Модуль. Жеке тұЛҒА 1- сабақ Лексикалық тақырып: Жеке тұлғаның қоғамдағы орны


-сабақ Мен жастарға сенемін. Жастарға арналған білім беру



бет58/131
Дата26.12.2022
өлшемі499,93 Kb.
#164429
түріСабақ
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   131
Байланысты:
Қазақ тілі В1 деңгейі

2-сабақ
Мен жастарға сенемін. Жастарға арналған білім беру
ТЫҢДАЛЫМ
1- тапсырма. Төменде берілген сөздермен (сөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

Қозғаушы күш – движущая сила
Қағидат – принцип
өмірлік ұстанымдар – жизненные принципы
рәсуа – напрасная трата
нық қадам – уверенный шаг
қисынды қорытынды – логическое заключение
жалын – пламя
өршіл – целеустремленный
намыс – честь
рух – дух
өркенді - процветающий

ОҚЫЛЫМ
2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.


ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ЖАСТАР
Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Сондықтан күні ертең ғалым, қазақстандық компаниялардың менеджері болатын студенттер мұны жақсы түсінуі тиіс.
Кім дамымаса, алға қарай жүрмесе, өз орнын басқаға, әлдеқайда бәсекеге қабілетті маманға беруіне тура келеді.
Шын мәніндегі бақытты кезеңде өмір сүріп жатқан жастарға өзін таныту үшін мүмкіндіктер өте көп, бұл туралы аға ұрпақ жастық жылдарда армандай алмайтын. Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар адамдардың уақыты. Мемлекет жастар үшін барлық жағдайды жасап отыр. “Жастық шақ – бұл тамаша нәрсе; оны рәсуа ету қылмыс... ”, - деген екен Бернард Шоу. Тек оқу, күш-қуатыңды аямастан еңбек ету керек, сонда ғана ойлаған арманға жетуге болады.
“Қазақстан” сөзі көне еліміздің жаңа жастық шағын, халқымыздың жаңа тарихтағы нық қадамын бейнелей отырып, әлемдік аренада қуатты естілуі тиіс. Қазіргі жастар тәуелсіз Қазақстанда өсті, олардың көз алдында мемлекетіміздің қалыптасуы жүрді. Олардың ана сүтімен бойында патриотизм және өз тәуелсіз Отандарына деген сүйіспеншіліктің терең сезімі дарыған.
Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіру жөніндегі барлық ойлар мен жоспарларды қисынды қорытындысына жеткізетін де жастар болмақ. Жастардың білімдері, күш-жігерлері мен еңбектері күшті де өркенді Қазақстанды орнатуға жұмыс істейтініне сенім мол.
Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады (Н. Ә. Назарбаевтың “Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына” атты лекциясынан ықшамдалып алынды. Егемен Қазақстан, 27 мамыр, 2006 жыл).

ЖАЗЫЛЫМ
3-тапсырма. Мәтінмен танысып, өзіңіз оқитын білім ордасында қандай үйірмелер бар екені туралы сұхбат құрыңыз.


Білімнің алтын ордасы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіндегі студенттерге шынайы өнер арқылы әсер ететін тәрбие ошақтарының бірі – студенттер клубы. Студенттер клубы түрлі мәдени қажеттіліктерді қарастыру, студенттердің, магистранттардың, аспиранттардың, дайындық бөлімі тыңдаушыларының өзіндік шығармашылық қабілетін дамыту үшін құрылған.
Студенттер клубының мақсаты – жігер оты жалындап жанған студент жастардың жас дәуренін текке өткізбеу, жаман әдеттерден аулақ ету, олардың бос уақытын әсерлі ән, әсем күй, мың бұралған би әлемімен қауыштыру. Клуб университет өмірінде барлық мәдени шараларды өткізу жұмыстарын жүргізеді. Студенттер клубы барлық қалалық және республикалық байқауларға белсенді түрде қатысады.

АЙТЫЛЫМ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет