Модуль. Жеке тұЛҒА 1- сабақ Лексикалық тақырып: Жеке тұлғаның қоғамдағы орны



бет118/131
Дата26.12.2022
өлшемі499,93 Kb.
#164429
түріСабақ
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   131
Байланысты:
Қазақ тілі В1 деңгейі

ЖАЗЫЛЫМ
4-тапсырма. «Қазақ тілі қандай тіл?» атты эссе жазыңыз.

3 СӨЖ тапсырмасы:


1. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жайлы мамандығыңызға қатысты мәлімет жинау.


4-сабақ
Мамандыққа қатысты тілдік ерекшеліктер
ТЫҢДАЛЫМ
1-тапсырма. Төменде берілген сөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

икемділік – гибкость
дағды – навыки
машық – умение
тілдік қатынасқа түсу – вступить в языковое общение
мәтін – текст
сөздік – словарь
құзыреттілік – компетентность
сөйлеу мәдениеті – культура речи
әріптес – партнер, коллега
келіссөз – переговоры
ресми-іскери қызмет – официально-деловая деятельность
кәсіби шеберлік – профессиональное мастерство



ОҚЫЛЫМ
2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз
Студенттің мамандыққа сай тілдік қатынасқа түсуі оның сөздік қорының молдығына байланысты. Ал мәтінмен жұмыс істеу сөздік арқылы іске асады. Демек, мәтінге берілген сөздікті меңгеру – адамдардың кәсіби тілде бір-бірімен ашық пікірлесіп, ойын жеткізуіне, тілдесуіне септігін тигізеді.
Мамандыққа сәйкес тілдік қарым-қатынас орнату үшін сөздің лексикасын, грамматикасын және стилистикасын білу жеткілікті емес. Кәсіби бағытта қарсыласымен пікірлесіп, ойын анық жеткізе білу үшін сөзді дұрыс қолдануға үйрену керек. Қай мамандықта болмасын болашақ маман жиналыстарда, келіссөздерде, қызметтес адамды қабылдауда әріптестерімен дұрыс сөйлесе білуі парыз.
Ол үшін қазақ тілін кәсіби бағытта үйренуге талпынған әрбір тіл үйренуші мәтіндердің мазмұнына берілген тапсырмаларға үлкен мән беруі қажет. Кәсіби сөйлеу тілінің дамуы мен қалыптасуы арқылы мамандыққа қатысты білім аясы кеңейеді сонымен қатар тілдік білім құзіреттілігі қалыптасады.
Кәсіби тілді меңгеру нәтижесінде студенттердің: ауызша және жазбаша кәсіби саласындағы сөйлеу тәртібі мен мәдениетінің деңгейін көтереді; кәсіби қызмет саласында қажетті стильдік, әлеуметтік кәсіби білім қалыптасады; кәсіби коммуникацияның әртүрлі формалары, түрлері бойынша сөйлеу тәртібінің стратегиясы, тактикасы саласында шеберлік икемі болады; курс практикалық бағытта барлық мамандықтар бойынша маманның кәсіби сөйлеу мәдениеті дағдысын қалыптастырады.
Кәсіби қазақ тілі пәнінен алынған тілдік негіздердің икемділік және дағды-машықтары төмендегі қызметтерді атқару үшін: кәсіби салалар қызметінің жағдайларындағы өзара қатынасты орнықтыруға; ресми-іскери қызметінде кәсіби шеберлік мәдениетін танытуда; болашақ маманның тілдік кешенді құзыреттілігін қалыптастыруға; қажетті кәсіби сөйлеу стилін дұрыс таңдай білуді дамытуға қажет.


АЙТЫЛЫМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет