соңынан қалмайтын бала. Мұндай балалардың сезімдері сырт әлпетінен
көрінбейді десе де болады. Ол оқушының дауыс екпіні баяу келеді, аптықпай,
асып- саспай сөйлейді, сөзі ым- ишаралармен ерекшеленіп тұрмайды.
Флегматик темпераменттегі балалардың көпшілігі мектепке келгеннен кейін
оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.
3.
Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері.
Бұл
ұшынқонып тұратын, күкгелек, танымсыз, шамданғыш, көңіл күйі жиі өзгереті,
қарым-қатынаста аумалы- төкпелі, тұрақсыз,
соқпа мінезді, белсенді пысық,
бірақ бейқам, ашуланшақ бала. Мұндай оқушы қимыл-әрекетті сүйеді. Әдетте
оның қимыл-қозғалысы батыл, шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына әбден
беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Онда ой әрекетінің белсенділігі
оқу тапсырмаларын орындауынан жақсы көрінеді. Спорт, әсіресе қозғалыс
ойындарына бар ықыласымен қатынасады. Мектепте ұйымдастырылатын
жұмыстада балалардың алды болатын да осылар. Мұндай балалардың көбінің
мінездері сотқар, шалдуар келеді. Өз эмоциялары
мен қимыл- қоғалыстарын
билей алмай, қабынып, «күйіп-пісуге» дайын тұрады. Ашуы шапшаң қатты
қияңқы, ұнамсыз істерге әуес. Бұлардың сөзі жылдам, интонация толқамалы,
кейде топ ішінде даусы қатты шығып та кетеді. Олар тез, қызу сөйлеп,
төңірегілерді бірден ұйытады. Холерик темпераментіндегі бала өте сезімтал
болғандықтан, түрлі
әсерлерге тез беріледі, ызақор, ашуланшақ келеді. Оның
бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан
жақсы байқалады.
4.
Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері.
Сәл
нәрсеге ренжиді,өкпелегіш, пессимист тұйық, сөзге сараң аса баяу қозғалатыны
жай басар. Мұндай оқушылардың сезімталдығы өте баяу көрінгенмен, онысы
терең және ұзақ уақытқа созылады. Меланхоликтер мектеп өміріндегі
оқиғалардың бәрін үлкен әсермен қабылдап, оларды көп ойлайды. Мәселен,
мұғалім онвы
тақтаға шақырып есеп шығартса, мұның өзі оған кейде
әлдеқандай әсер етеді. Ол кейде қызараңдап ұялады, егер мұғалімнің
тапсырғанын орындап шыға алмаса, осыған қатты қайғырады, көпке дейін бұл
оның есінен кетпейді. Егер мұғалім кластағы балалардың көзінше оған
ұрысатын болса (бұлай ету әрине дұрыс емес), мұндайда бала төмен қарап
жылап, кейде жауап айта алмайтын жағдайға ұшырайды. Ол көпке дейін
булығып, белсенді сөз айтудан қалады. Меланхолик темпераментіндегі оқушы,
көбінесе өз жолдастарының арасында көзге түспей, жай ғана жүріп- тұрғанды
ұнатады, «мен» деп ешқашан ұмтылмайды. Ол
ұялшақ, тартыншақ тұйық
болғандықтан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Мектепте осындай
балалардың құрбы- құрдастары «қорқақ», «сылбыр», «үндемес», «маубас» т.б.
деп келеке ететін кездері де болады. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді,
бірбет, қыңыр, қисық келеді.
Темпераменттердің адам психикасынан алатын орнын топырақтың
өсімдікке тигізетін әсерімен салыстыруға болады. Өйткені темперамент-
адамның табиғи жағын көрсететін басты белгілерінің бірі. Әтсе де темперамент
адам психологиясының бүкіл мазмұнын көрсете алмайды. Өмір сүру
барысында біртіндеп қалыптасып отыратын адамның дүниетанымымен сенімі,
қызығуына қажеті,
мұраты мен талғамы, оның темпераментіне тәуелді емес.
Бұл жөнінде Г. Чернышевский өте тамша айтқан:
«Егер қабағыңа қар жауған,
сөзге сараң Балленштейн соғысты қандай жақсы жүргізе білетін
болса,әзілқой, сөзшеңСуворов та соғыстаодан аспаса, кем түспейтін»
1
.
Әр адамның темпераменті психикалық әрекетінің көрінуінде сырттай із
қалдырғанмен, ақыл- ойының дамуына ешқандай елеулі әсер ете алмайды
деген қағиданың бірден-бір дұрыстығын меланхолик темпераментіндегі
оқушылардың өмірінен жақсы көруге болады. Нерв жүйесі әлсіз, жуас
балалардың мектептерде оқу озаты болып жүргендері аз емес. Осы
айтылғандардан темпераменттердің қандай болмасын тәрбиенің ықпалымен
қалыптасып отыратындығы, тіпті меланхоликтердің өзін ерік жігері күшті,
мінезді, коллективтің бағалы мүшесі етіп
тәрбиелеуге болатындығы
байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: