Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі



бет29/68
Дата29.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#194076
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68
Байланысты:
Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы-emirsaba.org

Типтік мінез бітістері.
Типтік мінез бітістерін зерттеу психология ғылымының алдындағы басты
міндет. Белгілі қоғам мүшелеріне ортақ мінездердің қатарына: отанға
берілгендік, адалдық, шыншылдық, еңбекке және қоғам мүлкіне дұрыс
көзқарас, ұжымшылдық, гуманизм, өз борышын және жауапкершілігін түсіну,
қиыншылықтарды жеңіп шығуға дайын болу, кішіпейілділік, қарапайымдылық,
сергектік, жолдастық т.б. жатқызуға болады.
Типтік мінез бітістеріне мыналар жатады:
1) Отан сүйгіштік – адам бойындағы күш–қуатын, білім мен тәжірибесін
халық мүддесіне лның игілігіне, яғни туған жеріне білдіретін перзенттік
борышы оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім. Отан сүйгіш қасиетті
қастерлеп әр заман ғұламалары өз ой-түйіндерін осыған бағыштаған. Мысалы:
М. Әуезов: «Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім
жоқ » деген, т.с.с. Отаншылдық, ата мекенге деген сүіспеншіліктің негізгі
мазмұны, сонымен бірге имандылық пен кісіліктің басты белгісі, басты өлшемі
болып табылады.
2) Мақсаткерлік (мақсатқа талпынушылық) – бұл бір істі нәтижелі етіп
тындыру. Бұл адамның мінез-құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы,
өзінің ұстаған бағыт-бағдар позициясына, танымы мен сеніміне, асыл арманына
бағындыра алуы. Үміті мен арманы шындыққа сәйкес келген адам ғана
келешектің құшағында өмір сүре алады. Адамның мақсаткерлік қуаты, үміт-
арманы, алға қарай ілгерілеу талабы неғұрлым биік болса, оның қабілеті,
таланты да тез, өміршең болып келеді. Ақтамберді жырау айтқандай: «Әркім
өзі талпынбақ, басына бітер бағы үшін» , өйткені тіршіліктің ең қасіреті
мақсатсыз өмір сүру, осы жолда күресті тоқтату. Мақсаткер адам – ылғида
жалындап жанады, ол жеңілу үшін емес, жеңу үшін күреседі.
Борыш пен жауапкершілік – бұл адамның үй іші, әке – шеше, тума –
туысқандарына қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет. Бұл
кісіліктің басты белгісі, терең және күшті сана – сезімді қажет ететін қасиет.
3) Борыш пен жауапкершілікті түсіне білуден адамның имандылығы мен
адамгершілігінің дәредесі байқалады. Борышты сезіну оны орындау, – ми және
жүректің бірлескен жұмысын қажет етеді. Оны ақыл мен сезім тұрғысынан



жақсы жаман деп бағалау ар мен ұятқа келіп тіреледі. Ер жетіп, есейген


адамның борыш сезімінің оның тілек қалауымен үйлесе бермейтіні, оның
психологиялық көңіл – күйіне ауыр жүк , зіл түсіретіні сөзсіз.
4) Мейірімділік пен ізгілік – осы қасиет бір – біріне үйлескен екі қозыдай.
Бұл қасиет басқаларға (әке – шеше, ағайын, туыс, таныс т.б.) көңіл бөлу,
олардың сеніміне ие болу, айналасындағылармен өзара дұрыс қарым – қатынас
жасау, адамға эмоциялық жағынан тиімді. «К.Бовидің жазғанындай, -бұл
мейірімділік – мылқаулар сөйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл».
Өзің білетін адамдардың жан дүниесінің ерекшелігіне көңіл бөліп, оның
талап – тілегіне, талғамына мен қамына көңіл аударып, оның қуанышымен
күйзелісіне аса сезімталдықпен қараған абзал. Адамның ерекще абырой беделі
болмаса да, оның жақсылық нышанын ізгі қадам жасауға ұмтылыс –
талпынысын ескеріп отыру – бір ғанибет. Олай болса, біз өз бойымызға
еішкентайымыздан осы абзал қасиеттерді дарыта жүруді естен шығармайық.
«Адамға қалайда болса, қашанда болса пайда келтіретін ой мен іс ізгілік деп
аталады. Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу – адамның жаратылысының
өзінде бар нәрсе» (М.Жұмабаев).
Ізгілікті адам жұрт мүддесіне қайшы келетін, адамзаттың бақытты
болашаққа жетуге бағытталған асыл арманына бөгет жасаушылармен
ымырасыз күресіп отырады. Бұл тамаша қасиет халқымыздың ұлттық
психологиясынан да, аты шулы перзенттерінің жеке бастарынан да
көрінетіндігіне дәлелдемелер жетерлік.
5) Адалдық пен шыншылдық – бұл екеуі бір–бірімен біте қайнасқан кісінің
жақсы мінез бітістері.
Адалдық – сөздің таным мен сенімге ұштасуы, оның іс-әрекетке қайшы
келмеуі. Шыншылдық – адамның азаматтық борышына, ар-ожданына
қалтқысыз қатынасы. Адал да шыншыл, әділетті болу – еңбек пен білім алуға,
жалпы іс-әрекетке дұрыс көзбен қарау, инабатты, тіршілікте тиянақты,
принципті болу деген сөз.
Адалдық пен шыншылдық бар жерге кісі әділетті де, кішіпейілділік пен
қайырымдылық, қарапайымдылық етіп жүреді, бұлар кісінің абыройы мен
атына дақ түсірмейді. «Сырты бүтін, іші түтін», яғни босқа көлгірсейтін
көзқарас пен мінездегі түрлі жалған көріністер (екі жүзділік, жарамсақтық,
жалтақтық, күншілдік, іштарлық, мақтаншақтық, тәкаппарлық т.б.) – нағыз
адалдық, шыншылдықпен еш сыйыса алмайды. «Адалдық қайда болса, тіршілік
сонда» (Қ.Насыри), «Шындық ауа, онсыз дем алуға болмайды» (И.С.Тургенов),
«Шындық шырағы дауыл соқса да өшпейді» (Ғ.Мұстафин).
6) Достық – бұл ортақ көзқарас пен мүдде, мақсат бірлігі негізінде пайда
болып, уақыт сынынан өткен адамгершілік құндылығы мол тұрақты,тек адамға
тән жоғары сезім. Оның маңызды белгісі - өте берік, әрі терең эмоциялық
жақындық. Ол адамның бір-біріне сөз жүзінде де, іс жүзінде де адал және
шынайы болу, өзара терең мүдделілік, бір-біріне толық сену, қайғы мен
қиыншылықта өзара қол ұшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық.
Достардың мінез, темперамент секілді ерекшеліктері түрліше болып келуі де
мүмкін.



Нағыз достық адамға шабыт беріп, бітеседі, өмірде кездесетін түрлі


сәтсіздіктерге мойымауға жәрдемдеседі. Достық қарым-қатынас, адамға,
әсіресе, балғын балауса шақта аса қажет. Дос іздеу – асқақ арман мен таудай
талап, шексіз-шетсіз үмітке толы жас дәуреннің ерекше сезімі. Өзара пікір
алысудың, сенім-нанымдарды қалыптастыру мектебі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет