Модельдерді қасиеттеріне қарай мынандай топтарға жіктейді:
Оқыту модельдері Зертханалық модельдер
Қолданылу аймағы
бойынша жіктелуі
Ғылыми-техникалық Еліктеу модельдері
Ойын модельдері
Оқыту модельдері - көрнекті оқу құралы, әр түрлі машықтандыруды, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.
Зертханалық модельдер – жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады. Бұл модельдер – объектіні зерттеу, қасиеттерін болжау, зерттеу мақсатында қолданылады.
Ғылыми - техникалық модельдер – процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады.
Ойын модельдеріне - әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады.
Еліктеу модельдері – шын мәніндегі нақты объектін өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады.
Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |