түсіріп, мұң-мұқтаждарын зарлап, кем-кетігін көрсетіп, әдемі даусымен
құйқылжытып тұрғанда, қандай тас көңіл болса да жібімеген еркіне қоймайды.
Халықтың қайдағы-жайдағысы
ойына қозғалып, түсіп, қандары қайнап, тіпті
арқалары қозып кетеді. Әркімнің көңіл көздерінен жастар моншақтап, бойлары
балқығандай, шартта-шұрт қол шапалақтасып... тарқайды».
Осы үзіндіде ақын жақсы ән мен тәтті күйдің қандай тас көңілді болса
да жібітіп жіберетіні,
қанды қайнататыны, көзден жас ағызатыны, бойды
балқытатыны т.б. адам психологиясын нұрландырып, байытатындығын,
адамды ләззәтқа бөлейтінін айтып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: