Модуль 1 Метрология туралы негізгі түсініктер



бет1/5
Дата18.12.2022
өлшемі25,59 Kb.
#163126
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Модуль 1 метрология


Модуль 1


Метрология туралы негізгі түсініктер.
Метрология (грек. metron – өлшем және logos – сөз, ілім) – өлшеу туралы, өлшеудің бірлігі мен қажетті дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым. Метрология ғылым және тәжірибелік қызмет саласы ретінде ерте заманда пайда болған. Ежелгі орыс өлшеу жүйесінің негізін ежелгі грек өлшем бірліктері салған, ал олар өз кезегінде Ежелгі Греция және Римнен алынған. Әрбір өлшем жүйесінің өзіндік ерекшеліктері болған, олар сол дәуірмен және ұлттық дәстүрмен байланысты болды.
Метрологияның негізгі мәселелеріне:

  • өлшеудің жалпы теориясы;

  • физикалық шамалардың және оның жүйелерінің бірліктерін ұйымдастыру;

  • өлшеудің әдістері мен құралдары;

  • өлшеудің дәлдігін анықтау әдістері (өлшеудің қателіктер теориясы);

  • өлшеу бірлігін және өлшеу құралдарының метрологиялық жарамдылығын қамтамасыз ету (заңды метрология);

  • эталондар мен өлшеу құралдарының үлгілерін жасау;

  • эталондарды бірлік өлшемдерін тарату әдістері жатады.

Метрология – өлшеу бірлігін қамтамасыз ететін әдістер мен құралдар және керекті дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым. Метрология үш тарауға бөлінеді: теориялы, заңды және қолданбалы.
• Теориялық метрология – метрологияның іргелі негіздерін зерттеп дайындаумен айналысады.
• Заңды метрология - қолдануға жіберілген мемлекеттік талаптарды бекітеді.
• Қолданбалы метрология – теориялық метрологиясы зерттеп дайындағандарды тәжірибеде қолданумен айналысады.
Метрология объектілеріне келесілер жатады: шама бірлігі; өлшеу құралдары; этолондар; өлшеуді орындау әдістері.
Метрологияның дәстүрлі объектілеріне физикалық шама жатады.
Өлшеу – арнайы техникалық құралдар көмегімен тәжірибе жолымен шама
мәнін табу. 
Өлшеу әдісі – өлшеу құралдары мен өлшеу принциптерін қолдану амалдарының жиынтығы. Мөлшерленген метрологиялық қасиеттері бар қолданбалы техникалық құралдарды өлшеу құралдары дейміз.
Эталон - мөлшерлерін өлшемнің басқа құралдарына беру мақсатында шама бірлігін жаңғырту және сақтау үшін пайдаланылатын аса дәл өлшем.
Қорыта айтқанда, метрология өлшем нәтижелерінің дәлдігін, дұрыстығын, сенімділігін қамтамасыз етеді, өлшем техникасының ғылыми негізі болып табылады, сонымен қатар өлшемнің бірегейлігін, технологиялық процестің және өнеркәсіп өнімдерінің сапасын бақылау жолдарын заңды түрде анықтайды.
Мемлекеттік метрологиялық органдарға өте кең құқық беріледі. Бұл органдар заң шығарушы метрологияның ұсынған ережелерінің бұзылмай орындалуын бақылауға құқықты және Мемстандарт бекітпеген өлшем құралдарының өндірілуіне тиым салуға, талаптарға сәйкес келмейтін өлшем құралдарын қолдану аясынан алып тастауға, қолдануға рұқсат етілген өлшем құралдарын жасау және оларды жөндеудің сапасын бақылауға құқықты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет