Модуль1 1-дәріс: Ұлттық спорт түрлері мен бұқаралық спорт түрлерінің даму тарихы (мәселелі)



бет2/17
Дата14.10.2023
өлшемі169,21 Kb.
#185403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
ДӘРІС ҰЛТТЫҚ

Бақылау сұрақтары:
1.Ұлттық спорт түрі мен бұқаралық спорт тұралы жалпы анықтамасымен таныстырып, айтып жеткізіңіз.
2. Қазақ әйгілі палуандарымен тізімімен таныстырыз.
3. Қазақ үкіметінің ұлттық спорт түрлерін дамыту туралы құжаттарымен таныстырыңып, айтып беру.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Негізгі:
1. Алимханов Е. Қазақтың халық ойындары мен спортының теориялық және педагогикалық негіздері. Монография. Алматы. «Қазақ университеті»2018. 330 с. (10экз)
2.Байзакова Н.О.,Заурбекова Р.П.,Андарбаев О.С. Жылжымалы және эстафета ойындары –салауатты өмір негізі.Оқу-әдістемелік құрал.Алматы. «Қазақ университеті».2015.
3.Байзакова Н.О. «Дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық ойындарды қолданудың әдістемесі» Алматы «Қазақ университеті». 2009 ж. ( 10 эк.)
4.Байзакова Н.О., Камысбаева Ж.К.,Жумабеков А.Ж. Білімгерлерге дене тәрбиесі тәсілдері ретінде қимыл-қозғалыс және эстафета ойындары. Тараз, 2003.
5. «Казахская интеллектуальная игра тогызкумалак покоряет Европу» Б. Сагат, 2008 ж, azattyq.org/a/togyzkumalak_toguzkumalak/1363753.html

2-Дәріс: Қазақтың ұлттық ойындары тарихи даму жолдары (мәселелі).


Дәріс мақсаты:
1.Қазақ ұлттық ойындарымен танысу.
2. Ұлттық ойындарының қоғамның өзгеруіне қарай дамуы.
3. Ұлттық ойындарды зерттеген ғалымдардың еңбектерімен танысу.
Ертедегі Қазақстан жеріндегі рулардың қалыптасу кезеңдері, этнографиясы, мәдениеті, ойын-сауықтары тағы басқалары жайындағы деректер XIII — XVIII ғасырлардағы Орта Азия мен қазақ жерлерінде болған Европа саяхатшыларының еңбектерінде жиі кездеседі.
XIII ғасырдың бірінші жартысында Италия саяхатшысы Плано Карпини Хорезм, Жетісу, Тарбағатай арқылы Монғолияға барған сапарында жинаған материалдарынан “Монғолия тарихы” атты еңбегін жазды. Мұнда кезінде Монғолияға көршілес болған орта жүз руы Тарбағатай наймандарының өмірі мен әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары мен жауынгерлік ерліктері туралы айтылған.
Италия саяхатшысы Марко Поло өзінің Қазақстан жеріне жасаған саяхатында Жетісу бойындағы қазақ ауылының мереке-тойларында болып, ойын- сауықтарын көріп, сол тойларда көрген қазақтың ұлттық ойындарына талдау жасап, олардың шығу тарихы мен қалыптасу дәуірлеріне өзінше болжамдар жасаған.
Қазақтың ұлттық ойындары жайындағы деректер Қазақстан жерінде болмаған шетел ғалымдарының зерттеулерінде де кездеседі. Мәселен, Австрия дипломаты С.Герберштейннің 1516-1517 және 1526 - 1527 жылдары аралығында Москвада болып, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін білетін орыс ұлты өкілдерінің айтуы бойынша жазып алған материалдары 1549 жылы латын тілінде “Записки о Московских делах” деген атпен жарық көрді. Бұл еңбекте қазақ халқының әдет-ғұрпы, ойын-сауықтары және де орыс халқымен қарым-қатынасы жайында қызықты мәліметтер берілген. Сондай-ақ, Италияның ғалымы Павло Иовия Новокамский 1525 жылы Римде орыстың белгілі елшісі Дмитрий Герасимовпен кездесіп, соның айтуымен “Книга о Московском посольстве” атты еңбегін жарыққа шығарды. П.И. Новокамский бұл еңбегінде қазіргі Қазақстан жеріндегі көшпелі рулардың этнографиясы, табиғат жайы, орыс халқымен аралас жасаған сауда-саттық жұмыстары, сонымен бірге ойын-сауықтары жайында айтып өткен. Мұндай анықтамаларды дәлелдейтін мағлұматтар Германиядағы Лейден университетінің архивінде де сақталған.

  • XVIIІ ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының өмірі туралы көптеген материалдар жинаған орыс ғалымдарының бірі П.С. Паллас болды. Ол 1767 жылы Батыс Сібір мен Орал бойына жасалған экспедицияны басқарып, осы сапарында жинаған материалдарынан 1773 жылы “Путешествие по разным провинциям Российской империи” атты кітабын жарыққа шығарды. Осы еңбектің “Известия о киргизах” атты бөлімі түгелдей қазақ халқының этнографиясына арналған, негізінен халықтың аңшылық өнері сөз болған, нақты мысалдар келтірілген.

Қазақ халқының мәдениеті, салт-дәстүрі, ойын-сауықтары, тіпті сонау Марко Полодан бастап, 1863–1864 жылдары Қазақстанда болған шығысты зерттеуші венгр ғалымы Арминий Вамбери мен 1903 - 1907 жылдары Каспий теңізінің бойында Маңғышлақ аумағында болған неміс этнографы Рихтер Картуцқа дейінгі шетел саяхатшыларының еңбектерінің барлығына дерлік арқау болған.Қазақтың ұлттық және спорттық ойындарының да өзіндік тарихы даму жолдары, қалыптасу кезеңдері бар. Қазіргі кейбір тарихи деректерге қарағанда, бізге жеткен ұлт ойындарының кейбірінің тарихы сонау көне заманнан басталады. Тіпті, кейбір ұлттық ойындардың пайда болуы Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыспен де тығыз байланысты. Ағылшын ғалымы Э. Маккей “Бес тас”, “Асық”, “Садақ ату”, “Қарагие” сияқты қазақ халқына тән ұлттық ойындар шамамен айтқанда осыдан 5000 жылдар бұрын ойналған деген пікірді ұсына отырып, “... бұл ойындардың барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалы одақтардың арасында тарағанға ұқсайды,”4– деген қорытынды жасаған.
Ұлттық ойындар қоғамның өзгеруі мен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың дамуы негізінде толығып, дамып, халық тұрмысына сіңіп, уақытқа сай өзгеріп отырған. Мәселен, Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінде пайда болған “Аң аулау”, “Таяқ жүгірту”, “Садақ ату”, “Қақпа тас”, “Қарагие” секілді ойындар келесі дәуірлерде қайталау-толығу процесінің нәтижесінде “Аң аулау” – “Бүркіт салу” немесе “Құс салу”, “Садақ ату” – “Жамбы ату”, Қақпа тас” – “Бес тас”, “Қарагие” – “Найза лақтыру” болып аттары өзгертіліп, бірақ негізінен мазмұн-мақсаттары сақталып қалған. Басқасын былай қойғанда, бүгінгі таңда бәрімізге белгілі “Ақсүйек” ойынының бірнеше аттары болғандығы анықталды. Мәселен, әйгілі ғалым-этнограф Әбубәкір Диваевтың еңбегінде “Ақсүйек” ойыны – “Орда”, орыс дәрігері, педагог Е. Покровскийдің еңбегінде “Тоқтышақ” делінсе, А. Алектров кітабында “Ақсүйек” деп көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет