Модуль. Жеке тұЛҒА 1- сабақ Лексикалық тақырып: Жеке тұлғаның қоғамдағы орны


І – модуль: КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА



бет75/131
Дата26.12.2022
өлшемі499,93 Kb.
#164429
түріСабақ
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   131
Байланысты:
Қазақ тілі В1 деңгейі

2І – модуль: КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА


Лексикалық тақырып:
1. Көлік, көлік қатынасы. Көліктің түрлері.
2. Көпшілік пайдаланатын көлік. Көлік логистикасының міндеттері.
3. Қазақстандағы көлік жүйесі.
Грамматикалық тақырып:
Мекендік қатынастың берілуі. Мекен үстеулері (жоғары, төмен, алыс, жақын, тысқары, ілгері). Көмекші есімдердің (бойында, айналасында, сыртында, маңайында, қасында) берілуі.
1-сабақ
Көлік, көлік қатынасы. Көліктің түрлері.


ТЫҢДАЛЫМ
1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

көлік – транспорт
жолаушы – пассажир
жүк – багаж
байланыс – связь
хат-хабар – переписка
сым – проволока
радиотолқын - радиоволн
тасымал – перевозка
нүкте – точка
мүлік – имущество
қойма – склад
қаптама – упаковка
құрал-жабдық – оборудование
инфрақұрылым – инфраструктура
теміржол – железная дорога
жүк тасымалы – перевозка грузов
жетекші сала – ведущая отрасль
ақша аудару – перевод денег
жүзеге асыру - осуществить
тасу – перевозка
жеткізу - доставка

қалааралық тасымал – междугородные перевозки
жетістік нәтижелері – результаты достижения
көлік тасымалы – транспортные перевозки
ОҚЫЛЫМ
2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз
Көлік тасымалы – материалдық өндірістің жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын аса маңызды және экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі. Ғылыми-техникалық жетістіктердің нәтижесінде автомобиль, пойыз, ұшақ сияқты көлік түрлері пайда болды. Көліктер жолаушыларды тасымалдау ісін жүзеге асырады.
Логистика корпорация, компания, зауыт, фабрика секілді кәсіпорындардың жасап шығарған тауар өнімдерін бір нүктеден екінші нүктеге жеткізумен айналысатын сала. Ол тасымалдау, мүліктеу, қоймалау, қаптамалау және қауіпсіздік сияқты жұмыс түрлерін қамтиды. Логистика саласына жер, әуе, кеме, темір жол секілді тасымалдау көлік түрлерін жатқызамыз.
Автомобиль көлігі – жолаушылар мен жүктерді таяу және орта қашықтыққа жедел жеткізетін тиімді көлік құралы. Автомобиль көлігімен жолаушы тасымалы қала ішіндегі және қала маңындағы, қалааралық және халықаралық болып бөлінеді.
Теміржол көлігі – көлік кешенінің жетекші саласы, жүктер мен жолаушыларды алыс қашықтыққа тасымалдайтын басты қатынас құралы. Теміржол көлігі тасымалдау қашықтығына байланысты жергілікті жолаушы тасымалы, қала маңындағы жолаушы тасымалы және алыс қашықтықтық жолаушы тасымалы болып бөлінеді. Ал жылдамдығына қарай жай жолаушы тасымалы және жүрдек жолаушы тасымалы болады. Теміржол көлігі – вагондардан тұратын, арнайы рельс жолы арқылы тасымалдауға арналған көлік түрі.
Әуе көлігі – көліктің ең жаңа және қарқынды дамыған түрі. Әуе көлігі – жолаушыларды, пошта мен жүкті таситын көлік түрі. Оның басқа көлік түрлерінен артықшылығы – жылдамдығында. Әуе көлігі тез бұзылатын (жемістер мен көкеністер) жүктерді де тасымалдауда үлкен маңыз атқарады.
Байланыс – әртүрлі техникалық құралдар арқылы ақпарат беру және қабылдау. Байланыс – почта, телефон, телеграф, радио хабарларын таратуды қамтамасыз ететін халық шаруашылығының бір саласы. Техника құрал-жабдықтарының сипатына қарай байланыс почта және электрлік байланыс болып екіге бөлінеді. Пошта байланысы арқылы хат, газет, журнал, бандероль және тағы басқа заттарды жеткізу және ақша аудару қызметтері жүзеге асырылады. Бүгінде пошта хат-хабарларын іріктеудің автоматтандырылған жүйелері қолданылады. Электрлік байланыс құрылымы бойынша сым және радиотолқын арқылы таралатын байланыс болып бөлінеді.


АЙТЫЛЫМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет