Модуль. Жеке тұЛҒА 1- сабақ Лексикалық тақырып: Жеке тұлғаның қоғамдағы орны



бет12/131
Дата26.12.2022
өлшемі499,93 Kb.
#164429
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   131
Байланысты:
Қазақ тілі В1 деңгейі

Лексикалық минимум:
Бала кезінен іздестіре бастайды- начинают искать еще с детства.
Құда түсу – сватовство.
Атақты жерден іздестірген- искали из известных мест.
Құда түсу дәстүрі – традиция сватовства.
Арнайы рәсім – специальный обычай .
Іс-шаралар өткізіледі- проводятся мероприятия.
Қыз ұзату- проводы девушки замуж.
Келін түсіру- женитьба сына .
Беташар – открывание лица невесты.
Неке қию рәсімі- традиция бракосочетания.
Зор маңызы бар – имело важное значение.
Ата-аналары рұқсат етсе- если родители дадут разрешение.
Шешім жастардан шығады – решение принимают молодые.
Көп уақыт бір-бірін жақсы біледі – хорошо узнают друг-друга.
4-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.


Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық, салт-дәстүрлер
Қазақ халқында отбасы мен некеге қатысты ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері бар. Отбасы – мемлекеттің іргетасы.
Ата-ана өз ұлын үйлендіруді әрқашан ойластырып жүреді. Бұрынғы кездері, болашақ келінді бала кезінен іздестіре бастаған оқиғалар да болған. Тіпті балалар дүниеге келмей жатып атастыру рәсімі болады. Құдаларды құрметті, атақты жерден іздестірген. Құда түсу салт-дәстүрлері бойынша арнайы рәсім өткізілді.
Үйлену әдет-ғұрыптарына келесі іс-шаралар өткізіледі: құда түсу, келін түсіру, беташар, қыз ұзату, той жасау, төсек-орын әкелу, неке қию рәсімі.
Үйлену тойы кезінде құдалар бір-біріне кит кигізіп, сыйлықтар жасайтын.Ол түрлі қымбат бағалы киімдерден, маталар, мал басынан тұратын.
Қазақтардың дәстүрлі қоғамында қыздың жасауын берудің де зор маңызы бар. Жасау қыз баланың жас кезінен әзірлене бастайды. Қыздың жасауына ыдыс-аяқ, жиһаз, төсек, тұрмыстық техника, киім-кешек, мал басы және т.б. кіреді.
Қазіргі кезде ең алдымен қыз бен жігіт танысып, көп уақыт бір-бірін жақсы біліп, содан соң әке-шешелеріне үйлену ниеттерін айтады. Содан соң ата-аналары рұқсат етсе, жігіттің туған- туыстары қыздың үйіне барып, құда түседі, кейін «Қыз ұзату» және «Үйлену» үлкен тойын жасайды. Әр ата-ана балаларының бақытты болуын тілейді. Барлық жақсылық атауларын ата-ана балаларына арнайды.
(http://yznaika.Ғаламтор материалдарынан).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет