КІРІСПЕ
ҒТП және инновациялық қызмет пәнінің мақсаты – дүние жүзілік және отандық ғылым жетістіктерін және ҒТП және инновациялық процесті басқару практикасын жинақтап қорыту, студенттерге, аспиранттарға, жас ғалымдарға инновациялық менеджментті меңгеруге көмек көрсету.
Мұнда ҒТП ұлттық экономиканы дамытуға арналған мәні мен маңызы қарастырылған; ғылыми-техникалық саясат макро-және микродеңгейде; материалдық және материалдық емес сипаттағы инновациямен байланысты мәселелер көрініс тапты; ҒТП және инновацияның болжау және жоспарлау мәселелері; жаңа техниканы және технологияны құруды және меңгеруді басқару мәселелері баяндалған; зерттеу жобаларын басқару ерекшеліктері көрсетілген; инновацияның және инновациялық қызметтің тиімділігін бағалау бағыттары қарастырылған.
Оқу құралы тоғыз тараудан тұрады. Әр тараудың соңында өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтары мен тест тапсырмалары берілген, олардың дұрыс жауаптары оқу құралының соңғы бетінде көрсетілген.
Бұл оқу құралында ғылыми-техникалық прогресс ұғымы, қазіргі жағдайда ҒТП маңызыдылығы және дамуына әсер ететін факторлар, макро және микродеңгейдегі ғылыми-техникалық саясат, инновациялық менеджменттің мәні, түрлері, инновациялық процесс және инновациялық менеджменттің ұйымдық құрылымдары, инновациялық даму стратегиясы яғни оның сипаты, жіктеу түрлері, ҒТП болжау және жоспарлау әдістері, ҒТП макро және микродеңгейде жоспарлау, жаңа өнімнің техникалық деңгейін және сапасын басқару, инновациялық ұйымдардағы персоналдарды басқару, инновациялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері, сонымен қатар инновациялық қызметтегі тәуекелдердің сипаттамасы, түрлері және кәсіпорынның инновациялық қызметтегі тәуекелділікті азайту жолдары қарастырылған.
Бұл оқу құралы барлық экономикалық мамандықтарға және көпшілік оқырмандарға арналып жазылған, сондай- ақ мемлекеттік тілдегі құнды оқу құралдарының бірі.
Бұл оқу құралы экономистерге, ЖОО-ның студенттеріне, магистранттарына, оқытушылар мен экономикалық мәселелерді зерттеумен айналысатын барлық оқырмандарға арнайы жазылған.
I тарау. Ғылыми-техникалық прогресс және ғылыми-техникалық саясаттың МАҢЫЗЫ
1.1 Ғылыми-техникалық прогресс және ғылыми-техникалық революция, олардың маңызы мен мәні
1.2. Қазіргі заманғы жағдайда ҒТП дамуына әсер ететін факторлар
1.3. Макро және микродеңгейдегі ғылыми-техникалық саясат: мазмұны, ерекшеліктері
1.1 Ғылыми-техникалық прогресс және ғылыми-техникалық революция, олардың маңызы мен мәні
«Ғылыми-техникалық прогресс- бір жағынан ғылыми жаңалықтардың және өнерлердің техника және технология деңгейіне үнемі әсерінде, екінші жағынан, жаңа аспаптар мен жабдықтарды, ғылыми зерттеулерде қолданылуында білінетін ғылым мен техниканың өзара байланысты дамуы».
Ю.А.Великтің редакциялық етуімен қысқа экономикалық анықтамада ҒТП және ҒТР мәні төмендегідей тұжырымдалады:
«Ғылыми-техникалық прогресс- ірі машина жасау өндірісі үшін тән ғылым мен техниканың өзара байланысқан дамуы»;
«Ғылыми-техникалық революция- өндіріс күштерінің жаңаны өте терең қасиеттерімен және табиғат заңдарымен ұғынуы және игеруі, ғылымның, техниканың және өндірістің өзара әрекеттерін күшейту, ғылымды тікелей өндіріс ортасына интенсивті айналдыру процесі негізінде түбімен қайта құру».
В.Я.Горфинкель, Е.М.Купряков: «ғылыми-техникалық прогресс- бұл ғылымды, техниканы, технологияны дамыту, еңбек құралдарын, өндіріс және еңбек нысандары мен әдістерін арттыру» деп түсінеді.
Б.А.Райсберг: «Ғылыми-техникалық прогресс- ғылымның, техниканың және технологияның озат жетістіктерінің пайда болуы, оларды өндіріске шығарылатын өнім сапасын және тиімділігін арттыру мақсатында енгізу. Қазіргі заманғы экономикалық теорияда «инновациялық процесс» атымен аталады.
Ғылыми-техникалық процесс деп Э.Мэнсилд өндіріспен байланысты білімдердегі процесті ұғынады, ол мүмкін және өндірістің жаңа әдістерін, қолда бар өнімдердің жаңа нұсқаларын және өнімнің мүлде жаңа түрлерін жасайды.
Ғылыми-техникалық прогресс және техникалық прогресс арасында айырмашылықтың барлығын ескеру керек. Техника- жұмыс істейтін жабдық және өндіріс әдістері. Демек, ғылыми-техникалық прогресс білімдерде процесті ұсынса, техникалық прогресс нақты қолданылатын жабдықтардың, бұйымдардың және ұйымдардың сипатының өзгеруінен тұрады.
Жалпы ғылыми-техникалық прогресс- бұл еңбек құралдары мен қаруларын, технологияны, өндірісті және еңбекті ғылымның жеткізілген базасында (негізінде) арттырудың үздіксіз процессі деп тұжырым жасауға болады.
Ғылым тек XIXғ. машина өндірісінің дамуымен тікелей байланысты болды. Осы уақыттан бастап ғылым прогресі және техниканы дамыту ҒТП қайта өсті, бірыңғай жүйе қалыптастырыла бастады: «ғылым- техника- өндіріс- тұтыну».
ҒТП мақсаты- ұдайылылықтың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін жаңа енгізілімдердің санын өсіру емес, оның тарихи негізделген нысандарында арттыру.
ҒТП бес негізгі бағыттары:
1. өндірісті, компьютерлерді және роботтарды кеңінен қолдану базасында автоматтандыру және электрондау;
2. өндірісті, жаңа өнімді дайындауға жылдам және тиімді қайта құруға мүмкіндік беретін қалдықсыз және энергия жинақтайтын технологияларды, биотехнологияны дамытуды, қолайлы технологияны енгізуді кең пайдалану негізінде технологиялық бетбұрыс;
3. бәрінен бұрын жаңа атом реакторларын, ал болашақта- басқарылатын термоядролық синтезін пайдаланумен байланысты энергетикадағы революция;
4. алдын-ала берілген қасиеттермен материалдар алу: консервантты элементтен еңбек құралдары ең динамикалықтың біріне айналады;
5.биотехнология.
Американың ғалымы Ф.Линнің деректері бойынша жаңа енгізілімдерді меңгерудің орташа кезеңі: 1885жылдан бастап 1919 жылдары- 34 жыл, 1920 жылдардан бастап 1944 жылдары- 24 жыл, 1945 бастап 1964 жылдары- 19 жыл, ал ең перспективалы жаңалықтар үшін (электроника, атом энергиясы, лазерлер) – 3 жылдан 5 жылды құрады.
Макро-және микрореволюцияны ажыратады.
Макрореволюция нәтижелері ең маңызды түрде барлық қоғамдық өндірісті немесе көптеген оның салаларын қозғайды. Макрореволюцияға электрификация, радиофикация, ЭЕМ енгізу мысал бола алады.
Микрореволюция- олардың нәтижелері халық шаруашылығының немесе өнеркәсіптің жеке салаларын ғана қозғайды, мысалы: қара металлургияда болатты домнасыз алу, машина жасаудағы қолайлы өндірістік жүйелер, медицинада жүрек ауыстыру.
1.2. Қазіргі заманғы жағдайда ҒТП дамуына әсер ететін факторлар
Ғылыми-техникалық прогресс- бұл күрделі және көп қырлы, оны дамытуға білімдерінің маңызды ғылыми және тәжірибелік мәні бар көптеген факторлар әсер етеді. Тәжірибелік көзқарас тұрғысынан бұл факторларды, олардың ҒТП дамытуға әсер ету механизмін білу негізделген ғылыми-техникалық саясатты әзірлеу және ҒТП өте тиімді басқару үшін негіз болып табылады.
Фактор деп (латын сөзінен «factor»- істейтін, өндіретін) оның сипатын немесе жеке сипаттарын анықтайтын қандай да бір процестің, құбылыстың қозғалмалы күші, себебі деп түсіндіріледі.
Нарықтық қатынастар жағдайында ҒТП жеделдетуге әсер ететін барлық факторларды келесідей ұсынылған белгілер бойынша жіктеуге болады. Факторлардың әсер ету масштабтылығына байланысты төрт деңгейге бөлуге болады:
Макродеңгейде ҒТП жеделдетуге әсер ететін факторлар:
Ғылымды және техниканы дамытуға мемлекеттен бөлінетін қаражаттар көлемін;
Мемлекеттің ҒТП басқаруға қатысу дәрежесі;
Бірыңғай мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың бар болуы;
ҒЗЖ нәтижелеріне және жаңа енгізілімдерге сұраным;
Жастардың орта, орта арнайы және жоғары біліммен қамту дәрежесі;
Оқушыларды орта мектепте, сондай-ақ студенттерді орта және жоғары оқу орындарында дайындау деңгейі;
«Таза» бәсекенің болуы;
Мемлекетпен жүргізілетін экономикалық және әлеуметтік саясаттың тиімділігі;
Салық жүйесінің артықшылығы;
Елдегі саяси және әлеуметтік жағдай;
Инфляция деңгейі;
Ғылыми-техникалық қызмет саласында нормативтік базаның арттырылуы және толықтығы;
ҚР халықаралық ғылыми-техникалық байланыстарға қатысу дәрежесі;
Инвестициялық тәуекелдік деңгейі.
Салалық деңгейде ҒТП жеделдетуіне әсер ететін факторлар:
Салалық министрлігінің ҒТП басқаруға қатысу дәрежесі;
Салалық ғылыми-техникалық саясаттың бар болуы;
Саламен жүргізілетін амортизациялық және инвестициялық саясаттың тиімділігі және олардың жаңа техниканы жаңартуға және енгізуге бағытталу дәрежесі;
Саламен жүргізілетін экономикалық және әлеуметтік саясаттың тиімділігі;
Саланың инвестициялық тартымдылығы.
Аймақтық деңгейде ҒТП жеделдетуге әсер ететін факторлар:
Ғылымды және техниканы дамытуға аймақтық бюджеттен бөлінетін қаражаттар көлемін;
Аймақтық органдардың барлық жаңаны енгізуге қызығушылығы және қатысуы;
Аймақтағы саяси және әлеуметтік жағдай;
Аймақтың инвестициялық тартымдылығы;
Аймақты индустриялық дамыту дәрежесі;
Аймақта жүргізілетін инвестициялық саясат тиімділігі және оның жаңа техниканы және басқаларды жаңартуға және енгізуге бағытталуы.
Кәсіпорын деңгейінде ҒТП жеделдетуге әсер ететін факторлар:
Өндірісті техникалық қайта жарақтандыруға бағытталатын қаржы қаражаттарының көлемін;
Биліктің мемлекетпен және аймақтық органдарымен барлық жаңаны енгізуге, сондай-ақ жаңа және бәсекеге қабілетті өнімді шығаруда шаруашылық ететін барлық субъектілердің қызығушылығы үшін құрылған шарттар;
Кәсіпорынмен жүргізілетін экономикалық және әлеуметтік саясаттың тиімділігі;
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы;
Кәсіпорындағы менеджмент деңгейі, кәсіпорынның бірінші тұлғаларының жаңа енгізілімдерді енгізудегі маңыздылығын және қызығушылығын ұғынуы;
Кәсіпорынмен жүргізілетін амортизациялық және инвестициялық саясаттың тиімділігі;
Кәсіпорында экономикалық негізделген ғылыми-техникалық саясаттың бар болуы және басқалары.
ҒТП жеделдетуге әсер ету бағыттылығына байланысты барлық факторларды екі топқа біріктіруге болады:
ҒТП жеделдетуге оң әсер ететін – позитивтік: инфляция деңгейін төмендету; заңды және жеке тұлғалар үшін салық салымын төмендету; мемлекеттік бюджеттен ғылымды және техниканы дамытуға жеткілікті қаражат бөлу; елде игілікті инвестициялық климат.
ҒТП жеделдетуге теріс әсер ететін –негативтік: елде экономикалық дағдарыстың күшеюі; «таза» бәсеке үшін шарттардың жоқтығы; инфляция деңгейін арттыру; мемлекетті ҒТП басқарудан алып тастау.
Пайда болу сипатына байланысты ҒТП жеделдетуге әсер ететін барлық факторларды екі топқа бөлуге болады:
* объективтік пайда болуы адамзат қызметімен байланыспаған факторлар;
* субъективтік пайда болуы адамзат қызметімен, басқару негіздерімен байланысты факторлар.
1.3. Макро және микродеңгейдегі ғылыми-техникалық саясат: мазмұны, ерекшеліктері
Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың негізгі мақсаттары ғылыми-техникалық потенциалды дамыту, ұтымды орналастыру және тиімді пайдалану, ғылымды және техниканы мемлекет экономикасын дамытуға, материалдық өндіріс саласында түрлендіруге салымын ұлғайту, оның тиімділігін және өнімнің бәсекеге жарамдылығын арттыру, экологиялық жағдайды және жекелік, қоғам және мемлекет қауіпсіздігін қорғауды жақсарту, ғылымның және білімнің өзара байланысын оңайлату болып табылады.
И.В.Сергеев, И.И.Веретенникова, А.И.Сергеев макродеңгейде ұсынған бірыңғай ғылыми-техникалық саясат келесі блоктардан тұруы тиіс:
1 блок. Елде ҒТП жеделдету үшін қажет жағдайлар мен алғышарттар құру: ғылымды және техниканы дамыту үшін игілікті жағдайларды қамтамасыз ететін мемлекеттің ұйымдық, экономикалық, құқықтық және басқа шаралар кешені; ғылыми-техникалық қызметінде қажет нормативтік құжаттарды әзірлеу және бекіту; шетел инвестицияларын сырттан тарту үшін қажет жағдайлар жасау; ғылыми-техникалық қызметтер (банктер, сақтандыру компаниялары, венчурлік фирмалар, ақпараттық қамтамасыз ету) үшін қажетті инфрақұрылымдар құру;
2 блок. Ғылымды және техниканы дамытуда басымды бағыттарды таңдау, оларды экономикалық негіздеу. Бұл таңдау елді әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламасын, сондай-ақ ел үшін болашақ перспективада ҒТП жеке бағыттарының мәнділігін жүзеге асыру қажеттілігіне негізделеді;
3 блок. Мемлекеттік стандарттау және унификациялау жүйелерін жетілдіру. Бұл блокқа жаңа мемлекеттік стандарттарды әзірлеуді және әрекет етушілерді олардың ҒТП көбірек бейімделу жағын қайта қарауды, халықаралық стандарттарды өте кеңірек пайдалануды, стандарттау жүйелерін жетілдіруді және өнім сапасын басқару жатады;
4 блок. Маңызды ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру. Бұл блок байқау негізінде іріктеп алынған және жүзеге асыру, сондай-ақ оларды жүзеге асыру мерзімі үшін қабылданған маңызды ғылыми-техникалық бағдарламалардың, жобалардың тізімін кіргізеді;
5 блок. Бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты және оларды қаржыландыру көздерін жүзеге асыру үшін инвестициялардың қажетті көлемдерін қарастыру: бюджеттен инвестицияларды қаржыландыру көздері; инвестицияларды аймақтық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру көздері; ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыруға қатысатын заңды тұлғалардың қаражаттары; шетел инвестициялары;
6 блок. Ғылымды және техниканы дамытуды ынталандырудың мемлекеттік жүйелерін әзірлеу және жүзеге асыру. Бұл жүйеге: ҒЗЖ жүзеге асыратын принципті жаңа өнімді шығаратын, жаңа техниканы және технологияны енгізетін кәсіпорындар үшін салық жеңілдіктерін кіргізуі, несие ресурстарына жеңілдетілген және кепілдендірілген қол жеткізуді, ғылыми және қолданбалы зерттеулермен айналысатын ғалымдар мен мамандарды тиісті жалақылармен қамтамасыз етуді кіргізуі тиіс;
7 блок. Бірыңғай мемлекеттік техникалық саясаттың амортизациялық, инвестициялық, сондай-ақ елді әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламасымен өзара байланысын қамтамасыз ету;
8 блок. Ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асырудың ғылымды және техниканы дамыту деңгейіне, сондай-ақ елді дамытудың макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсер етуін талдау және бағалау;
9 блок. Бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты өзара байланысқа және бағыныштылыққа әзірлеу, бақылау және жүзеге асыру жөнінде органдар құру.
Микродеңгейдегі ғылыми-техникалық саясат бұл нысаналы ғылыми зерттеулерді жүргізу, жаңа техниканы және технологияны енгізу, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру, кәсіпорынның орта мерзімді және ұзақ мерзімді стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған бәсекеге жарамды өнімдерін шығару жөніндегі экономикалық негізделген іс-шаралар кешені.
Ғылыми-техникалық саясат кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылатынын ескеру қажет және ол оны жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Ғылыми-техникалық саясат микродеңгейде мына ұсынылған блоктардан тұруы тиіс:
1 блок. Ғылым мен техниканы салада дамыту болжамы;
2 блок. Ғылымды, техниканы және технологияны дамытудың басымды бағыттарын әзірлеу, оларды экономикалық негіздеу;
3 блок. Түбегейлі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;
4 блок. Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдірудің негізгі бағыттары, олардың экономикалық негіздемесі;
5 блок. Кәсіпорынның және өнімнің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету және арттыру;
6 блок. Патенттерді және лицензияларды сатып алу және сату;
7 блок. Ғылымды және техниканы дамыту үшін қажет инвестицияларға қажеттілігін анықтау және оларды қаржыландыру көзін қарастыру;
8 блок. Ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асырудың техникалық-экономикалық және кәсіпорын жұмысының қаржы нәтижелеріне әсерін талдау және бағалау.
Әрбір блоктың аты көбінде олардың әрқайсысының мәнін ашады. Микродеңгейде әзірленген ғылыми-техникалық саясат кәсіпорындағы ҒТП ұзақ мерзімді, орта мерзімді және жылдық жоспарларын әзірлеу үшін негіз болып табылады. Кәсіпорындағы ғылыми-техникалық саясат төмендегі міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс:
өндірістің техникалық деңгейін арттыру;
өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
кәсіпорынның және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
кәсіпорындағы барлық ресурстарды ұтымды пайдалану;
өндірістің тиімділігін арттыру;
кәсіпорынның ағымдағы жағдайда және болашақта тұрақты, жақсы қаржы жағдайын қамтамасыз ету.
Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Ғылыми-техникалық прогресс ұғымына қалай сипаттама берер едіңіз?
Ғылыми-техникалық саясат пен ғылыми-техникалық прогресс арасында айырмашылық барма?
Микродеңгейдегі ғылыми-техникалық саясат деген не?
ҒТП дамуына әсер ететін факторлар қандай?
II ТАРАУ. Инновациялық менеджменттің негізгі ұғымдары
2.1. Инновациялық менеджменттің мәні мен мазмұны
2.2. Инновацияның түрлері және олардың жіктелуі
2.3. Инновациялық процесс құрылымы
2.1. Инновациялық менеджменттің мәні мен мазмұны
Инновациялық менеджмент- бұл инновацияларды, инновациялардың қозғалыс процесі кезінде пайда болатын инновациялық процесті және қатынастарды басқару жүйесі.
Инновациялық менеджмент сатылары:
инновациялық процесс;
инновацияларды басқару мақсаттарын анықтау;
инновациялық менеджмент стратегиясын таңдау;
инновацияларды басқару тәсілдерін анықтау;
инновацияларды басқару бағдарламаларын әзірлеу;
бағдарламаны орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
алынған бағдарламаның орындалуын бақылау;
инновацияларды басқару тәсілдерінің тиімділігін талдау және бағалау;
инновациялық менеджмент тәсілдерін түзету.
Инновациялық менеджменттің басқару стратегиясы және тактикасы болады.
Стратегия алға қойылған мақсаттарға жету үшін жалпы бағытты және қаражаттарды пайдалану тәсілін анықтайды.
Тактика- бұл нақты жағдайларда қойылған мақсаттарға жету үшін нақты әдістер және тәсілдер. Инновациялық менеджмент тактикасының міндеті осы шаруашылық жағдайында ең қолайлы бұл шешімдерге жетудің оңтайлы шешімдері мен тәсілдерін таңдау өнері болып табылады. Инновациялық менеджментті басқару жүйесі ретінде қарастыруға болады.
Жүйе (systema грекшеден – бөліктерден құралған тұтас) қандай да бір элементтерді біртұтасқа біріктіруді білдіреді.
Инновациялық менеджментің функцияларының екі типін ажыратады:
басқару субъектісі:
болжау,
жоспарлау,
ұйымдастыру,
реттеу,
үйлестіру,
ынталандыру,
бақылау.
басқару объектісі:
күрделі жұмсалымның тәуекелдік салымы,
инновациялық процесті ұйымдастыру,
инновацияларды нарықта жылжытуды ұйымдастыру және оның диффузиясы.
Болжау функциясы (грекшеден prognosis – алдын ала көру, болжау) инновациялық менеджментте басқару объектісінің тұтас және оның әртүрлі бөліктерінің техникалық-технологиялық және экономикалық жағдайын ұзақ болашаққа өзгертуді әзірлеуді қамтиды.
Жоспарлау функциясы – жоспар тапсырмаларын инновациялық процесте өндіру сияқты оларды тәжірибеде игеру шаралар кешенін қамтиды.
Ұйымдастыру функциясы инновациялық менеджментте қандай да бір ережелер және процедуралар базасында инвестициялық бағдарламаны бірге жүзеге асыратын адамдарды біріктіруге келтіреді.
Реттеу функциясы (латыншадан regulate – белгілі заңға, тәртіпке бағыну) инновациялық менеджментте техникалық-технологиялық және экономикалық жүйенің тұрақтылық жағдайына бұл жүйелер белгіленген параметрлерден ауытқыған кезде жету үшін басқару объектісіне әсер етуімен қорытындыланады.
Үйлестіру функциясы (латыншадан со(п) – бастап, бірге, ordinatio – тәртіпте орналасқан) инновациялық менеджментте басқару жүйесінің барлық звеноларының, басқару аппаратының және жеке мамандардың жұмыстарының келісілгендігін білдіреді.
Ынталандыру функциясы инновациялық менеджментте қызметкерлерді инновацияларды құру және жүзеге асыру жөніндегі өзінің еңбегінің нәтижелеріне қызығушылығын оятумен білдіріледі.
Бақылау функциясы инновациялық менеджментте инновациялық процесті, жоспарды ұйымдастыруды тексерумен, инновацияларды құрумен және жүзеге асырумен қорытындыланады және т.с.с. бақылау арқасында инновацияларды пайдалану туралы инновациялардың өмірлік цикл барысы туралы ақпараттар жиналады, инвестициялық бағдарламаларға, инновациялық менеджментті ұйымдастыруға өзгерістер енгізіледі. Бақылау техникалық-экономикалық нәтижелерді талдауды болжайды.
2.2. Инновацияның түрлері және олардың жіктелуі
Инновация- инновациялық қызметтің жаңа немесе жетілдірілген өнім (жұмыс, көрсетілетін қызмет), жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс түрінде іске асырылған нәтижесі, сондай-ақ қоғамдық қатынастың әртүрлі саласында өндірістің және қоғамды басқарудың әртүрлі салаларына ықпал ететін ұйымдық-техникалық, қаржы-экономикалық және басқа да шешімдер.
Инновация сөзі 1440 жылы француз тілінен аударғанда «жаңғыру» немесе «жаңару», «зат жасаудың жаңа жолы» деген мағыналарды білдіретін «innvacyon» сөзінен пайда болған. Инновация ағылшын тілінен «innovation» аударғанда «жаңалық енгізу», «жаңару», «жаңашылдық» деген ұғымды білдіреді.
Инновация ұғымын экономикалық категория ретінде австриялық экономист Й.Шумпетер ғылыми айналымға енгізді. Ол жаңа өндірістік факторлар комбинациясының сұрақтарын қарастырып және инновациялық сұрақтардың дамуының өзгерісін атап көрсетті:
жаңа технологияны қолдану, технологиялық процестер немесе өндірісті жаңа нарықпен қамтамасыз ету;
өнімге жаңа қасиеттер енгізу; жаңа шикізат пайдалану;
ұйымдағы өндірісті өзгертіп, оны материалды-техникалық қамсыздандыру;
жаңа нарықтық өтімдердің пайда болуы.
Инновацияның барлық түрлерін белгілерінің тізімі бойынша классифициялауға болады:
* Жаңалық деңгейі бойынша:
радикалды (базистік) инновация ол техника мен технологияларды дамытуға бағытталған;
инновацияны жақсартатын орташа идеяларды іске асыру;
модификациялық инновация ескірген техника мен технологияны жақсартуға бағытталған.
* Қолдану объектісі бойынша:
өнімділік инновация-өндіріске және жаңа қызмет немесе жаңа материалдарды, жартылай фабрикаттарды қолдануға негізделген;
технологиялық инновация-жаңа технологияны қолдануға бағытталған;
процестік инновация-жаңа ұйымдық құрылымдар, яғни фирма ішінде және фирма арасындағы деңгейді функционирлеуге негізделген.
* Қолдану масштабы бойынша:
салалық,
салааралық,
аймақтық
кәсіпорын шеңберінде.
* Шығу себебі бойынша:
реактивті инновация-жаңалық реакциясы ретінде бәсекелестермен жүргізілетін фирманың өмір сүруін қамтамасыз ету;
стратегиялық инновация-бұл бәсекелік басымшылықтарды алу мақсатында жүзеге асырылатын инновация.
* Тиімділігі бойынша:
экономикалық,
әлеуметтік,
экологиялық.
П.Друкер инновациялардың төмендегідей түрлерін бөледі:
- күтпеген оқиғалар жатқан инновациялар (табыс, сәтсіздік немесе басқа күтпеген сыртқы оқиға);
- шындық және ол туралы көріністер арасында сәйкессіздік жатқан инновациялар;
- процесті қажетсінуге негізделген инновациялар;
- сала немесе нарық құрылымында өзгерістер нәтижесі болған инновациялар;
- демографиялық өзгерістерге негізделген инновациялар;
- қабылдауда, көңіл-күйінде және бағалы қондырғыларда өзгерістер жатқан инновациялар;
- жаңа білімдерге негізделген инновациялар.
В.В.Горшков және Е.А.Кретова инновациялардың жіктелу сызбасы ретінде екі белгіні пайдаланады: құрылымдық сипаттаманы және мақсатты өзгерістерді.
Э.А.Уткин, Г.И.Морозова, Н.И.Морозовалардың пікірлері бойынша инновациялардың жіктелу белгілері инновациялардың пайда болу белгілері, инновацияларды қосу мәні және саласы, қанағаттандырылатын қажеттіліктер сипаты болып табылады.
Құрылымдық жіктеу белгісі халық шаруашылық кешенінің қандай саласы үшін немесе экономикалық қатынастардың қандай саласы үшін осы ақпарат арналғанын көрсетеді.
Құрылымдық жіктеу белгісі бойынша инновациялар:
* өндірістік-сауда;
* әлеуметтік-экономикалық;
* қаржы;
* басқару болып бөлінеді.
2.3. Инновациялық процесс құрылымы
Инновациялық процесс ішкі пәндік логикаға және жаңа енгізілімді идеядан, құрудан бастап соңғы тұтынушыларға пайдаланғанға дейін таратуды өзгертудің белгілі тізбектігіне ие. Инновациялық процесс үнемі оны қоршаған ортаның – табиғат, техникалық, экономикалық, әлеуметтік, мәдениет сияқты әртүрлі жүйе тармақтарымен өзара әрекет етеді. Инновациялық процесс құрылымын талдаған кезде біз жаңа енгізілім уақыттың соңғы аралығы ішінде болатын процесс деп жорамалдаймыз, онда жаңа енгізілімді құруды және пайдалануды қамтамасыз ететін қызмет түрі бойынша ажыратылатын уақытпен тізбектік кезеңдер қатары бөлінеді. Бұл динамика өзіне жаңа енгізілімдердің «өмірлік циклін» ұсынады.
Инновациялық процесс құрылымын және құрамын талдаудың үлкен мәні бар. Оны бүтін жүйенің жүйе тармақтары және жеке элементтері ретінде бөлу жаңа енгізілімді табысты және коммерциялық жүзеге асыруға себебін тигізетін және кедергі жасайтын себептер мен факторларды ашу.
Білім алу, жаңа енгізілімді құру және пайдалану уақытты талап етеді және белгілі тізбектікте, кезеңдер қатарында жүзеге асырылады:
жаңа енгізілімдер концепциясының пайда болуы, олар іргелік және қолданбалы зерттеулердің, сондай-ақ «сәтті ашылу» немесе «кездейсоқ оқиғалар» нәтижесі болып табылады;
зерттеу кезеңі, оның нәтижесінде инновация инновациялардың (жаңа өнім, технология, қызмет) заттық табиғатына тән қандай да бір зат субстанциясына жүзеге асырылады. Бұл кезеңде жаңа енгізілім идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігі дәлелденеді; жаңа өнімді, әдісті немесе адамзат қызметінің басқа құралдарын енгізу кезеңі; инновацияларды диффузиялау кезеңі, ол жаңа енгізілімді әртүрлі салаларда кеңінен енгізуден және өрістетіп қолданудан тұрады; жаңа енгізілімді нақты салада, тұтыну саласында және адамзат қызметінде қолдануға үстемдік ету кезеңі; жаңа енгізілімді өте тиімді өнімге ауыстырумен байланысты масштабтарды қолдануды қысқарту кезеңі.
Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Инновациялық менеджмент дегеніміз не және оның қандай сатылары бар?
2. Инновациялық менеджмент функцияларының қанша типін ажыратуға болады?
3. Инновация ұғымы қашан пайда болған?
4. Инновацияның классификацияларын атаңыз?
III ТАРАУ. Инновациялық қызметті ұйымдастыру
3.1. Инновацияны ұйымдастыру ұғымы
3.2. Инновациялық менеджменттің ұйымдық құрылымдары
3.1. Инновацияны ұйымдастыру ұғымы
Ұйымдастыру кең жоспарда тұтас бөліктері арасындағы өзара байланыстарды ұйымдастыруға және жетілдіруге жетелейтін процестердің немесе әрекеттердің жиынтығын білдіреді.
Инновацияны ұйымдастыру үш принциптік аспектіде қарастырамыз:
жаңа енгізілімді әзірлеуді, енгізуді және өндіруді бірге жүзеге асыратын адамдардың бірігуі болып табылатын инновациялық қызмет;
инновациялық қызметте қажет функцияларды орындауға бағытталған ұйымдастыру процестері және әрекеттер жиынтығы;
оның элементтері және жүйелер тармақтары арасындағы өзара байланыстарды арттыру және жүйенің ішкі реттілігін қамтамасыз ететін құрылымдар.
Инновациялық менеджментті ұйымдастыру инновацияны құрған және жүзеге асырған кезде, яғни инновациялық процестің өзінде қолданылады.
Инновациялық процесс инновациялық менеджменттің амалдарын ары қарай пайдалану тиімділігіне байланысты қызметін атқарады. Ол инновацияның негізгі идеясын, жаңа өнімнің немесе жаңа операцияның жұмыс істеу спецификасын және тән қасиеттерін, оларды құру, нарықта жүзеге асыру және жылжыту ерекшеліктерін, тиімді жылжыту бойынша шаралар кешенін және нақты қаржы инновация диффузиясы үшін қандай амалдар қолдану керектігін анықтайды.
Инновациялық менеджментті ұйымдастырудың маңызды кезеңі инновацияларды басқару стратегиясын таңдау болып табылады.
Басқару стратегиясын дұрыс таңдаудан инновацияларды басқару амалдарын таңдау дұрыстығы, яғни олардың нәтижелілігін және тиімділігімен байланысты.
Инновациялық менеджментті ұйымдастырудың маңызды кезеңдері инновацияларды басқару бағдарламаларын әзірлеу және көзделген жұмысты орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады.
Инновациялық менеджментті ұйымдастырудың маңызды кезеңі сондай-ақ әрекеттің қойылған бағдарламаларының орындалуын бақылау болып табылады.
Инновациялық менеджментті ұйымдастырудың қорытынды кезеңі инновацияларды басқару амалдарын мүмкіндігінше түзету болып табылады.
3.2. Инновациялық менеджменттің ұйымдық құрылымдары
Инновациялық менеджменттің ұйымдық құрылымдары-инновациялық қызметпен, ғылыми зерттеулермен және әзірлеулермен айналысатын ұйымдар.
Ғылыми ұйым - ғылыми зерттеулер және әзірлеулер қызметтің негізгі түрі болып табылатын ұйымдар (мекеме, кәсіпорын, фирма). Ғылыми зерттеулер мен әзірлеулер- ұйымдар (мекемелер, кәсіпорындар, фирмалар) құрамында болатын бөлімшелер үшін негізгі қызмет бола алады.
Инновациялық ұйымдарды (ИҰ) жіктеудің әдістемелік негізі олардың қызметіндегі профиль, мамандандыру деңгейі, ИҰ жұмыс істейтін жаңа енгізілімдердің (инновациялардың) өмірлік цикл сатыларының саны және басқа аспектілер болып табылады. Жіктеудің негізгі тағайындалуы- оларды ақпараттық іздеу және басқа мақсаттар үшін автоматтандыру үшін ИҰ кодтау. ИҰ төмендегі белгілер бойынша жіктеу ұсынылады (кесте 3).
Кесте 3.
Инновациялық ұйымдарды жіктеу
Жіктеу белгісі
|
Инновациялық ұйымдар түрлері
|
1
|
2
|
1. Жаңа енгізілімнің жаңалық деңгейі
|
1.1 Радикальды жаңа енгізілімдер әзірлейтін инновациялық ұйым
1.2 Сондай ординарлы жаңа енгізілімдер
|
2.ИҰ мамандандырылу деңгейі
|
2.1 ТӨЦ немесе жаңа енгізілімнің өмірлік циклінің жеке сатыларына мамандандырылған инновациялық ұйым
2.2 Жеке мәселе бойынша мамандандырылған инновациялық ұйым
2.3 ТӨЦ бірнеше сатыларын біріктіретін кешенді
|
1
|
2
|
3. ИҰ және жұмыс істейтін ТӨЦ сатылары
|
3.1.Стратегиялық маркетинг
3.2. Іргелі зерттеулер
3.3. Қолданбалы зерттеулер
3.4.Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар
3.5. Өндірісті технологиялық дайындау
3.6. Меңгеру, өндіріс, тактикалық маркетинг
|
4. ИҰ жұмыс істейтін ғылымдар саласы
|
4.1. Табиғат ғылымдары
4.2. Техникалық ғылымдар
4.3. Гуманитарлық ғылымдар
4.4. Қоғамдық ғылымдар
|
5. ИҰ жұмыс істейтін халық шаруашылық саласы
|
5.1. Ғылым және білім
5.2. Информатика
5.3. Өнеркәсіп
5.4. Құрылыс
5.5. Көлік
5.6. Ауыл шаруашылығы
5.7. Өндірістік инфрақұрылым
5.8. Әлеуметтік инфрақұрылым
|
6. ИҰ стратегиялық типі
|
6.1. Виолентті
6.2. Патиентті
6.3. Коммутантты
6.4. Эксплерентті
|
7. ИҰ басымды бағдарланған түрі
|
7.1. Коммерциялық (экономикалық)
7.2. Ғылыми-техникалық
7.3. Экологиялық
7.4. Әлеуметтік
7.5. Интегралды
|
8. ИҰ мөлшері
|
8.1. Шағын
8.2. Орта
8.3. Ірі
|
Эксплеренттер- нарықтың ескі сегменттерінің жаңасын құруға мамандандырылатын немесе радикалды түрлендіретін фирмалар. Олар жаңалықты нарыққа жылжытумен айналысады.
Технологиялық инкубаторлар- инновациялық қызмет субъектілеріне ғылыми, өндірістік, кадр жөнінде заңдық, маркетингтік, лизингтік және өзге де қызмет көрсетулерді қамтамасыз ететін заңды тұлға.
Технополис- жеке қала негізінде құрылған ғылыми-өндірістік құрылым. Негізгі құрылымы: технопарктер, инкубаторлар, ғылыми орталықтар мен университеттер.
Технопарк- ғылыми-техникалық территориалды комплекс. Негізгі мақсаты- шағын бизнес фирмаларының қызмет етуіне тиімді, ыңғайлы жағдай қалыптастыру.
Инкубатор- инновациялық қызметтің көптеген түрлерін ұсынушы комплекс, ол бір немесе бірнеше ғимаратты алып тұрады, ал шағын инновациялық фирмалар осы ғимарат ішінен белгілі бір территорияларды жалға алып қызметін бастайды. Инкубациялық кезең 2-3 жыл, осы мерзімнен кейін фирмалар өз бетінше қызмет жасау үшін бұл комплекстен шығып кетеді.
Инновациялық инфрақұрылымдар жағдайы экономикалық өсу үлгісімен және ұлттық экономиканы технологиялық дамыту деңгейімен тығыз байланысты. Ең дамыған елдерге тән экономикалық өсудің инновациялық үлгісі өсірудің заттық емес, инновациялық және ақпараттық факторлары ролін арттырумен, сондай-ақ ғылымды қажетсінетін қызметтер салаларын дамытумен сипатталады. Мұндай елдерде инновациялық құрылымды дамыту консалтингтік қызметтер жүйесін құруға негізделген.
Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Инновацияны ұйымдастырудың принциптік аспектілерін атаңыз
2. Эксплеренттер деген не?
3. Технологиялық инкубатор?
4. Технополис қандай құрылым?
5. Технопарк деп қандай кешенді айтамыз?
6. Инкубатор мәні және оның кезеңі?
7. Инновациялық менеджментті ұйымдастырудың маңызы қандай?
IV ТАРАУ. Инновациялық даму стратегиясы
4.1. Инновациялық стратегия ұғымы
Инновациялық стратегияны жіктеу
4.1. Инновациялық стратегия ұғымы
Инновациялық стратегия - басқа құралдардан жаңалықпен ажыратылатын ұйымдардың мақсаттарға жету құралдарының бірі, бәрінен бұрын осы ұйым және салалар, нарық, тұтынушылар үшін мүмкін.
Стратегия- ұзақ мерзімді жоспарлау және әрекеттер бағдарламасы, ол оның барлық ұзақтылығына уақытпен, инновациялық процестердің белгілі тізбектігін және өзара байланыстылығына таралады.
Стратегиялық жоспарлаудың екі негізгі мақсаттары бар:
1. Ресурстарды тиімді бөлу және пайдалану.
2. Сыртқы ортаға бейімделу.
Инновациялық стратегия - бұл ынталандыру жүйелерін қалыптастыру, ол рухани және материалдық әрекеттің арқасында күтілетін және логикалық инновациялық идеялардың, сондай-ақ ашуға алдын-ала қарастырылмайтын идеялардың пайда болуы. Инновациялық стратегиялар жобалық, фирмалық және корпоративтік басқару үшін ерекше күрделі жағдайларды құрайды, мұндай шарттарға жататындар:
нәтижелердің белгісіздік деңгейін арттыру;
шешілетін міндеттердің жаңалықтары, яғни инновациялық құраушыларды қосу есебінен инвестициялық тәуекелдікті арттыру;
ұйымда инновациялық қайта құрылымдауға байланысты өзгерістер ағынын күшейту;
ұйымды басқарудағы қайшылықтарды күшейту.
4.2.Инновациялық стратегияны жіктеу
Инновациялық стратегияны өндіру негізін өнімнің өмірлік циклі теориясы, фирманың нарық позициясы және онымен жүргізілетін техникалық саясат.
Инновациялық стратегиялардың төмендегідей типтерін қарастырамыз:
1. Пайда болу типі- өз қызметін кәсіпкерлік бәсеке принципіне негіздейтін фирмалар үшін тән. Ол шағын инновациялық фирмаларға тән.
2. Қорғаныс типі- фирманың бәсекелестік позициясын ұстап қалу үшін өмір сүріп жатқан нарықтарға тән. Мұндай стратегияның басты функциясы «шығындар-нәтиже» қатынасын инновациялық процесте белсендіру.
3. Имитациялық типі- күшті нарықтық және технологиялық позициялары бар фирмалармен пайдаланылады.
Пайда болу стратегиясы өзіне төтенше басқару міндетін ұсынады, үлкен тәуекелдікпен және қиындықтармен жүреді, бірақ тізбектік жүзеге асыру кезінде керемет нәтижелерге әкеле алады. Бұл стратегияның негізгі параметрлеріне жататындар:
техникалық деңгей,
технологияларды қарызға алу,
өнімділік,
өзіндік құн,
өнімнің сипаты.
Әзірлеудің техникалық деңгейін анықтау үшін синтетикалық көрсеткіш қолданылады:
(4.1.)
мұндағы:
А- серіктестер саны;
В- технологияларды сату;
С- қосылған құн;
Д- ғылымды қажетсінетін өнімдерді және ұйымдарды экспорттау.
Технологиялық дамуға қабілеттілігінің формуласы төмендегідей түрде көрсетіледі:
(4.2.)
мұндағы:
Е- техникалық деңгей көрсеткіші;
F- ҒЗЖ және ғылыми-зерттеу персоналы сандары шығындарын туындыларының квадрат түбірі;
g- технологиялық экспорт және шетел кәсіпкерлік инициативалары сомаларының жартысы.
Инновация салыстырмалы жалғастыру уақытын (5-10-15 жыл) талап етеді . Кәсіпорын өз болашағын ұзақ мерзімді стратегияда ғана құруы тиіс, яғни ол табысты басталу стратегиясы жағдайында ғана есептей алады, ол жиналған білімдер мен тәжіриелермен, кәсіпорынды дамытудың ішкі және сыртқы жағдайларымен есептеледі.
Өнеркәсібі дамыған елдерде табысты әрекет ететін кәсіпорынды «7S» шартты символымен белгілейді. Кәсіпорын төмендегі жеті міндеттерді шеше алғанда ғана табысты дами алады:
стратегияны;
құрылымды;
жүйені;
кадр саясатын;
дайындылық, білімдік;
стиль (атмосфераны);
негізгі мақсаттарды анықтау.
Стратегия табысты болуы үшін, тек себеп-салдары анықталады: оның табысына алдын-ала тек сенуге болады. Стратегияны дамыту үш жолмен жүзеге асырыла алады:
жоғарыдан төменге
төменнен жоғарыға
кеңесші фирманың көмегімен.
Бірінші жағдайда стратегиялық жоспар компанияның басшысымен әзірленеді және бұйрық сияқты басқарудың барлық дейгейі бойынша жіберіледі. «Төменнен жоғарыға» әзірлеген кезде әрбір бөлімше (маркетинг қызметі, қаржы бөлімі, өндіріс бөлімшелері, ҒЗТКЖ қызметі және т.б.) өз құзыреті шеңберінде стратегиялық жоспарды құру жөнінде өз ұсыныстарын әзірлейді. Сосын бұл ұсыныстар фирманың басшысына түседі, ол оларды жиынтықтайды және ұжымда талқылауда қорытынды шешім қабылдайды. Бұл зерттелетін мәселелермен тікелей байланысты бөлімшелерде жинақталған тәжірибелерді пайдалануға мүмкіндік береді және қызметкерлерге стратегияны әзірлеуге барлық ұйымдардың бірдейлік ойын құрайды. Фирма стратегиясын ұйымдастыруды және өндіруді зерттеу үшін кеңесшілердің қызметін де пайдалана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |