3- тапсырма. Топпен талқылаңыздар.
1. «Кәсіби тілді шебер меңгеру – бәсекеге қабілеттіліктің ең басты шарты» дегенге келісесіз бе?
4-тапсырма. Мәтінмен танысып, өз пікіріңізді білдіріңіз.
Студент өз саласы бойынша кәсіби бағдарлы білім алады. Мамандығына сай сөйлеуге, тілдесуге бір-бірімен ойын ашық жеткізуге үйренеді. Қоғамда болып жатқан барлық жаңалықтардар хабардар болып, өзара пікір таластыра алатын дәрежеге жетеді. Қазақ тілін ЖОО-да үйретуде тілдің қатынас құралы ретінде құзіреттілігін арттыру керек. Ол үшін тілді кәсіби бағытта оқытатындықтан әр топтың ерекшелігіне қарай мәтіндерді, тапсырмаларды ыңғайлап беру керек. Ол тапсырмалар студентті тілдік қатынасқа түсіріп қана қоймай, оның ой-өрісін кеңейтіп, өмірге көзқарасына жағымды әсер етуі тиіс. Бұл оқытушының алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Оқытушының оқу материалдарын бағдарламаға сүйене отырып, шеберлікпен таңдап алуы және жобалауы, материалдың күрделілігін бағалауы және оны нақты мақсатта, демек, белгілі бір мамандыққа сәйкес бейімдеуі арқылы бекітіледі. Осыған орай, кәсіби қазақ тілін коммуникативтік-танымдық бағытта үйрету ерекше маңызды орын алады. ЖОО студенттеріне тілді қатысымдық тұрғыдан оның болашақ мамандығына сәйкестендіріп оқыта отырып, танымдық белсенділігін арттыру шарт.
Коммуникативтік-танымдық бағыт дегенде студенттің сөйлем құрастырғандағы білімін, сөздік қорын, кәсіби тілдегі қарым-қатынас құзіреттілігін қалыптастыру керек. Бұл дегеніміз болашақ мамандардың кәсіби білім деңгейінің жоғары болуы қажеттілігінен шығады.
Студенттің өз мамандығына сай тілді меңгеруінің нәтижелі болуы танымдық белсенділігіне байланысты. Ол үшін оқытушы әр студентке кәсіби бағытта орындалатын материалдарды көптеп дайындау қажет. Оқылым, жазылым, тыңдалым, тілдесім әрекеттері студенттің кәсіби қатынастық құзіреттілігін қалыптастыруда зор ықпал етеді. Өз мамандығына лайық берілген тапсырмалар мен мәтіндер арқылы көптеген ақпараттар алады. Олар тек ақпарат алып қоймайды, жазып үйренеді, жаңа сөздерді меңгереді, бір-бірімен тілдесе алады. Кәсіби бағыттағы тілдік қарым-қатынас орнайды. Ол студенттердің өз мамандығына лайықты тілді үйренуіне деген қызығушылығын арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |