Белсенділік ұстанымы. Студенттер тілін дамыту, ең алдымен, олардың өздерінің белсенділіктеріне байланысты. Өйткені әр студент өзінің сөйлеу мәдениетін арттыруға, болашақ кәсіби шеберлігін жетілдіруге талпынбаса, белсенділік танытпаса, сөздік қорын толықтырып, жүйелі, мазмұнды сөйлеуге үйрене алмайды. Белсенділік таным процесінің басты сипаты ретінде белгілі бір жағдайлар арқылы іске асырылады. Студенттің шебер сөйлеу белсенділігі оның тілге деген сезімнің оянуына байланысты. Оқытушының студентті көркем де шешен сөйлеуге ынталандыратын түрлі әдістерді орынды пайдалана білуінің ықпалы күшті. Сабақта және сабақтан тыс кезде ұйымдастырылатын тіл дамыту мақсатындағы жұмыстар студенттердің эмоционалды белсенділігін оятатындай деңгейде болуы тиіс. Іскерлік ойындар, ойталқы, ойбөліс секілді әдістерді тиімді пайдаланғанда, студент белсенділігі арта түсетіндегі тәжірибеде анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |