3-сабақ Мамандыққа қатысты тілдік ерекшеліктер ТЫҢДАЛЫМ 1-тапсырма. Төменде берілгенсөздермен (сөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз. тіл – язык
қарым-қатынас – общение
тілдік қатынас – языковое общение
болашақ мамандардың кәсіби білім деңгейі – уровень профессионального образования будущих специалистов
тілді өз мамандығына сай меңгеру – владение языком в соответствии со своей специальностью
танымдық белсенділік – познавательная активность
сөздік қор – словарный запас
мамандыққа сәйкес тілдік қарым-қатынас орнату – установление языкового общения в соответствии с специальностью
кәсіби коммуникацияның формалары – формы профессиональной коммуникации
сөйлеу тәртібінің стратегиясы мен тактикасы – стратегия и тактика речевой дисциплины
кәсіби сөйлеу мәдениеті – культура профессиональной речи
ОҚЫЛЫМ 2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз Қазір республикамызда қазақ тілін мамандыққа бейімдей оқыту даму сатысында. Қазақ тілін кәсіби салада оқыту мәселесін қоғам өміріндегі қажеттіліктер туындатып отыр. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесі нығая түскен сайын, келешекте де түрлі салалардағы кәсіби қазақ тілінің маңызы арта түсері сөзсіз. Себебі, жақсы маман болумен қатар, тілдік білімі толысқан, бірнеше тілде соның ішінде мемлекеттік тілде кәсіби сөйлей алатын маманның компания, мекеме, мелекеттік қызмет және қоғам үшін де алар орны, көтерер абыройы бөлек.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі. ЖОО-да қазақ тілін практикалық тұрғыдан меңгертудің мақсаты – студенттердің әр түрлі салада еркін қарым-қатынас жасай білуін қамтамасыз ету. Студенттер үшін мұндай маңызды салалардың бірі – келешектегі кәсіби қызметі. Студенттерге бұл орайда мемлекеттік тіл – қазақ тілін кәсіби тұрғыдан оқыту мақсатында жоғары білім беру жүйесіне базалық пәндердің міндетті компоненті ретінде кәсіби қазақ тілі пәні енгізілген. Пәнді оқытудағы басты мақсат – озық тәжірибелерді, жаңа технологияларды тиімді, ұтымды оқыту әдістерін пайдалана отырып: мамандыққа қатысты кәсіби тақырыптарға арналған мәтіндерді түсіне білуге үйрету; кәсіби қарым-қатынас жасай білу дағдыларын қалыптастыру; мамандық тілінің терминологиясын үйрету; кәсіптік терминдерді пайдалана отырып, мәтін құрата білуге үйрету; cөйлеу мәдениетін дамыту; сабақтың танымдық, тәрбиелік мазмұнда ұйымдасуын ескеру; термин-ұғымдарды көркем шығарма, ауыз әдебиеті үлгілерімен ұштастыру.