1-тапсырма. Тақырыпқа қатысты лексикалық қормен танысыңыз.
Еліміздегі туризм, дамып жатқан, қалыптастыруға және дамытуға, ауа-райы, аумағы, ұйымдастырылған, географиялық картасы, орналасу аумағы, табиғаты, түрлі, кең байтақ жер, жоғалтып алмау,пайда табу көзі, қамқорлық, әр өлкеде, инфрақұрылымдық салалар, көптеген бағдарламалар.
ОҚЫЛЫМ
2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.
Туризм – мемлекеттің жарнамасы. Ол әлемдiк экономикада басты рөлдiң бiрiн атқарады. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығымен ерекшеленеді. Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымның (ДТҰ) деректерi бойынша туризм әлемдегi жалпы ұлттық өнiмнiң оннан бiр бөлiгiн, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдiк өндiрiстiң әрбiр 9-ыншы жұмыс орнын қамтамасыз етедi. Туризмнiң қазiргi индустриясы табысы жоғары және серпiндi дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бiрi болып табылады.
Сондықтан да елімізде бұл саланы дамыту кезек күттірмес мәселелер қатарына қосылды. Қазақстанда 400-ден астам туристік фирмалар қызмет етеді. Сексен елдің туристік фирмаларымен келісім жасалған. Елімізде Алматы және Астана қалалары, сондай-ақ Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында туризм жақсы дамыған. Осы облыстардың және қалалардың туристік фирмалары қызмет көрсетудің 88 пайызын құрайды.
Елімізде туризмді насихаттау жұмыстары жүргізілмей отырғаны анық. Шындығына келсек, елдегі туризмнің дамымай отырғандығына ең басты себеп – Үкіметтің бұл саланы дамытуға бел шешіп кіріспей отырғандығы. Бұған биліктің туризмді экономиканың кірісті бір саласы деп қарамай келе жатқандығын, осы салаға бейімделген білікті мамандардың тым аздығын, аталған салаға қажетті инфрақұрылымдардың әлсіздігін қосуға болады. Осыдан қарап-ақ мәселенің қаншалықты өзекті әрі уақыт күттірмей қолға алуды қажет ететін маңызды шаруа екенін бағамдар едік. Өкінішке қарай, елімізде туризм саласынан түсетін салық көлемі бір пайызға да жетпейді.Туризм – әлемде дамуы жағынан дес бермей келе жатқан ауқымы кең сала (Ғаламтор материалдарынан).
ЖАЗЫЛЫМ
Достарыңызбен бөлісу: |