Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы


Еріктің дамуы және оны тәрбиелеу



Pdf көрінісі
бет26/72
Дата29.10.2022
өлшемі1,44 Mb.
#155534
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   72
Байланысты:
Модуль психологияда Ы лтты сананы

 Еріктің дамуы және оны тәрбиелеу 
Жаңа туған балада шартсыз рефлекстер түіндегі ырықты қозғалыстар 
ғана болады. Сондықтан шын мәнісіндегі ерікті қимыл бұл кезеңде болмайды. 
Балалардың еркінің дамуы ырықты қозғалыстар жасауға үйрене бастаудан, 
яғни өз қозғалысын, денесін басқараалудан көрінеді. Баланың өз 
қозғалыстарын басқара білуіне тілі шығуының маңызы зор. Тілдің шығуы 
ерікті қимылды ретеп, тежеп отыру үшін аса қажет. Үш жасар балада ырықты 
қозғалыстар біршама жетілген. Бірақ қозғалыстарды қалай болса солай меңгере 
алудыңмәні шамалы. Мұнда бала өзінің көңілі ауған нәрсесіне ғана емес, 
орындауға қажетті нәрселерге де бойын тұрақтата алуы тиіс. Баланы осы 
қасиетке тәрбиелеуде талап қою, оған шамасы келетін тапсырмалар беріп, 
орындатқызып отыру ерекше маңызды. 
Баланың еркін тәрбиелеуді неғұрлым жас кезінен бастау қажет. «Баланы 
жастан» деп халық бекер айтпаған. Бала тілі шығып, жүре бастағаннан кейін, 
үй ішіндегілердің қылығына еліктейді, ол әрбір нәрсені өзі істеуге тырыса 
бастайды. Оның өзі киініп, тамақтанғысы, ыдыс- аяқты жинап, үй сыпырғысы 
келеді. Бұл – бала табиғатына тән, заңды қасиеттер. Ойын әрекетін дұрыс 
ұйымдастыру, баланы бірлесіп ойнауға, ойын тәртібіне төселдіру арқылы да 
оның ерік сапаларын тәрбиелеуге болады. Ерік тәрбиесінде баланы 
жастайынан еңбек сүюге баулу, еңбек адамдарын қастерлеп, сыйлауға 
үйретудің де маңызы бар. Мектеп жасына дейінгі балалардың өте еліктегіш 
келетіндігі белгілі. Олар өмір тәжірибесінің аздығынан кез келген халықтарға( 
тіпті жаман болса да) еліктей беретіндігі өткен тарауларда айтылады. 
Сондықтан әр бір тәрбиеші ата-ана ерік тәрбиесінде де өз мінез- құлқына бекем 
болып, балаға жаман мінезді көрсетпеуге тырысуы тиіс. 
Ерік кемістіктері жас балаларда көбірек кеэдеседі. Соның бірі – 
қыңырлық. Денсаулығы нашар, организмі әлсіз бала шаршағыш. Ашуланшақ 
келеді. Мұндай бала кейде құр босқа мазасызданып, теріс қылықтар жасайды. 
Осындай әдеттен денсаулығы жақсарысымен арыла бастайды. Отбасы дағы 
теріс тәрбиеге байланысты да балада қыңырлық қалыптасады. Отбасыдағы 
жағдай – ерекше көңіл аударуды қажет ететін мәселе. Кейбір отбасында үй 
ішіндегілердің балаға қамқорлығы ерекше болады. Бұл көбінесе баланы 
сағынып көрген отбасы ларда жиі кездеседі. Олар балаға көптеген ойыншықтар 
сатып әпереді. Неше түрлі тәтті тағамдармен де қамтамасыз етеді. Бірақ ол 
бала ойыншықтармен де дұрыс ойнамайды, тағамын да жөндеп ішпейді. Бір 
тамақтан екінші тамақты таңдайды, көп ойыншвқтың қайсысымен ойнарын 
білмей, іші пысып, мазасызданады. Жаңадан бір ермек туып бермесе, немен 
шұғылданарын білмей зерігеді. Өйткені басқаға иек сүйеп үйренген, өз бетінше 
талаптануға әдеттенбеген. Бала өз бетімен ойнай алу үшін оның ойыншықтары 
жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс. Мәселен, екі жасар балаға мылтық 
әперсе, оны оны таяқ ретінде пайдалануы мүмкін. Себебі, әлі мылтықпен 


дұрыстап ойнауды білмейді, мылтықтың не екенін түсінбейді. Шамасы 
келмейтін нәрсеге ұмтылушылық баланың талап- тілегінің қанағаттануына 
кедергі келтіреді. Сонымен, бала тілегін қайтармау, құр мәпелей беру, іс- 
әрекетін ұымдастырып отырмаушылық, қыңырлықтың пайда болуының басты 
себептері болып табылады. Кейбір отбасында баланың әрбір қылығы қатаң 
бақылауға алынады да бала дербес әрекет ету қабілетінен айырылады, сөйтіп 
тек өзіне көрсетілгенді ғана істеуге мәжбүр болады. Мұндайда бала кейде 
үлкендерге наразылық білдіреді, өз правосы үшін күреседі. Баланың 
дербестілікке ұмтылуымен санаспау да қыңырлықтың екінші бір түрінің пайда 
болуына жағдай жасайды. Баланың мінезқұлқын жөнге салып отыру, бақылау 
жасау оны дербестігінен айыру болып табылмайды. Бақылау жасауды ретімен 
пайдалану қажет. Бала әр кез өз тілегін, мұны үлкендер ұйымдастырып 
отырғандығын сезінетін болсын. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың арасында (әсіресе, бөбектерде) 
кездесетін жаман әдеттің бірі- орынсыз бақырап жылау. Жылау көбінесе 
баланың белгілі бір қажетінің өтелмеуіненмтуады. Ол мұны басқа жолмен 
білдіре алмайды. Балады шыдамдылық, ұстамдылық сияқты қасиеттер әлі 
қалыптаспаған. Егер баланың жылауы шыдамсыздығынан туса, оны өзін-өзі 
ұстай білуге үйреткен дұрыс. Үдегі ересектеу балалардың мінез-құлқын үлгі 
ету, сондай-ақ кітаптағы өнегелі балалардың мінез- құлқына еліктетіп отырған 
да жақсы нәтиже береді. Егер баланың тілегі ата-анасы сол сәтте орындай 
қоятын болса, онда бала жылауды үйдегілерге әсер етудің бір «құралы» деп 
ойлайды да, бақырып жылауды әдетке айналдырады, сөйтіп, әке- шешесін 
жылап қорқытатын болады. Жылауық бала жай ызақорлықтан бақырмайды. Ол 
мұны белгілі бір мақсатпен, өзінің көңілге алған тілегін қанағаттандыру үшін 
істейді. Жылауды әдетке айналдырған бала өзінше «тактика» ретінде 
қолданғысы да келеді. Мәселен, әжесінің көзінше қыңырлық жасаса, бөтен 
адам бар жерде мұнысын сездірмейді. Ата –аналар осы жарамсыз қылықты 
уақытында сезе біліп, баланың талап-тілегін орындауда табанды, әділ болуды, 
өз мінездерінің осал жақтарын балаға сездірмеу жағын ойластыруы тиіс. 
Мектеп жасына дейінгі балаларда қасарыспалық та жиі ұшырайды. Төрт 
жасар бала бар күшімен столды сабалайды. Үйдегілердің бірі оған: 
«Тарсылдатпа, қарағым!» деп ескерту жасаса, ол одан сайын столды ұра түседі. 
Енді оған : «Тоқтат!» деп қатты жекіруге немесе жүріп барып қолынан таяқты 
жұлып алуға әрекет жасалады. Бала бұған қарсылық білдіреді, тіпті ашуланып 
жұдырығын ала жүгіретіндер де болады. Мұндай қылықты көбінесе нерв 
жүйесі қозғыш балалар көрсетеді. Мәселен, столдың тықылы оны аздап 
желіктіреді, ал үйдегілердің айтқан ескертуі одан бетер желіктіре түседі. Таяқ 
үшін болған тартыс баланы әбден ызаландырады. Бұл табиғатынан қасарыспа 
бала емес. Ол тек нервісі қозғыш (нерв жүйесінің осындай типтік тума 
қасиеттері болады. Қ. Ж.) бала. Ата-ана баланың нерв жүйесінің осындай 
ерекшеліктерімен де санасуы тиіс. 
Үлкендердің айтқанына немесе тыйым салғанына қарамастан, өз 
ойлағанын «табанды» түрде іске асыратын балалар да болады. Мұндай бала 
ешқандай дәлелмен санаспайды. «Олай етуге болмайды» деген сөзге де құлақ 


аспайды, ылғи да өз тілегінің ықпалында болады. Өзтілегін орындау жолында 
кедергі көрмеген баланың қасарыспа болып өсетіні сөзсіз. 
Бала туған күнінен бастап мол дүниеге кезігетін болса, бұларды ылғи 
табыла беретін нәрсе деп ойлайды. Мұндайбала өзін ешкімнің алдында 
міндетті, борыштымын деп санамайды. Баланың осылайша өсуі семья 
тәрбиесінің үлкен қатесі. Қандай бір жұмысты басқаның талабымен орындауға, 
яғни өзінің алдына қойған мақсатын іске асыруға мәжбүр болған бала, түрлі 
кедергілерді (жұмыс істеуге ықылассыздық, олақтық т.б.) жеңе беруге 
үйренеді. Балаға жүктелетін міндет оның орынсыз талаптарын тия алуға 
себепші болады. Үлкендер балаға жүктелген міндеттің орындалуын міндетті 
түрде қадағылап, қойылған талаптардың баланың жас мөлшеріне сәйкес келуін 
ескеріп отыруды естен шығармаулары тиіс. 
Ерік- жігерді тәрбиелеуде баланың жеке басын жақсы тани білу, оның 
әрекетінің негізгі мазмұнын түсіну, осыған орай тиісті тәрбие тәсілдерін 
қолданып отыру қажет болады. Бұл үшін тәрбиеші баланың ақыл-ой әрекетін 
өсіру, оны тәртіптілікке үйрету, өз еркін коллективке бағындыра алу, яғни 
коллективпен қарым-қатынас жасауға үйрету, жақсы әдеттерге машықтандыру, 
ұлы адамдардың өнегелері мен істеріне еліктеу, дене шынықтыру мен спортқа 
әуестендіру, дүниетанымы мен сенімін қалыптастыру т.б. сияқты жұмыстарды 
ретіне қарай жүргізіп отыруы тиіс. 
Ерікті шыңдау имандылық тәрбиесінің басты мәселелерінің бірі. Әрбір 
адам өз еркінде жақсы сапалар қалыптастыру арқылы ізгілікті қоғам орнату 
ісіне үлес қосатыны сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет