9-модуль. АДАМ ЖӘНЕ УАҚЫТ
1-сабақ
Лексикалық тақырып: Адам және уақыт
Грамматикалық тақырып: Іс-қимылдың басталу, аяқталу мерзімі, адам жасының кезеңдерін білдіру, объектілік/субъектілік қатынастарды салыстыру.
ТЫҢДАЛЫМ ЖӘНЕ АЙТЫЛЫМ
1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, түсінгеніңізді айтыңыз және өзіңіз ой қосыңыз.
Уақыт. Қандай да бір нәрсенің болмасын, белгілі бір уақытпен санасып, нақтылы бір өлшемдермен белгіленетіні белгілі. Адам баласының, күллі жаратылыстың азды-көпті ғұмырлары уақыт деген ұғыммен тығыз байланысты.
Адам өміріндегі теңдессіз, баға жетпес құндылықтарының бірі - уақыт. болмақ. Уақыттың қадірін оны жоғалтқан жақсы біледі, өміріндегі ыңғайлы сәттерін қолайлы пайдалана білмей, сан рет санын соққан жақсы ұғынады.
Уақыттың бағасын дұрыс анықтап, байыбын жете түсінген кешегі өткен көп ойшыл, дана, ғалым, кемеліне жеткен қанша жан өз өсиеттерін айтып кеткен. Уақытты тиімді пайдалана білу өзгеріс-құбылысы әп сәтте-ақ түрленіп сала беретін осы заманда тіптен маңызы артқан. Өмір ағымынан қалыс қалмай, онымен бірге аяқ алып жүру үшін, жетістіктерге жету үшін аз ұйықтап, көп шапқылауға да мәжбүрлі жайымыз бар.
2-тапсырма. Мәтін бойынша негізгі ойға қатысты үш сұрақ құраңыз.
3-тапсырма. Төмендегі етістіктерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңыздар.
Кеш, қадір, құндылық, өзгерте алмау, бағыну, қысқа, тәуелділік, қуанышты сәт, бағалау, кешірімді болу.
4-тапсырма: Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:
1.Сіз уақытты қаншалықты тиімді пайдаланып жүрсіз?
2. Күнделікті іс-әрекеттеріңіз күнтізбе арқылы жүзеге аса ма?
3. Болашаққа жоспарларыңыз бар ма?
4. «Уақыт-емші» сөзінің астарын қалай түсінесіз?
5. Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?
2-сабақ
Тыңдалым және айтылым
1-тапсырма. Тақырыпқа қатысты лексикалық қормен танысыңыз.
Жақсы, келісім шарт, көңілді адамдар, сөйлесіп отырсаңыз, уақыт, бос сөз, талап, кездесу, жүру, көп айтатын, уәде, жұмыс, демалыс, адамға жетіспейді, жалқаулық, еңбектену.
Достарыңызбен бөлісу: |