Ішкі энергия(U) жүйенің жалпы энергия қорын сипаттайды. Ол жүйені құрайтын бөлшектердің қозғалыс және әрекеттесу энергияларының барлық түрін: молекулалық қозғалыстың кинетикалық энергиясын, бөлшектердің молекулааралық тартылу және тебісу энергиясын, молеклаішілік немесе химиялық энергиясын, электрондық қозу энергиясын, ядроішілік және сәулелік энергияны құрайды. Ішкі энергия өзгерісі (ΔU) бастапқы ( U1) және соңғы күйдегі (U2) жүйенің ішкі энергия өлшемдер айырмашылығмен көрсетіледі:
(1.1)
Энтальпия (Н) – ол жүйе тұрақты қысымда ие болатын және сандық жағынан ішкі энергия U мен потенциалдық энергия pV қосындысына тең энергия:
(1.2)
p – қысым, V– жүйенің көлемі. Энтальпия терминін 1909 жылы Оннес енгізген, ол гректің эн – ішкі, тальпэ – жылу деген сөздері.
Бақылау сұрақтары Термодинамикалық жүйе дегеніміз не?
Термодинамиканың 1-ші заңының қандай анықтамаларын білесіз.
Қандай жүйелерді ашық, жабық, оқшауланған дейміз?
Қайтымды және қайтымсыз процестер дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.