8-график. Инвестицияның таза ағымдағы құны
Пайдалылықтың ішкі нормасының әдісі (IRR) келтірілген әсерлердің шамасы келтірілген күрделі жұмсалым салымдарының шамасына тең жағдайдағы дисконт r нормасын ашады. Егер IRR тең немесе инвестормен капиталға талап етілетін табыс нормасынан артық болса, онда жоба тиімді болып табылады.
IRR және NPV бойынша есептеулер қарама- қайшы нәтижелерге әкелетінін атап өту керек. Бұл не дисконттың r талап етілетін нормасын таңдағандағы қателіктен, не инвестордың және жоба менеджерінің табыс нормасына қойылатын талаптарын әртүрлі оқумен түсіндіріледі. Кез келген жағдайда басымдылықты NPV беру керек.
Төменде жобаның тиімділігінің көрсеткіштерін есептеу мысалы келтіріледі. Кәсіпорын дәнекерлеу өндірісінің жаңа технологиясын енгізеді. Жаңа технологиялық желінің және қосалқы жабдықтың құны 12 млн. ш.б. құрайды. Пайдалану мерзімі – 10 жыл. Жобаны жүзеге асырудан түсім ағымдағы шығындар және төлемдер ағыны 8 кестеде келтірілген.
Кәсіпорынның құралған қаржы жағдайы мынадай: авансыланған капиталдың (дисконттау коэффициентінің) «бағасы» жылына 10%-ды құрайды.
Кесте 8
Жобаның ағымдағы құнын есептеу
Жыл
|
Төлемдер ағыны,
мың ш.б.
|
Мәндер
|
кезінде
|
кезінде
|
Достарыңызбен бөлісу: |