3- тапсырма . Ой бөлісіңіз:
1. Неліктен Қазақстанда туризмді дамытуда төрт кластерді қарастырды?
2. Қалай ойлайсыз туризмді дамытуды қанша түрге бөліп қарастыруға болады?
3. Туризмді дамытуда өз демалысыңызды Қазақстанда өткізу үшін қанша қаражат қажет деп ойлайсың? Диаграмма жасаңыз.
4- тапсырма. Топпен жұмыс:
Тақырып: «Өз өлкеңді білесің бе ?»
Жергілікті жердің табиғаты туралы сұрақтар. Берілген сұрақтардың дұрыс жауабын табу, әрбір дұрыс жауап 5 ұпай.
3 бағыт бойынша өткізіледі.
Жануарлар әлемі;
Аумақ өсімдіктері;
Табиғат байлықтары.
8- модуль: АДАМ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ
1- сабақ
Лексикалық тақырып: Табиғат құбылыстары
Грамматикалық тақырып: Мезгіл мағыналы сөздер (қыс, көктем, түсте,кеш батқанда), салыстыру құрылымдарын берудегі қолданысы (Алматыға қарағанда Астана суық; бұған қарағанда, соған қарағанда, осыған қарағанда).
ТЫҢДАЛЫМ ЖӘНЕ АЙТЫЛЫМ
1- тапсырма. Сөз тіркестерінің мағыналарына көңіл аударыңыз.
Халық қазынасы, жер беті, тамаша табиғат, шалғынды жер, табиғат,өлкесі, табиғатын жете білу, туған жер, табиғатын қорғау, негізгі мәселелер, қазба байлықтары, денсаулық, қажеттілік, су ресурстары.
ЖАЗЫЛЫМ
2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерді сөйлем құрастырыңыз.
Шағын кәсiпкер, қайнар көзi, кәсiпкерлiктi дамыту, оңтайлы ролі, жекеменшік салалар, басты басымдығы, өзектi мәселелер, өсу деңгейi,өтпелi кезең, индустриялық-инновациялық стратегия, негiзгi өндiрiс, инновациялық қолдау.
3- тапсырма. Мәтінде оқып ой бөлісіңіз.
Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық.
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, жер, ай мен күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғатдеген ауқымды ұғымды білдіреді.
Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен-кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екенін білеміз.Табиғат-қандай керемет.
Достарыңызбен бөлісу: |