Модуль. Жеке тұЛҒА 1- сабақ Лексикалық тақырып: Жеке тұлғаның қоғамдағы орны



бет26/131
Дата26.12.2022
өлшемі499,93 Kb.
#164429
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   131
Байланысты:
Қазақ тілі В1 деңгейі
казак тілі билет сұраұтары 2022, казак тілі билет сұраұтары 2022
2- тапсырма. Ой түрткі:
1. Экологиялық таза өнім дегеніміз не?»
2. Экологиялық таза өнімі өндірісінің қалыптасу кезеңдері мен ерекшеліктері?
3. Қазақстан экологиялық таза өнімдер проблемалары?
4.Экологиялық таза өнімге қойылатын талаптар ?.

ЖАЗЫЛЫМ


3- тапсырма . Мәтін бойынша төрт- бес сұрақ құрастырыңыз.
4- тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырыңыздар.
Ұлы дала, экологиялық таза, құнды, емдік қасиеті мол, энергетикалық құнды, ас-тағамдары, сұраныс, табиғи, тағам өнімдері, дайындау, қолданбалы технологиясында, пайдалана отырып, маңызды, тағам өнімдерін, заманауи технология, мал шаруашылығы, тікелей байланысты, тамақтану факторына, табиғи маңызды, ас-тағамдарына, күн сайын, өсіп келеді. 


3- сабақ
Таза өнімнің денсаулыққа пайдасы
ЖАЗЫЛЫМ
1-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар. Табыс септігі жалғауын көрсетіңіздер:
Экологиялық таза өнімді, таза тамақты, өнімін өндірісінің қалыптасу, кезеңдері мен ерекшеліктері, өнімдер шығаруды, айқындау, жолдарын қарастыруды, қойылатын нормаларды.

ОҚЫҢЫЗ және АЙТЫҢЫЗ


2-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, мазмұнын өз ойыңызбен жалғастырыңыз.


Адамдардың табиғи өнімдерге деген сұранысы артып келеді
Бүгінде адамдар дұрыс тамақтану мен табиғи өнімдерді пайдаланудың денсаулыққа пайдалы екендіктерін түсініп келеді. Түрлі азық-түлік өндірушілер де тұтынушыларға сапалы өнім беруге ұмытылып келеді. Мұндай ықылас қазақстандық өндірушілер тарапынан көбірек байқалып келеді. Бірақ, сырттан тасымалданатын сапасыз өнімдер отандық өндірісіміздің алға жылжуына көп кедергі келтіріп отыр.
Миллиардтаған қаржыға сырттан сатып әкеліп отырған сол өнімдердің сапасы сын көтермейді. Май, ірімшік деп жеп отырған өнімдеріміздің денсаулығымызға білдірмей себіліп отырған у екендігін біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Ал Еуропада жалған өнім жасаушыларды бірден өндірістен алып тастайды. Ал біз болсақ, өзге елдің өндірісінен сауда орындарындағы сөрелерінен алынып тасталған өнімдерді тұтынып отырмыз. Біздің Тұтынушылар құқын қорғау жөніндегі комитет бұл тұрғыда баяу жұмыс істеп отыр. Адамның ең үлкен байлығы – денсаулығына зиян келтіретін азық-түлік, киім-кешек шекарадан өткізілмеуі тиіс. Ал енді сол денсаулықты қалай сақтау керек, қалай тамақтансақ, ұзақ өмір сүруге болады? Деген сауал кім-кімді болсын ойлантатыны анық.
Ал мен бұған табиғи өнімдерді, өзіміздің жергілікті жердің шикізатынан жасалған өнімдерді пайдаланыңдар және дұрыс тамақтану тәртібін меңгеріңдер дер едім. Қазаққа жылқының еті мен бие сүтінен пайдалы ас жоқ. Мен жақында Швейцарияда болып, ондағы сиыр сүтінен шокалад жасайтын зауытта болып, олардың тәжірибелерімен танысып қайттым. Бұйыртса, біз бие сүтінен биылдан бастап түрлі өнімдер, атап айтқанда, шоколадтың 15 түрін, балмұздақ, сары су, құрт және ірімшік жасауды қолға алдық. Барлық өнімдеріміз таза табиғи түрінде, еш қоспасыз, тіпті, қантсыз жасалады.
Өйткені, бие сүті қайнатылмайтындықтан, оның құрамындағы денсаулыққа пайдалы дәрумендер мен денсаулыққа пайдалы заттар сол қалпында сақталып қалады.
(Ғаламтор материалдарынан)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет