ретінде түсіндірді. Ал екінші бір жүйе оны қамтамасыз етіп отыратын әрекет
орталықтары екенін дәлелдейді. Сөйлеу механизмі – Н.И. Жинкиннің зерттеуі
бойынша аса күрделі әрі сатылы процесс. Сөздерді қабылдау мен түсіну
күрделі механизмдер арқылы жүзеге асып отырадды.
Адамның сөйлеуі күрделі психологиялық процесс екендігі және оның
жоғары жүйке қызметімен байланысты болып түр-түрге бөлінуі,
олардың
орталықтары мидың түрлі алаптарында орналасатыны жөнінде айтуға
болады.Мәселен, ауызша сөйлеудің орталығы мидың маңдай алабында
орналасқан болса, жазу сөзінің орталығы мидың желке бөлігінде орналасқан.
Сөйлеу әрекетінің бұзылуы мидың белгілі алабының зақымдануына
байланысты. Осындай зақымдану салдарынан адам сөзінің жүйесі және
бірізділігі жойылып, афазиялық жағдайға ұшырайды. Афазиялар үлкен ми
жарты шарларының белгілі бір алаптары жарақаттанып, ісік пайда болғанда, не
түрлі ауруларға ұшырағанда пайда болады. Афазиялар динамикалық,
эфференттік, афференттік
қозғалысты және семантикалық, сенсорлық болып
бөлінеді. Осы салада зерттеу жүргізген әйгілі психолог ғалым А.Р. Лурия еді.
«Афазия» деген грек сөзінің мәнісі – мидың зақымдануы салдарынан адамның
сөйлеу қабілетінің толық жойылуы, не өзге адамдармен қарым-қатынасындағы
сөйлеу қабілетінің мардымсыздығы дегенді білдіреді. Сөйлеу қабілетінің
мұндай кемістігінің түрлері әр қилы. Динамикалық афазияға ұшыраған адам
сөздерінің реттік құрылымы бұзылатын болса, ал
эфференттік қозғалыс
афазиясында сөздер мен сөйлемдердің грамматикалық жүйесі бұзылады.
Афференттік қозғалыс афазиясы – сөздерді буындарға бөліп айта алмай
қиналудағы кемістік. Ондай адамдар жеке дыбыстарды да айта алмайды.
Семантикалық афазия - әрбір сөздің грамматикалық құрылысы мен мәнін
жеткізудегі кемістік. Мысалы, осындай кемістігі бар адам «әкесі», «ағасы»
деген сөздерді дұрыс айтқанымен, «әкесінің ағасы» не «әкесінің інісі» деген
сөздердің мәнін ажырата алмайды. Сенсорлық
афазия ауруына душар болған
адамдар сөздерді дұрыс қабылдай алмай, олардың дыбыстық бөлшектерінің
мәнісін түсінбейді.
Сөйлеуде кездесетін афазиялық кемістіктердің бәрі де – жан жүйесі
күйзеліске душар болған немесе өзінің кім екенін де аңғара алмай, әр түрлі
сандырақтарды айтып, елірме ауруға ұшыраған,
сөйлеу қабілеті бұзылған
адамдарда болып отыратын құбылыс.
Сонымен6 сөйлеу өте күрделі қызмет болғандықтан, сөйлеу іс-әрекеті үш
түрлі орталықпен қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: