3-тапсырма. Өзіңіздің мамандығыңыз туралы әңгімелеңіз (10-15 сөйлем).
4-тапсырма. Отбасыңыздағы адамдардың мамандықтары туралы айтыңыз.
5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Сіздер болашақ мамандықтарыңызды ғылыммен байланыстырасыздар ма?
2) Гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдарының қайсысын таңдадыңыздар? Неліктен?
ЖАЗЫЛЫМ
6-тапсырма. Сөз тіркестерін пайдаланып, мамандық туралы шағын мақала жазыңыз.
Ғылыми ізденіс, ақпарат алмасу, ортаға бейімділік, қозғаушы күш, мамандыққа сұраныс, сауалдарға сараптама, насихаттық жұмыс, ғылыми бағыттылық, сабақтастық, мүдделілік, басым бағыт, көкейкесті мәселелер, қолданысқа енгізу, заман талабына сай, ғылыми бағыттылығы, үлкен мән, көңіл бөлу, мүмкіндіктері қарастырылады, ақпараттық технологиялар
№1 СӨЖ тапсырмасы:
1. Мамандығыңызға қатысты 10 шақты теминнің жасалу жолын түсіндіріңіз
2. Ақпарат құралдарынан білім, ғылым туралы естіп, білген жаңалықтарыңызбен бөлісіңіз.
2-сабақ
Болашақ маманның тілдік құзыреттілігін қалыптастыру
ТЫҢДАЛЫМ
1-тапсырма. Төменде берілген сөздермен (сөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.
құзіреттілік – компетенции
коммуникативтік құзыреттілік – коммуникативная компетентность
тілдік құзыреттілік – языковая компетентность
кәсіби шеберлік – профессиональное мастерство
теориялық және практикалық дайындық – теоретическая и практическая подготовка
ақпараттық құзыреттілік – информационная компетентность
регулятивтік құзыреттілік – регулятивная компетенция
жалпы құзыреттілік – общая компетентность
ОҚЫЛЫМ
2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз
Тіл құзыреттілігі құрамына қарай 5 негізгі бөлікке бөлінеді: 1. Грамматикалық құзіреттілік; 2. Социолингвистикалық құзіреттілік; 3. Дискурсивті құзіреттілік; 4. Стратегиялық құзіреттілік; 5. Социомәдениеттік құзіреттілік.
Достарыңызбен бөлісу: |