Модуль Электроника элементтері. Модуль Басқару және қорғау аппараттары. Модуль Электрлiк жетек Практикалық сабақ 5 Тақырып 1



бет3/7
Дата14.07.2020
өлшемі65,99 Kb.
#75220
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
электротехника 5 апта


Жартылай өткізгіштік диод


Диод – екі электродты, бір бағытта ғана тоқ өткізетін аспап. Жартылай өткізгіштік диодтың дамуы ХIХ ғасырдың екінші жартысында басталды. Оған неміс ғалымы Браунның 1874 жылы металл мен күкіртті қорғасынның түйісу нүктесінде болатын құбылыстарды түсіндіруге жасаған тәжірибесі себеп болды. Зерттей келгенде, алған түйісу қабаты бір бағытта ғана тоқ өткізетін, вентильдік қасиеті бар қазіргі Шотки - диодтары тобының бірінші өкілі болып шықты. Әйтсе де, бұл диодтардың өндірісте кең пайдаланылуы жартылай өткізгіштік электрондық аспаптардың негізгі буыны – транзистордың ашылуын күткендей, ХХ ғасырымыздың ортасына дейін кең өріс ала алмады. Оның себебі, сол кездердегі қарапайым да, төменгі сатылық технологиялық әдістермен жаслынған диодтың сапасының төмендігінде болып, олардың электрвакуумдық диодтың «тегеуірініне» төтеп бере алмауы еді.

Жартылай өткізгіштік диод схемаларда жебе белгісіне ұқсас үшбұрышпен белгіленіп (2.5,а - сурет), оның бағыты тоқтың өту бағытын көрсетеді. Үшбұрыштың үш жағы катод (К) да, сырт жағы анод (А) деп аталады. Тоқ әрқашанда анодтан катодқа қарай ағады. Идеалдық тұрғыдан қарағанда диодтың бір жақтылық  (вентильдік) вольтамперлік сипаттамасы 2.5,ә - суреттегідей болуы керек: егер де анод пен катод арасындағы кернеу оң болса, тоқ шексіздікке, ал теріс болса, нөлге ұмтылады, яғни

U >0 болса, онда I→ ∞, ал егер

U ≤0 болса, онда I=0.



а – диодтың шартты белгісі; ә - диодтың идеалды біржақтылық (вентильдік) сипаттамасы; б – диодтың нақты вольтамперліқ сипаттамасы

2.5 – сурет. Вольтамперлік сипаттама

Жартылай өткізгіштік диодтардың (бұдан былай - диод) көпшілігінің негізі, 1940 жылдары өмірге келген, p-n ауысуы болып табылады. Енді осы ауысуда өтетін физикалық процестерге тоқталып өтелік. 



p-n ауысуы p және n жартылай өткізгіштерінің өзара қосылуымен пайда болады. Жеке алғанда p жартылай өткізгіші болсын, n жартылай өткізгіші болсын, электр зарядтары жағынан өзара бейтарап келеді. (2.6,а - суретте). Мысалы, 2.6,а - суретте көрсетілген р жартылай өткізгішінің оң зарядталған кемтіктерні толығымен теріс акцептор иондарымен бейтарапталған. Осы оң зарядталған кемтіктерді жекеше бөліп алған жағдайда, олардың орнында қозғалмайтын теріс акцептор иондары қалар еді. Осыған сәйкес n жартылай өткізгішінін жылжымалы электрондар кететін болса, олардың орнында қозғалмайтын оң зарядты донор иондары қалады (2.6,ә - суреті). Осындай бейтарап жартылай өткізгіштерді өзара түйістірген кезде, ондағы жылжымалы заряд бөлшектері бір - біріне ауыса түсіп (қысымы үлкен ауаның қысымы аз жаққа түсіп ауысқаны секілді), диффузия тоғын тудырып, түйіспе маңында жылжымайтын қоспа иондарын қалдырады (2.6,б - сурет).

а,ә - зарядтар құрамы, б - p-n ауысуындағы олардың қозғалысы, в - ондағы потенциал диаграммасы

2.6 – сурет. p және n жартылай өткізгіштеріндегі зарядтар құрамы

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет