Модуль 1 Метрология туралы негізгі түсініктер


Нормативті реттеуге жататын метрологиялық қызметтің түрлері



бет4/5
Дата18.12.2022
өлшемі25,59 Kb.
#163126
1   2   3   4   5
Байланысты:
Модуль 1 метрология

Нормативті реттеуге жататын метрологиялық қызметтің түрлері.
Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметі келесіден тұрады:
— мемлекеттік метрологиялық қызмет;
— уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі;
— басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері.
Метрологиялық қызмет мемлекеттік басқарудың маңызды звеносы болып табылады және келесі мәселелерді шешеді:
— шаруашылық субъектілердің қызметін метрологиялық қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін жүргізеді;
— өлшемдердің бірлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету;
— отандық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекеқабілеттілігін жоғарлату және қауіпсіздігін, сапасын қамтамасыз ету;
— материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерінің шынайы есебін қамтамасыз ету;
— Қазақстан Республикасының экономикасы мен азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін дәл емес өлшемдер нәтижелерінен қорғау.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттары метрология саласында келесі қызметтерді орындайды:
1) өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты құрады және жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының метрология қызметінің қызметтерін бағыттау, басқару;
3) қолданысқа жіберілетін өлшем бірліктерін бекітеді;
4) метрология саласындағы фундаментальді зерттеулерді жүргізуді ұйымдастырады;
5) өлшем бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасау, бекіту, сақтау және қолдану ережелерін бекітеді, Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерінің эталондық базасын жетілдіреді;
6) өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарды жасау мен бекіту тәртібін анықтайды;
7) өлшемдердің құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне қойылатын жалпы талаптарды анықтайды;
8) өлшем құралдарын пайдалану, өндіру және жөндеудің тәртіптерін анықтайды;
9) өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізімін жүргізеді;
10) мемлекеттік метрологиялық бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді;
11) метрология бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасын таныстырады;
12) өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету аясындағы кадрларды кәсіби дайындау мен қайта дайындауды ұйымдастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет