Модуль. Жеке тұЛҒА 1- сабақ Лексикалық тақырып: Жеке тұлғаның қоғамдағы орны



бет42/131
Дата26.12.2022
өлшемі499,93 Kb.
#164429
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   131
Байланысты:
Қазақ тілі В1 деңгейі

2-тапсырма. Мәтінді оқып, өздеріңіз білетін ақпаратпен толықтырыңыздар.




Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
Көркем мінез – адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні. Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-мұрны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгіресің. Бұл адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Адамның қадір-қасиеті, көпшілік жағдайда, мінез-құлқына қарай бағаланады. Жақсы мінез өмір кеңістігінің төріне шығарады, теріскейлігі құрметке, сыйластыққа апармайды. Демек, мінезді еркінсітпей, қашанда, ақылға жүгіндіру қажет.Әбден қалыптасқан және өмір қалпына үйлесімділік тапқан мінез-құлық «адамның екінші табиғаты – әдетке» айналады. Ұлттық негізді тәлім-тәрбие жинаған адамға айналасындағылар қызыға қарайды.Кейбір адамның жан дүниесі және сыртқы келбетіне үйлесіп тұрады. Жақсы мінезді, адамгершілік қасиеті жоғары адамдардан үлгі алу керек.


2-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар.
Замандас келбеті
Адамның жан дүниесі өте күрделі. Онда жақсылықтың да, жамандықтың да әр түрі бар. Олардың қайсы басым түссе, адам соған қарай бетбұрыс жасап, өз тұлғасын қалыптастырады.
Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан-дүниесі де, ойы да жақсы болуға тиіс. Қазіргі заманда адамның сыртқы келбеті, киімі, тап-таза болуы қажет. Сонда ол адам өз ортасында, әріптестерінің арасында жүзі жарқын болып жүре алады.
Мен Көкшетау мемлекеттік университеті экономикалық факультетінде бірінші курста оқимын. Менің тобымда 17 студент оқиды. Біз бәріміз құрдаспыз. Біздің тобымызда әр түрлі ұлттың өкілдері оқиды.
Жанар, Нұргүл, Балнұр, Қарлығаш, Құралайдың ұлты - қазақ, олар ұзын бойлы, шаштары қалың, көздері үлкен, әдемі, сымбатты қыздар. Балнұрдың шашы бұйра, ұзын. Айгүл, Қарлығаш, Бота аққұба, ал Алтынай мен Рысгүл қараторы.
Ал, Настя мен Светаның ұлты – орыс, олар да ұзын бойлы, аққұба, сымбатты, шаштары боялған. Оляның көзі үлкен, ал, Светаның көзі көкшіл кішкене. Альмираның ұлты – татар, ол аққұба келген, орта бойлы, сымбатты, көзі үлкен, әдемі қыз.
Луиза мен Даянаның ұлты – әзірбайжан. Олар қараторы келген, ұзын бойлы, қастары қиылған, кірпіктері ұзын, шаштары қара, көрікті қыздар. Олар өз ана тілінде сөйлей алады. Біздің топтың қыздары өте ұйымшыл, білімді және өте жақсы оқиды.
Тобымыздағы ұлдар байсалды, салмақты, ақжарқын. Мысалы, Тимур мен Әділет мектепте бірге оқыған. Олар ұзын бойлы, қой көзді, аққұба келген, екеуінің де шаштары толқынды бұйра.
Андрей, Олег, Виктордың ұлты – орыс. Олар орта бойлы, денелі, көздері көкшіл, аққұба келген, шаштары қысқа қиылған, олар өте ұқыпты, тиянақты және соңғы сәнмен киінеді.
Ал, Романның ұлты – татар. Ол ұзын бойлы, қараторы, көздері үлкен әдемі, шашы қалың қысқа, сымбатты жігіт. Ол қазақ тілін жақсы біледі.
Сөздік

Қараторы - смуглый
Ақсары - блондинка
Ақкұба - светлоликая (ий)
Дөңгелек жүзді - круглолицая (ый)
Сопақ - продолговатая(ое)
Маңдай - лоб
Кең - широкий
Ұзын - длинный
Қысқа - короткий
Қалың - густой
Сирек, селдір - редкий
Сары - светлый
Қара - черный
Ақ - седой
Боялған - крашенный
Бұйра - кудрявый
Тік - прямой
Көкшіл - голубой
Қой көзді - карие
Қара - черный
Үлкен көз- большие глаза
Сымбатты – стройный (ая)
Денелі – крупного телосложения
Кең иықты - широкоплечий
Толық - полный, толстый.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет