриализации на 2010-2020гг.» Астана, 2009г.
Концепция инновационного развития РК до 2020г.
Программа государственной поддержке инновационной деятельности, 23 март, 2006г.
Краткий экономический словарь / Под. ред. Ю.А. Белика и др. М.: Политиздат, 2007г.
Научно-технический прогресс: Словарь / Сост. В.Г. Горинов, В.Ф. Хали-нов. М.: Политиздат, 2007г.
Акимов А.А., Гамидов Г.С., Колосов В.Г. Систематические основы инноватики. СПб.: Издательство “Политехника”, 2002г.
Дорофеев В.Д. Дресвянников В.А. Инновационный менеджмент. Пенза: изд-во Пензенского гос.ун-та. 2003г.
Ермасов, Сергей Викторович. Инновационный менеджмент : учебник для вузов / С. В. Ермасов. – М. : Высшее образование, 2007г.
Инновационный менеджмент. Концепции. Многоуровневые стратегии и механизм инновационного развития. Под ред. В.М.Аношина, А.А.Дагаева. – М.: Дело, 2006г.
Кенжегузин М.Б., Днишев Ф.М.,Альжанова Ф.Г. Наука и инновации в рыночной экономике: мировой опыт и Казахстан. – Алматы, ИЭ МОН РК, 2005г.
Логинов В. Инновационная политика: меры по активизации. 2001г.
Медынский В. Г. Инновационный менеджмент: Учебник / - М.: ИНФРА-М, 2007г.
Научно-технический прогресс и экономика: Учеб.пособие/ И.В.Сергеев, И.И.Веретенникова, А.И.Сергеев; Под ред. И.В.Сергеева. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2004г.
Научно-технический прогресс и экономика: учеб. пособие / И. В. Сергеев, И. И. Веретенникова, А. И. Сергеев. Под ред. И. В. Сергеева. М.: ТК Велби; Проспект, 2004г.
Научно-исследовательская деятельность подразделений научно-производственного комплекса СПбГПУ. СПб.: Издательство СПбГПУ, 2003г.
Оголева Л.Н. , Радиковский В.М. Инновационная деятельность предприятия: Учеб.пособие.М.: ФА, 2007г.
Пригожин А.И. Нововведения: стимулы и препятствия (социальные проблемы инновации). - Москва: Политиздат, 2009г.
По материалам Интернет-ресурса admhmao.ru
Рубашный, Владимир Станиславович. Инновационный менеджмент и интеллектуальная собственность : курс лекций В. С. Рубашный. – М. : ФУАинформ, 2007г.
Управление инновациями: в 3 кн. / под.ред. Ю.В. Шлепова. – М.: Высш.шк., 2003г.
Достарыңызбен бөлісу: |