5| SO32- + H2O – 2e- → SO42- + 2H+ – тотығу; тотықсыздандырғыш 2MnО4- + 16H+ + 5SO32- + 5H2O→ 2Mn2+ +8H2O + 5SO42- + 10H+ 2MnО4- + 6H++ 5SO32- → 2Mn2+ +3H2O + 5SO42- 31. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының өніміне ортаның pH-тың әсері. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың эквиваленттік факторы және эквиваленттік молярлық массасы. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының ортасы Тотығу- тотықсыздану реакциялары 3 ортада жүреді: а) Қышқылдық орта (рН<7) тотығу-тотықсыздану жүйесіне Н2SO4 және HCl қосу арқылы түзіледі. Азот қышқылы қолданылмайды, себебі ол өзі күшті тотықтырғыш болып табылады; б) Бейтарап (рН = 7) орта жасау үшін дистилденген су қолданылады; в) Негіздік (рН > 7) орта жасау үшін тотығу-тотықсыздану жүйесіне NaOH, KOH қосады. Қышқылдық ортада Mn7+ дәрежесі қатты өзгереді, түссіз ерітінді түзіледі. Бейтарап ортада қоңыр түсті тұнба түзіледі, ал сілтілік ортада ерітінді түсі жасыл түске боялады. KMn7+O4 Қышқыл ортада рН<7 +5е‾ Mn2+SO4 Бейтарап ортада рН=7 +3е‾ Mn4+ O2 Сілтілік ортада рН > 7 +1е‾ K2Mn O4 Бұдан калий перманганатың әр түрлі ортадағы кез-келген тотықсыздандырғышпен әрекеттесетін барлық реакцияларға сай келеді. Мысалы, натрий сульфиты (Na2SO3). Бұл орта ТТР-ның ағымына әсерін тигізеді, ол электрондар санынан көрінеді Эквивалент – екі элементтің немесе екі заттың бір – бірімен қалдықсыз әрекеттесетін тең мөлшерін көрсетеді. Элементтің эквиваленті дегеніміз сутегі атомдарының 1 молімен әрекеттесетін немесе сондай молді қосылыстан ығыстырып шығаратын мөлшерін айтады. Тотығу – тотықсыздану реакцияларында тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың эквиваленттік массаларын қосып не беріп жіберетін электрон санына сәйкес анықтайды. Мысалы, 7>