Дәріс 15: СЕКІРУГЕ АРНАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР (мәселелі).
Дәріс мақсаты:
Секіруге арналған ойындардың тізімімен танысу.
Секіруге арналған ойындардың ережелерімен танысу.
«Қармақ»
Дайындық. Ойынға қатысушылар шеңбер болып тұрады. Шеңбер ортасында жүргізуші тұрады. Ол бір қолына бір ұшына зат байланған жіп ұстайды.(Ол бір шетіне пластмассадан жасалған бөтелке байланған секіргіш болуы мүмкін.)
Ойынның барысы. Жүргізуші зат олардың аяғына тиіп кетпейтіндей етіп айналдырады. Кімнің аяғына жіп тисе сол жеңілген болып саналады. «Қармақ» ойыншылардың біреуіне тиген кезде аз ғана үзіліс жасалады да, ойын жалғасады. Қармақ бір де бір рет тимеген адам жеңіске жетеді.
«Таяқпен жүгіру және олардан секіру»
Дайындық. Ойын екі немесе бірнеше топ арасында өтеді. Топтың біріншілерінің қолында гимнастикалық таяқтар.
Ойынның барысы. Белгі бойынша таяғы бар ойыншы мәре сызығына қарай жүгіреді, содан соң өздерінің бағанына оралады. Таяқтың бір жағынан ұстап, ойыншылардың аяғының астымен ( тізе деңгейінде) алып өтеді, олар оның үстінен секіріп өтуі тиіс. Бағанның соңына келгенде, ойыншы таяқты алдында тұрған адамға жүгіріп апарып береді. Бірінші ойыншы таяқты алып,ережені қайталап жүгіреді.Таяқты аяқ астымен екі ойыншы да ( жүгіріп өткен және алдында күтіп тұрған) алып өте алады. Бұндай жағдайда бірінші ойыншы артта қалып, екінші ойыншы міндетін орындайды.
«Орын ауыстыру»
Дайындық. Екі топ ойыншылары алаңның қарама – қарсы жақтарында (өз «үйлерінің» сызығының арғы жағында) бір – біріне қарама – қарсы сап құрып, отырып, қолдарын тізелеріне қояды.
Ойынның барысы. Белгі берілген кезде ойыншылар секіру арқылы алға жылжып, қарама – қарсы «үйдің » сызығына тезірек өтіп кету керек. Қарама – қарсы линияда, секіруін бітіріп жиналған ойыншылар командасы жеңіске жетеді. Содан соң артқа қарай секіру басталады, бірақ «үй» сызығын соңғы кесіп өткен адам қатыспайды. Ойын соңғы 2-3 төзімді секіргіштер қалғанша жалғасады. Алаңдағы ойыншылар саны бойынша жеңімпаз команда анықталады. Жарысты жалғастыра отырып, ең жақсы секіретін ойыншыны табуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |