Динамикалық өзгеру ұстанымы. Оқушыларға тілдік материалды дәл, анық түсіндіруде іске асырылады. Әрбір сабақта көрнекі құралды ұтымды пайдалана білу – сабақтың сапасын жақсартады. Оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтырады. Көрнекілік оқушының зат, құбылыс, туралы түсінігін нақтылай түседі, бақылау қабілетін жетілдіріп, ақыл – ойын дамытады. Сондықтан мұғалім өзі жасаған үлестірме қағаз, схема, таблица сияқты көрнекі құралдардың сапасына, тазалығына басты назар аударуы қажет.
Теорияны практикамен байланыстыру ұстанымы. Оқушылардың теория жүзінде алған білімдерін өмір қажетіне пайдаланулары арқылы іске асады. Оқулықтағы теориялық материалды игеру онда берілген практикалық жаттығулардың берілуіне байланысты. Оқулықтағы жаттығулар оқушыларға өтілген тақырыптан алған білімдерін жан – жақты танытуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |