3-сабақ
Тақырыбы: Табиғат құбылыстарының адам өміріне әсері
ОҚЫЛЫМ
1- тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, жоспар құрастырыңыз және сол бойынша мәтінді мазмұндап беріңіз.
Қазақстанның әр аймағында ауа райы әр түрлі болады. Солтүстік жақта күн салқындау әрі суығырақ болса, оңтүстік аймақта күн райы жылы болады. Яғни, ауа райы әр аймақта, әр уақытта өзгеріп тұрады. Және бұл өзгерістер ауа райының басты қасиеті болып табылады. Бұрынғы кезде ауа райын болжайтын орталықтар, термометрлер болмаған. Сондықтан ата-бабаларымыз күн райын жан-жануарлардың, құстардың іс-әрекетіне, ауа райының өзгерістеріне қарап, болжайтын болған. Ауа райын зерттеу адамның күнделікті тұрмысы мен шаруашылық әрекеті үшін қажет. Ауа райы болжамынсыз ұшақтар аспанға көтерілмейді.
Ауа райын болжау бүкіл жер бетіндегі метеорологиялық стансаларда және атмосфераның біршама биік қабаттарында жүргізілетін бақылауға негізделеді. Қазіргі кезде Жер шарында 10 мыңнан астам метеоррлогиялық станса бар.
Бүкіл дүние жүзінің метеоролог мамандары бірыңғай Гринвич уақытымен бақылау жүргізеді. Қазақстан жерінде күннің кенет суыту мәнісі көбінесе арктикалық суық ауа массасының баса көктей кіруінен. Бүгінгі күні ауа райын ғарыштан бақылауға болады, бірақ жалғыз адамның қолынан келмейді. Ауа райы - жеріміздің алып күшінің бірі. (Ғаламтор материалдарынан).
Ауа райы бұзылар алдындағы белгілер:
Будақ бұлттар кешке қарай тарап кетпей, қайта көбейіп, қалыңдай түседі.
Ертеңгі және кешкі күн шапағы қызғылт түсті болады.
Түнгі және күндізгі температураның айырмасы азаяды.
Кешке қарай жел тынбайды, қайта күшейеді.
Шық және қырау түспейді.
Күн немесе Ай қораланады.
Ауа қысымы төмендейді.
ЖАЗЫЛЫМ
2- тапсырма. Мәтін бойынша бес-алты сұрақ құраңыз.
3- тапсырма. Ауа райы туралы өз пікіріңізді жалғастырыңыз.
Адамның өзін қалай сезінуі және соған сәйкес көңіл күйі, жұмысқа қабілеттілігі, қоршаған ортаның (ауа райының) параметрлеріне яғни көрсеткіштеріне байланысты.
Ауа райына байланысты адамның өзін қалай сезінетіні, оның жеке ерекшеліктеріне байланысты және ол санқырлы болып келеді, біреуге жақсы әсер еткен күн райы, келесі бір адамға жағымсыз әсер етуі мүмкін!....
№ 8 СӨЖ тапсырмасы
Табиғат құбылыстарынан келетін қиындықтар. (сауалнама дайындау)
Достарыңызбен бөлісу: |