Модуль1 1-дәріс: Ұлттық спорт түрлері мен бұқаралық спорт түрлерінің даму тарихы (мәселелі)



бет3/17
Дата14.10.2023
өлшемі169,21 Kb.
#185403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
ДӘРІС ҰЛТТЫҚ

Бақылау сұрақтары:
1.Қазақ ұлттық ойындарымен жалпы таныстырып, айтып беріңіз.
2. Ұлттық ойындарының қоғамның өзгеруіне қарай дамуы туралы айтыңыз.
3. Ұлттық ойындарды зерттеген ғалымдардың еңбектерімен таныстырып, атап беріңіз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Алимханов Е. Қазақтың халық ойындары мен спортының теориялық және педагогикалық негіздері. Монография. Алматы. «Қазақ университеті»2018. 330 с. (10экз)
2.Байзакова Н.О.,Заурбекова Р.П.,Андарбаев О.С. Жылжымалы және эстафета ойындары –салауатты өмір негізі.Оқу-әдістемелік құрал.Алматы. «Қазақ университеті».2015.
3.Байзакова Н.О. «Дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық ойындарды қолданудың әдістемесі» Алматы «Қазақ университеті». 2009 ж. ( 10 эк.)
4.Байзакова Н.О., Камысбаева Ж.К.,Жумабеков А.Ж. Білімгерлерге дене тәрбиесі тәсілдері ретінде қимыл-қозғалыс және эстафета ойындары. Тараз, 2003.
5. «Казахская интеллектуальная игра тогызкумалак покоряет Европу» Б. Сагат, 2008 ж, azattyq.org/a/togyzkumalak_toguzkumalak/1363753.html

3 – дәріс: Ұлттық ойындардың спорт түрлеріне айналуы
Көптеген халықтардың ұлттық ойындары бір халықтың ойын түрінен асып, қазіргі кезде халықаралық ойындар түрлеріне айналды.Мысалы қазақ халқының ұлттық ойыны болып табылатын қазақ күресі, ат спорты, тоғызқұмалақ, саятшылық халықаралық жарыстар өтетін спорт түрлеріне айналды.
Осы кездегі ең үлкен және өзінің дүниежүзілік маңыздылығымен ерекшеленетін спорттық жарыстар қатарына жазғы және қысқы олимпиадалық ойындарды алуға болады. Олимпиадалық жарыстардың ойындар деп аталуы ойын тарихының көнелігін көрсете отырып, олимпиада ойындары бағдарламасына енген спорт түрлерінің барлығы кезінде белгілі бір халықтың ұлттық ойын түрі болғандығын меңзейді.
Ұлттардың өзара араласуы себебінен көптеген ұлттық ойындар бір халықтың ойын түрлерінен асып, халықаралық ойындар түрлеріне айналды. Оларға олимпиада ойындарына енген ағылшынның футболын, жапонның дзюдо күресін, кореяның таэквандосын, т.б. спорт түрлерін мысал ретінде көрсетуге болады.
Халықтар арасында ұлттық ойындардың бір-біріне ұқсас түрлері мен тек бір ғана ұлттар арасында белгілі түрлері де кездеседі.
Ұлттық ойындардың пайда болу ерекшелігі сол халықтың басынан кешірген тарихи әлеуметтік, шаруашылық, қоныстанған жерінің табиғаттық ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болып келеді. Қазақстан жері көне «Жібек жолы» торабында орналасуының өзі, жерімізге әртүрлі елдердің мәдениеті, соның ішінде ойындардың да келіп араласуына ықпал етті.
Осы жағдайлар біздің еліміздегі таралған ұлттық ойындардың басқа халықтарда да ұқсас ойындардың болуына жол ашты. Оған мысал ретінде көкпар тарту, қыз қуу, аударыспақ, бәйге, күрес, садақ ату т.б. түрлерінің қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен, татар, бурят, ауған т. б. көптеген халықтар арасында даболуын мысалға алуға болады.
Қазақ халқының ұлттық ойыны болып табылатын қазақ күресі, ат спорты, тоғызқұмалақ, саятшылық түрлеріқазір ұлттық ойын түрлерінен асып халықаралық жарыстар өтетін спорт түрлеріне айналды.
Ұлттық халық ойындарының спорт түріне айналуы үшін төмендегідей жағдайлардың болуы қажет, оларға:

  • Спорттық ойын түрінің бекітілген ережесінің болуы;

  • Мемлекеттік дәрежедегі спорттық мекеменің сол спорт түрін танып, жарыс күнтізбесіне енгізуі;

Спорт түрін дамытуға арналған қоғамдар немесе федерациялардың болуы керек.
Олимпиада ойындары тарихында алғашқы олимпиадалық ойын тек 192 метр 27см қашықтыққа (1 стадиге) жүгіруден тұрып, осы бір түрден ғана жарты ғасырдан астам жарыстар өткізілген. Біздің заманымызға дейінгі 724 жылы өткізілген олимпиада жарысында жүгіру 2 стадиға ұзартылды. Кейінгі 15-ші олимпиадалардан бастап жүгіруден жарыстар «шыдамдылыққа», яғни 8,10,12,24 стадиға ұзартылып өткізіле бастады [135].
Ұлттық ойындар мен спорттың дене тәрбиесіндегі атқаратын жұмыстарына қарай бөлсек, екеуі екі басты мақсатты көздейді. Ұлттық ойындар әр адамның дене қаблеттерінің жетіліп жан-жақты дамуына басым қызмет ететін болса, спорттың мақсаты кәсіби түрде дайындалып шұғылдану арқылы жарыстарға қатысып, басқалардан асып түсу, жеңу, спортта ең жоғарғы көрсеткішке жету, яғни рекордтар жасау болып табылады.
Ойындардың спорт түріне айналу жолын қарастыру үшін алдымен адамдардың бір-бірімен жарысу, күш сынасу сияқты әрекеттерге баруларына қажетті алғышарттардың болуын анықтау маңызды болып келеді, яғни адамдарды бір-бірімен жарысуына ықпал ететін, түрткі болатын жағдай туындамаса, сылтау болмаса,адамдар өздіктерінен күш сынасуға немесе жүгіруге шықпайтыны белгілі. Спорт оның құрамында міндетті түрде өзара жарыстық элементтердің болуымен ерекшеленеді. Ұлттық ойындардың тарихи пайда болуын зерттей келе, біз ойындардың адамдарды дене дамуына, шынығуына, еңбек етуіне бейімдеу мақсаттарында қажеттіліктен туғандығын көруге болады, сондықтан ұлттық ойындар мен спорт түрлері жалпы дене мәдениетін дамытудың негізі болып саналады деген тұжырым жасаймыз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Алимханов Е. Қазақтың халық ойындары мен спортының теориялық және педагогикалық негіздері. Монография. Алматы. «Қазақ университеті»2018. 330 с. (10экз)
2.Байзакова Н.О.,Заурбекова Р.П.,Андарбаев О.С. Жылжымалы және эстафета ойындары –салауатты өмір негізі.Оқу-әдістемелік құрал.Алматы. «Қазақ университеті».2015.
3.Байзакова Н.О. «Дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық ойындарды қолданудың әдістемесі» Алматы «Қазақ университеті». 2009 ж. ( 10 эк.)
4.Байзакова Н.О., Камысбаева Ж.К.,Жумабеков А.Ж. Білімгерлерге дене тәрбиесі тәсілдері ретінде қимыл-қозғалыс және эстафета ойындары. Тараз, 2003.
5. «Казахская интеллектуальная игра тогызкумалак покоряет Европу» Б. Сагат, 2008 ж, azattyq.org/a/togyzkumalak_toguzkumalak/1363753.html




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет