Өлшеулер бірлігін қамтамасыз ететін құқықтық негіздер. Осы заң ҚР өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың арасындағы метрологиялық қызмет саласындағы қатынастарын реттейді және азаматтардың құқықтарымен заңды мүдделерін, әрі ҚР экономикасын өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғауға бағытталған.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңдар ҚР Конституциясына негізделеді және осы Заң мен өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер ҚР бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Осы заңның күші ҚР аумағында өлшем бірлігін қамтамасыз етуге байланысты қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Негізгі мақсаттары:
ҚР азаматтарының мүдделерін жәнеэкономикасын өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғау;
Отандық және импортталатын өнімдердің, процестердің және көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету;
Материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерінің дұрыс есебін қамтамасыз ету;
Іргелі зерттеулерде және ғылыми талдамаларда өлшем дұрыстығын қамтамасыз ету;
Диагностика және сырқаттарды емдеу, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауіпсіздігін бақылау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау кезінде сенімді өлшем нәтижелерін қамтамасыз ету.
«Өлшеулер бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының негізгі жағдайлары. 2000 жылы ҚР «Өлшем бірлігін ңамтамасыз ету туралы» Заңы қабылданды. Оған дейін Республикада метрология саласында заңдылық нормалар болған жоқ. Заңдылық нормалар Үкіметтің ңаулыларымен тағайындалатын. Ережелермен салыстырғанда Заң біршама жаңашылдыңтарды (терминологиядан бастап елдегі метрологиялың қызметті лицензиялауға дейін) енгізді.
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңды енгізгенге дейін ңолданыста болған метрология бойынша ережелер заңға қарсы келмейтін жағдайларында ғана қолданылады.
Заңның мақсаттары мынадай:
өлшемнің жеткілікті дұрыс емес нәтижелерінің жағымсыз салдарынан ҚР экономикасы мен орнатылған ңүқықтық төртіпті, азаматтардың құқықтары мен заңдылық мүдделерін қорғау;
елде қолдануға рұқсат етілген бірліктерде көрсетілген, кепілдендірілген дәлдіктегі өлшем нәтижелерін қолдану және шама бірліктерінің мемлекеттік эталонын пайдалану негізінде ғылыми-техникалың және экономикалық прогреске ықпал ету;
халықаралық және фирмааралық байланыстардың дамуы үшін жағымды жағдайлар жасау;
Қазақстанның мемлекеттік басңару органдарының өлшем құралдарын жасау, пайдалану, жөндеу, сату және импорттау мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынасты реттеу;
өлшемнің ңазақстандың жүйесін әлемдік тәжірибеге икемдеу.
Бұл Заңның метрология бойынша шетел заңдылық ережелерінен айырмашылығы бар. Оның негізгі қолда-ну аяларына (сауда, денсаулық саңтау, сыртңы ортаны қорғау, сыртңы экономикалың қызмет) қарамастан, ол өндірістің кейбір аяларында ңолданылады, соның ішінде шама бірліктерінің мемлекеттік эталонына бағынатын эталондарды пайдаланатын заңды тұлғалардың өлшем құралдарын лабораториялық қызметтердің калибрлеу жүмыстарына таралады. Заң заңды тұлғалардың аккредиттелген метрологиялық қызметтеріне оларды аккре-диттеген органдар мен үйымдар атынан калибрлеу туралы сертификаттар беруге құқық береді.
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заң оның мақсаттары үшін қолданылатын негізгі түсініктерді белгілейді және заңмен бекітеді. Ол түсініктер: өлшем бірлігі, өлшем құралдары, шама бірлігінің эталоны, шама бірлігінің мемлекеттік эталоны өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттар, метрологиялық қызмет, метрологиялың бақылау және қадағалау, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу, өлшем құралы типін бекіту туралы сертификат, өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттеу; калибрлеу туралы сертификат.