Модуль 1 Метрология туралы негізгі түсініктер


Метрологияның ұйымдастыру, ғылыми және әдістемелік негіздері



бет2/5
Дата18.12.2022
өлшемі25,59 Kb.
#163126
1   2   3   4   5
Байланысты:
Модуль 1 метрология

Метрологияның ұйымдастыру, ғылыми және әдістемелік негіздері.
Өлшемдер мен салмақтар бойынша Бас конференция (ӨСБК) 1954 жылы халықаралық қатынастарда қолдану үшін физикалық шамалардың алты негізгі бірлігін анықтаған: метр, килограмм, секунд, ампер, Кельвин градусы және свеча. Өлшемдер мен салмақ бойынша ХI Бас конференция 1960 жылы Бірліктердің халықаралық жүйесін бекітті, ол SI орысша СИ деп белгіленеді. ТМД елдерінде және Экономикалық көмектестік одағына кіретін елдерде СИ жүйесі 1980 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді.


Заманауи метрологияның талаптары.
Өлшем құралдары мен өлшем тәсілдерінің метрологиялық сипаттамаларының жоғары деңгейде болуы ғылыми-зертеу жұмыстарының дамуына мүмкіндік туғызады. Өйткені өлшемнің мақсаты маңызы әртүрлі физикалық, физика-химиялық, химиялық, биологиялық, медициналық және басқа да құбылыстардың заңдылықтарын табу болып саналады.
Метрологияның өнеркәсіп проблемаларын шешуде де маңызы ерекше. Атап айтсақ, өнеркәсіп өнімдерінің техникалық деңгейі мен сапасын арттырудағы сапалық көрсеткіштердің бәрі өлшем құралдарының көмегімен анықталып бақыланады.
Метрологияның дамуы өндірісті автоматтандырумен де байланысты. Автоматтандыру процесі өлшем нәтижелерінің дәл және сенімді болуына өте жоғары талап қояды. Сондай-ақ, метрология стандарттаумен тығыз байланысты. Бұл байланыс өлшем бірліктерін, мемлекеттік эталон жүйесін, өлшем құралдары мен өлшем техникасын тексеру тәсілдерін стандарттаумен заттардың қасиеттері және құралдарының стандартты үлгілерін жасаумен сипатталады. Сөйтіп, метрология мен стандарттау ғылым мен халық шаруашылығының барлық саласындағы техникалық прогрестің тетігі болып табылады.
Метрологияның басты мақсаты өлшемнің бірегейлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету


Метрологиялық қызметтің құқықтық негіздері.
Мемлекеттік метрологиялық қызмет өлшем бірегейлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі арқылы іске асырылады. Өлшем бірегейлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі ( ӨБМЖ ) мемлекеттік және жеке меншіктегі әртүрлікәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің ғылыми және практикалық жұмыстарын метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық негізі болып табылады.
Өлшем бірегейлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің нормативтік-техникалық құжаты – мемлекеттік стандарт. Мемлекеттік стандарттардың негізінде халық шаруашылығының түрлі салаларында және өлшемнің түрлері мен әдістерінде қолданылатын стандарттарға қойылатын құжаттар жасалынады.
2000 жылы ҚР «Өлшем бірлігін ңамтамасыз ету туралы» Заңы қабылданды. Оған дейін Республикада метрология саласында заңдылық нормалар болған жоқ. Заңдылық нормалар Үкіметтің ңаулыларымен тағайындалатын. Ережелермен салыстырғанда Заң біршама жаңашылдыңтарды (терминологиядан бастап елдегі метрологиялың қызметті лицензиялауға дейін) енгізді. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңды енгізгенге дейін ңолданыста болған метрология бойынша ережелер заңға қарсы келмейтін жағдайларында ғана қолданылады.
Бұл Заңның метрология бойынша шетел заңдылық ережелерінен айырмашылығы бар. Оның негізгі қолда-ну аяларына (сауда, денсаулық саңтау, сыртңы ортаны қорғау, сыртңы экономикалың қызмет) қарамастан, ол өндірістің кейбір аяларында ңолданылады, соның ішінде шама бірліктерінің мемлекеттік эталонына бағынатын эталондарды пайдаланатын заңды тұлғалардың өлшем құралдарын лабораториялық қызметтердің калибрлеу жүмыстарына таралады. Заң заңды тұлғалардың аккредиттелген метрологиялық қызметтеріне оларды аккре-диттеген органдар мен үйымдар атынан калибрлеу туралы сертификаттар беруге құқық береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет