Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы


м о т и в т е р к ү р е с і



Pdf көрінісі
бет23/72
Дата29.10.2022
өлшемі1,44 Mb.
#155534
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72
Байланысты:
Модуль психологияда Ы лтты сананы

м о т и в т е р к ү р е с і
деп атайды. Мұндай түрлі мотивтер 
ішінен ақылға қонымдысы- нақты жағдайғй тура келетін біреуі жеңеді,тек 
содан кейін ғана адам белгілі бір тоқтамға келе алады. 
Мотивтер күресін Н.В. Гоголь «Үйлену» комедясында жақсы көрсеткен. 
Некесі қиылайын деп тұрған надворный советник Подколесин аяқ астында 
үйленудің тиімді-тиімсіздігін ойлап басы қатады
. «Үйленбей жүрген жұрттың 
шетінен есуас екеніне көзім тек енді ғана жетіп отыр. Қыруар жұрттың, 
көрер көзге, адасып жүргені-ай десейші. Алда-жалда бір елге патша бола 
қалдым ғой, қол астымда жалғыз бойдақ қоймай, жұрттың бәрі түп-түгел 
деп әмір берер едім...».
Ол осы арада ойланып, ақылға салып үйленген жөн 
шығар, өмір бойы бойдақ болу ақылсыздық болар деген ойға келеді. Бұл оның 
үйлену жөніндегі бірінші мотиві. Екінші мотив- семья бақыты. 
«Шынында 
ойлап тұрсам,мінеки, әне-міне дегенше, әйелді боп шыға келгелі отырмын. 
Сөйтіп, енді тілмен айтып жеткізе алмайтын, тіпті айтуға лайықты сөз де 
табылмайтын ертегідей бір шырын-шәрбат ләззаттыңдәмін тартқалы 
тұрмын». 
Кенеттен оның басында қарам-қарсы мотив туа қалады: 
...Әйтсе де 
бажайлап, қабырғама кеңесе кетсем-ақ болды, тұла бойым түршігіп сала 
береді. Ары айт, бері айт, өмір бойы, мәңгі бақи қол-аяғыңа күрмеу түсіп, 
қайтып енді тырп ете аузыңды ашып, жазып ем, жаңылып ем деуге шамаң 


келмесе- шаруаңның біржола біткені ғой...». 
Подколесин тұрағы жоқ, 
жағдайдың әуеніне қарай ағатын адам. Оның ойына ар-ұят , адамгершілік 
дегендер кіріп те шықпайды. Некесі қиылайын деп тұрғанда осылайша әуре-
сарсаңға түсуі оның қандй адам екенін жақсы байқатады
. «...Шынымен-ақ, 
тайып кетуге болмай ма екен? Әлюетте болмайды, есік алды, кез келген 
жерде сапырылысып жүрген жұрт, қайда барасың дейді ғой біреу. Жоқ, 
болмайды » . Осы жерде ол ашулы терезені көреді де осыдан қарғып кетсем 
қайтеді дейді. Жоқ, болмайды, жерден алыс екен быт-шытым шығар, 
екіншіден, терезеден қарғу лайық емес, үшіншіден, қалпақсыз қалай 
қарғымақпын, лайық емес деп тұрып алады. Оның қалпағын досы Кочкарев 
тығып қойған. Ол ақырында: терезе онша биік мес екен, қалпақсыз қарғуға да 
болар деп көшеге қарай қарғып кетеді. 
Белгілі көзқарасы мен сенімі 
қалыптасқан адамда мотивтер күресі онша байқалмайды. Олар көбінесе жеке 
бастың мотивінен гөрі қоғамдық мәні бар мотивтерді 
 
(борыш сезімі, нәрсенің 
қоғамға қажеттілігін түсіну) басшылыққа алып отырады. 
Сөйтіп, 
мақсат қою, тілек, қалау, мотивтер күресі, тоқтамға келу- бәрі 
жиналып еріктік қимылдың «даярліқ кезеңі» деп аталады. 
Еріктік амалдың ең негізгі кезеңі- қандай болмасын тоқтамды орындау 
стадиясы. Өзіңнің қандай болмасын тоқтамын іске асыратын, оны орындайтын 
кісіні ғана еркі нағыз жетілген адам деп айтуға болады. Талай жақсы 
тоқтамдардың жүзеге аспай, орындалмай қалатындары да кездесіп отырады. 
Бұлай болудың себеі орындалуы қиын мақсатты алға қоюдан, мақсаттың айқын 
болмауынан, әлі де болса өмірге дұрыс көзқарастың қалыптаспауынан, өз ісіне 
сенімсіздіктен, мақсат еткен нәрсеңді жан-тәніңмен сүймеуден т.б. себептерден 
болады. Сондықтан адам өзінің алдына шамасы келетін, күші жететін, орындай 
алатын мақсаттарды қойып, осы жолда түрлі қиыншылықтарды жеңіп отыруы 
тиіс. Белгілі мінез-құлықтық принципі бар, өз ісінің дұрыстығына көзі жеткен 
адам ғана нақты тоқтамға келе алып, оны қалай да орындыудың тиімді 
жолдарын таба алады, бұл жолда орынсыз солқылдақтық, табансыздық 
көрсетпейді. Кейбір адамдар өзінің алдына көмескі, бұлдыр мақсат қояды да, 
ой таразысына жақсылап салмайды, сөйтіп ноы орындай алмай қалады. Ерекше 
ой жұмысын керек етпейтін жеңіл мақсатты алға қою да адамның еркін енжар, 
әлсіз етіп жібюеруі мүмкін. Сондықтан белгілі ерік күшін талап ететін, тиісті 
жұмыстар істеу нәтижесінде қол жететін мақсаттары ағна алға қоюымыз қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет