3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер
1) Білімді маман дегенді қалай түсінесіздер?
2) Білім алудың формуласы бар ма?
3) Білім мен ғылымды дамыту үшін не қажет?
4) Кәсіпкерлік пен бәсекелестік деген не?.
4-тапсырма. Шағын мәтінді оқып, өз пікіріңізді білдіріңіз.
Ал оқу – студенттің өз қолында, талап-тілегіне, ізденісіне байланысты. Егер студент қауымының белсенділігін, ізденімпаздығын, кез келген ортаға бейімділігін аскерсек, қай заманда болмасын олар қоғамның үлкен қорғаушы күші.
Оқу орнын бітіргеннен кейін қызметке орналасу мәселесі қашанда алдыңғы кезекте тұратыны белгілі. Кейде оқу орнын бітірген жас маман жұмыс таппай сенделіп жүріп қалады. Мұндай келеңсіздіктерді болдырмас үшін тиісті мекеме қандай мамандықтарға сұраныс бар, қандай оқу орнын бітірген тиімді деген сауалдар төңірегінде сараптама, зерттеулер жүргізуі тиіс. Соған орай ең керекті деген мамандықтардың тізімі жариялануы және жұмыс беруші мен жоғары оқу орны арасында осы мәселе төңірегінде насихаттық жұмыс қолға алынуы керек.
Ертеңгі маман – бүгінгі студент өздерінің оқитын пәндерінің ғылыми бағыттылығына үлкен мән беріп отырады. Ғылыми зерттеулер жүргізу барысында сабақтастық, мүдделілік, басым бағыттар мен көкейкесті мәселелерді айыра білуге ұстаздар көмектеседі. Әр пән бойынша ғылыми жаңалықтарға уақтылы көңіл бөлініп, қажетінше қолданысқа енгізу жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылады.
Иә, еркін елдің ертеңі – білікті де білімді маман қолында. Оған Сіздің қосар үлесіңіз қандай? Әңгіме өзіңізде!
ЖАЗЫЛЫМ
4-тапсырма. «Сөйлемдегі сөздерді қарама-қарсы мағыналы сөздермен ауыстырыңыз.
1. Жоғары білім беру жүйесіндегі реформа Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі (алғашқы) 10 жылда жүргізілгені белгілі. 2. Ол реформа негізінен әлемдік білім беру кеңістігіне (шығу) және халықаралық білім стандарттарына барынша сәйкестендіруге бағытталған. 3. (Орта) білім берудің мақсаты – қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру. 4. (Дамымаған) елдердің тәжірибесіне сүйенсек, барлық ұлттық экономикалардың өсуі мен дамуы білім, ғылым жүйелерінің (ескіруімен), халыққа білім беруді дамытумен, кәсіптік білім беруде халықты кеңінен тарту арқылы жүргізілгендігін байқаймыз. 5. Елімізде 2005 жылы 181 жоғары оқу орны мамандар даярлаумен (айналыспаған). 6. Өткен жылдың қорытындысы бойынша (кеше) 2000-нан астам жас азамат АҚШ, Қытай, Ұлыбритания сияқты, Еуропа мен Азия елдерінің ең (нашар) жоғары оқу орындарына түсіп, білім алып жатыр.
№1 СӨЖ тапсырмасы:
1. Ғылым-білім туралы 10 мақал-мәтел жазып келіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |