Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы



Pdf көрінісі
бет17/72
Дата29.10.2022
өлшемі1,44 Mb.
#155534
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72
Байланысты:
Модуль психологияда Ы лтты сананы
11-10 22, 2 топ-6, Презентация (1)
екінші 
ерекшелігі
– 
олардың
актив (қажырлы) және пассив 
(солғын) 
болып бөлінуінен көрінеді.
 
Адамға күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, 
көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды 
стеникалық, ал 
бұлардың баяу, солғын 
түрлерін
 астеникалық 
деп атайды.
Біріншісіне:
жауапкершілік, жолдастық, достық, айбаттылық, т.б. жатса, 
екіншісіне:
уайым, енжарлық, көңілсіздік, т.б. сезімдер жатады. Бұл жерде 
мынадай бір жағдай есте болсын. Түрлі нақтылы жағдайлардың ретіне қарай 
адамдарда бір сезімнің өзі бірде қуатты, бірде әлсіз болып көрінуі мүмкін. 
Мәселен, қорқыныш сезімі кейде бір адамның буынын босатып, пәрменсіз 
етсе, енді бірде қауіп-қатерге қарсы турғызатын айбаттылыққа (күшті сезім) 
ауысуы мүмкін. 
Сезімдердің 
үшінші 
бір ерекшелігі – жігерлену және кернеуден босану 
немесе шешілу. Бұл да сезімдердің қарама-қарсы сапаларының бірі. Мәселен, 
студенттердің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі 
шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-
жігерін жұмылдырады. Осы кезең өткен соң басқа бір күйге түседі. Мұны 
кернеуден босану (шешілу) сезімі дейді. 
Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз 
эмоциялар туғызады. Кісі ұдайы кинала беретін болса, оның діңкесі құрып, 
берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда 
стресс деген терминмен белгілейді. Стресс үш түрлі жағдайда байқалып 
отырады. Оның алғашқы көрінісін мазасыздану кезеңі дейді. Организмнің 
күшті тітіргендіргіштерімен айқасқа түсуін күш салу, немесе зорлану кезеңі 


деп атайды. Адам сырттан келетін әсерге төтеп беруге шамасы келмеген 
жағдайда титықтап, әрекет жасаудан калады. Мұндай қолайсыз әсер нерв 
жүйесінің жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен адам өзінің 
сыртқы ортамен байланысын үнемі қадағалап, реттеп отыруы қажет. 
Сезімнің жоғарыда айтылған ерекшеліктершнің барлығы да нақтылы 
әрекет үстінде,кездесетін қиыншылықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп 
отырады. 
Сезім 
адамның 
бүкіл 
өмірімен, 
оның 
жеке 
басының 
ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Адамның әр түрлі эмоциялары мен 
сезімдері оның қажеті мен қызығу ерекшеліктеріне, дүниеге көзқарасы мен 
сеніміне, мінез-құлқы мен біліміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты 
қалыптасып отырады. 
Сезімдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетінде алатын 
орны зор. Алдағы мақсатты орындау жолында, өмір үшін күресте күшті 
сезімдерсіз табысқа жету қиынға соғады. Сезімнің қораш, солғын, селсоқ 
болуы іске кедергі келтіреді. Адам не үшін күрессе, соны жан-тәнімен жақсы 
көріп, неге қарсы күрессе, соны өлердей жек көріп отыру керек. Эмоциялар 
мен сезімдердің адамның дүниетанудағы алатын орнын Н.А.Рубакиннің (1862-
1946) «Кітаптар әлемінде» (М., 1913) атты кітабына берген резенциясында 
«адамның шындықты іздеуі «адам эмоциясынсыз» еш уақытта болмағанын, 
жоғын және болуы мүмкін емес» деп өте жақсы көрсеткен. 
Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы 
жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне 
орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі 
болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б. осындай 
эмоциялардың енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар -
-- белсенді әрекетке азды көпті нұсқан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай 
эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену,үмітсіздену т.б. 
жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және күрделі эмоциялар болып 
та бөлінеді. Қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттерінің өтелу-
өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне; көңіл, 
аффект,құмарлық эмоциялары кіреді. 
Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бір ерекшелік --- 
оларда сан алуан мәнерлі қозғалыстардың болып отыратындығы . Ч.Дарвин 
осы күнгі адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразы біздің ерте 
кездегі ата-бабаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы 
екендігін айтады. Мәселен, қатты ашу кернеген адам кейде жұдырығын түйіп 
тістенеді, қабағын
 
түйіп булығады, демін әзер алып, танауы делдиіп кетеді,
жүрегі тарс-тарс соғады. Осындай мәнерлі қозғалыстардың әрқайсысының 
өзінше шығу тарихы бар.Жоғарыда келтірілген мысалдан жауымен (жабайы 
аңдармен) айқасқа түсейін деп тұрған адамның келбетін, даярлық белгісін 
байқауға болады.Ертедегі адамдар жабайы аңдармен арпалысқа түсердің 
алдында денесін соған бейімдеп алып, сонан кейін айқасатын болған. Қазіргі 
адамдар үшін мұндай көріністер дөрекі, ебедейсіз қимылдар болып 
табылады.Мұндай ебдейсіз қимылдар мәдениетті адамның қылығына ешбір 
сыйымсыз сипат. Бұған көбінесе сотқар, ызақор, кекшіл адамдар бір табан 


жақын тұрады. Адамдардың сана сезімі өскен сайын оның қимыл-
қозғалыстары да мәдениеттене түседі. Эмоциялық жағдайлар 
Эмоциялық жағдайлар адамның дем алу, қан айналу органдарына 
өзгерістер түсіретінін, бет әлбеті мен (мимика) бүкіл дене қимылдарына 
(пантомимика), сөздің интонациясы мен тембріне, дикциясы мен паузасына да 
өзгерістер енгізетіндігін дәлелдейтін мысалдар көп. Қорқу эмоциясы кезінде 
адамға байқалатын мәнерлі қозғалыстарды алайық. Қорыққан адамның қасы 
тарылып,түсі бозарады, қозғалыстары баяулап не мүлде тоқтайды, денесі 
дірілдеп-қалшылдайды, шашы үрпиіп, көзі шарасынан шығып, даусы 
қарлығып, үні кібіртіктейді, аузы кебірсіп, тынысы өзгереді, беті шіміркеніп, 
бүкіл денесі қалтырап, салқын тер шып-шып шығады. Тіпті орнынан қозғала, 
сөйлей, дауысы шықпай қалатын кездері болады. Қорқыныштың жеңіл түрі-
тынышсыздану, ауыры-үрейі ұшу т.б. Эмоциялық жағдай кезінде адамның 
денесінен байқалатын әр түрлі мәнерлі қозғалыстарды Абай өлеңдерінен 
көптеп кездестіруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет