Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы



Pdf көрінісі
бет52/72
Дата29.10.2022
өлшемі1,44 Mb.
#155534
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72
Байланысты:
Модуль психологияда Ы лтты сананы

-
 
Броктың сөз-қозғалыс орталығы.
(Бұл орталық зақымданған жағдайда 
адам дыбыстарды ести алғанымен ауызша сөйлеу жойылады). 
-
 
Верникенің есту-сөйлеу орталығы
басқалардың сөзін есту және түсіну 
мүмкіндігін қамтамасыз етеді. (Бұл орталық зақымданған жағдайда адам 
басқа адамның сөзін түсінбейді).
-
 
Дежериннің көру-сөйлеу орталығы немесе оқу немесе жазбаша 
сөйлеу орталығы.
(Бұл орталық зақымданған жағдайда оқу қабілетінің 
жоғалуы байқалады). 
Сөйлеу орталықтары сол жақ ми жарты шарларында орналасқан (оң жақ ми 
жарты шары бұл мағынада «мылқау немесе сақау» және «саңырау» болып 


табылады). Оң және сол жақ атқаратын қызметіне қарай мидың оң және сол жақ 
ми жарты шарлары симметриялы болмайды (сол жақ ми жарты шары – дененің 
оң жағын басқарады және керісінше). 
«Сөйлеу» мен «тіл» ұғымдары бірдей емес. Сөйлеу дегеніміз – адамдардың 
тіл арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау әрекеті. Бұл қарым-
қатынасты әр адам өзінше, бірақ та сол ұлттың қолдванып жүрген тіл 
құралдары арқылы іске асырады. Ал тіл болса, осы құралдардың (дыбыс, сөз, 
сөйлем, осылардың арасындағы байланыс) жүйесі, яғңни, дыбыс қоры және 
сөздік қоры сондай-ақ, грамматикалық формалар болып табылады. Тіл 
қоғамдық өндірістің даму барысында, адамдардың өзара сөйлесі процесінде 
пайда болады, сөйтіп, адам дайын тілді игереді. 
Тіл адамның санасы мен ақыл-ойын дамытушы фактор екендігін К. Маркс 
бір сөзбен ғана түйіндеп, «Тіл – сананың жиынтығы» дейді. Ал, қазақ 
психологы М.Мұқанов: «Ой – жолаушы, тіл – көлік, адамның басы - станция» 
деп бейнелік сөздермен өте керемет өрнектеп кеткен. 
Тіл – қоғамдық құбылыс және табиғаттың адамға берген дарыны. Карталар, 
сызулар, есептеу құралдары сияқты т.б. шартты белгілермен бірге ол да 
психологиялық құрал болып табылады. Өйткені, сол белгілердің барлығы 
обьективтік шындықты біздің санамызда әр алуан таңбалармен бейнелеп, 
олардың сыр-сипатын, мән-жайын білдіреді. Осы бағытта қарастырғанда тілдің 
өзі, сөздердің бәрі – таңба, заттар мен құбылыстардың белгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет