Сонымен, әлеуметтік перцепция – адамның
сыртқы белгілерін қабылдау,
оны жеке тұлғалық психологиялық сипаттамаларымен сәйкестендіру, талдап
түсіну, соның негізінде келешектегі іс-әрекеттерін болжау деген пікірге жақын.
Айтылғанды схема түрінде көрсетуге болады (3 сурет).
3 сурет. Әлеуметтік перцепция
Әлеуметтік перцепцияның төрт функциясы бар: өзін-өзі тануы, қарым-
қатынас партнерін тануы, өзара түсіністік жағдайында
бірлескен іс-әрекет пен
эмоциялық қатынастардың іске асырылуы. Әлеуметтік перцепцияны
қарастырғанда екі мәселеге көңіл аудару қажет: қабылданатын адамның
(субьект) психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттеуге, екіншіден
жеке адамаралық бейнелеу механизмдерінің талдауына.
Бақылаушының
психологиялық
ерекшеліктерін
зерттеу
әлеуметтік
психологияның зерттелінген саласына жатады. Адамдардың бір-бірін
қабылдауы мен түсінуінде
жеке-даралық, жыныстық, жас ерекшеліктеріне,
кәсіби және жыныстық-ролдік айырмашылықтар бар екені тіркелген. Мәселен,
балалар көбне ересектерге қарағанда сыртқы кейіп-пішінге (киімі, шаш қоюы,
сыртқы кейіптегі ерекшеліктерге, т.б.) көңіл аударады. Мұғалімдер мен
оқытушылар өз
шәкірттерінің білімге ұмтылуы, тәртіптілігі, тағы сол сияқты
қасиеттеріне көбірек көңіл бөлсе, ал студенттер педагогтардың тіпті басқа
қасиеттеріне көңіл аударатыны байқалған. Сол сияқты басшылардың қол
астындағыларды қабылдауы мен керісінше қол астындағылардың басшыларды
қабылдауы да екі түрлі.
Дегенмен,
адамды қабылдауда, негізінен, ол адамның психологиялық
ерекшеліктері мен бағдарлары маңызды рөл атқарады. Әсіресе, бұл
айтылғандар алғашқы таныстық кезінде байқалады.
Әлеуметтік психологияда қабылданатын обьектінің психологиялық
қасиеттерін зерттеу де дәстүрлі түрде қалыптасқан. Көбінесе, бақыланатын
адамның қандай психологиялық
және басқа қасиеттері маңызды, оны тануға
көбірек мәлімет береді, басқаша айтқанда адамдар қарым-қатынас барысында
партнерді бағалауда қай нәрсеге көбірек көңіл бөледі?
Ондай маңызды қасиеттерге бақыланатын адамның бет-бейнесінің қимылы
(мимика), сезімдерін білдіруі (экспрессия), отырыс-тұрысы, жүрісі жатады.
Киімі, шаш қойысы және дауыс ерекшеліктері мен сөйлеу мәнері де жатады.
Зерттеулерден байқалғанындай,
кең таралған, «интернационалды» ым-
ишараттармен қатар, белгілі мәдени және ұлттық топтарға тән ым-ишараттар
бар.
Сонымен бірге, қабылдаудың табыстылығын қамтамасыз етуге бағытталған
әмбебап психологиялық механизмдерді де қарастыруға болады. Оған
әлеуметтік перцепция механизмдері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: