Мәдениеттің негізгі иегері халық болып табылады.
«Мәдениет дегеніміз не?»
—
деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі үғымды
білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың
«маданият» — қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман
мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке
берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады.
Бұл жерде алдымен көзге түсетіні — мәдениет пен табиғатты яғни «культура» мен
«натураны» қарсы қоюшылық.
Мәдениеттану ғылым ретінде «культорология» атауымен Еуропада қалыптасқан.
Бұл сөздің өзі екі: латын және грек тілдеріндегі екі сөзден құралған. «Культура» сөзі латын
тілінде жер айдау, топырақ өңдеу дегенді білдіреді. Ал «логос» сөзі грек тілінен алынған.
Ол көп мағыналы: «ғылым», «ілім», «теория» деген ұғымдарды береді. Демек,
культорология – мәдениет туралы ілім, теория, ғылым. Мәдениеттану ғылымының
қалыптасуында мәдениеттің табиғаты мен мәнін түсіне білу маңызды орын алды. Мәдениет
ұғымының даму тарихы мәдениет туралы жан – жақты тұжырымдаманы: марксизмнің
еңбек
құралы
тұжырымдамасын;
Н.Я.Данилевскийдің
мәдени
тарихи
тип
тұжырымдамасын; мәдениеттің ойын ретіндегі теориясы және басқа тұжырымдамаларын
өмірге келтірді. XIX – XX ғасырлар бойында мәдениетті зерттеуде антропологиялық бағыт
қалыптасты, онда адам мен мәдениеттің қарым қатынасы басты назарға алынды.
Мәдениеттанушылар оның дамуындағы жеті кезеңді бөліп көрсетеді:
Этнографиялық кезеңде (1800-1860) жазуға дейінгі кезеңнің этностық
қауымдастықтары зерттелді.
Эволюциялық кезеңде (1860-1890 жылдар ортасы) Э.Б.Тайлор еңбектері
басшылыққа алынды.
Тарихи кезең (1890-1920) эмпириялық сипаттама енгізген Ф.Боастың қызметіне
байланысты.
Психологиялық кезеңде (1920-1950) М.Мид, Р.Бенедикт сияқты ғалымдар мәдени
орта жағдайындағы жеке тұлға мінез құлқын зерттеді.
Құрылымдық функционалдық кезеңге (1930-1950) мәдениеттің әр бөлігі өзінше
қызмет атқаратын біртұтас нәрсе деп қарауға ұмтылыс тән болды.
Жаңа эволюциялық кезең (1950-1980) классикалық эволюционизмнің негізгі
идеяларын өңдеген түрде қайта тудырды.
Постструктурализмнің ерекщелігі (1980 жылдан бері) анықталмаған, тұрақсыз
мәдени құбылыстарға көңіл бөлу болды.
Мәдениет - философия, әлеуметтану, антропология, этнография, т.б. ғалымдардың
басты назарында тұрады. Ғалымдардың анықтауынша, мәдениеттің анықтамалары көп
Достарыңызбен бөлісу: