Химиялық реакциялардың жылу эффектілері. Гесс заңы.
Жылу эффектісінің температурадан тәуелділігі (Кирхгоф заңдылығы)
Қысқаша мазмұны Термодинамиканың бірінші заңы немесе бірінші бастамасы негізінен энергияның сақталу заңы болып есептеледі. Оны былай тұжырымдауға болады: энергияның түрлері бір-біріне эквивалентті және бірдей қатынаста (мөлшерде) ауысады. Бұл изоляцияланған жүйеде энергияның жалпы қоры тұрақты болатынын аңғартады. Термодинамиканың бірінші заңы жұмыс,жылу және жүйенің ішкі энергиясының өзгеруінің арасындағы байланысты көрсетеді.
Жүйе күйінің соңғы өзгерісі үшін термодинамиканың бірінші заңы келесідей теңдеумен көрсетіледі:
(2.1)
– жүйеге берілген немесе жүйеден шығарылған жылу
–ішкі энергия өзгерісі
– жүйемен істелген жалпы жұмыс
(2.2)
Бұл теңдеу термодинамиканың 1-ші заңының математикалық өрнегі болып табылады. Жүйеге берілген немесе жүйеден шығарылған жылу мөлшері ішкі энергияның өзгерісіне және жұмыс жасауға кетеді.
Әртүрлі термодинамикалық процестер үшін термодинамиканың 1-ші заңының математикалық теңдеуі келесідей түрде жазылады.