Модуль1 1-дәріс: Ұлттық спорт түрлері мен бұқаралық спорт түрлерінің даму тарихы (мәселелі)


Қазақ күресіне оқыту, үйрету, жаттықтыру (мәселелі)



бет8/17
Дата14.10.2023
өлшемі169,21 Kb.
#185403
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
ДӘРІС ҰЛТТЫҚ

8. Қазақ күресіне оқыту, үйрету, жаттықтыру (мәселелі)


Дәріс мақсаты:
1.Қазақ күресінің техникасымен танысу.
3. Қазақ күресінің жалпы ережелерімен танысу.

 Қазақша күрес техникасы дегеніміз жеңіске жетуге бағытталған белгілі бір әрекеттер жүйесі. Күрес тактикасында аса тиімді әрі түрлі әрекеттер сараланып шықты. Оларды шабуылдау, қорғану, қарсы шабуылдау әрекеттер деп бөлуге болады.


Қазақ күресіне оқыту, уйрету, жаттықтыру ұзақ уақытқа созылатын педагогикалық жұмыс болып табылады. Негізгі мақсаты – қазақ күресі бойынша білім беру, күрестің әдіс-айла, тәсілдерін үйретіп жаттықтыру, балуандық шеберліктерін шыңдау, спорттық жарыстарда жоғары көрсеткіштерге жеткізу.
Балуанның жарыстарда жақсы көрсеткішке жетуі күрес әдіс-айлаларын шебер орындай білулермен қатар, белдесуді шебер ұйымдастыра білуі арқылы іске асырылады. Күресу тәсілін орындай білу, уйренген әдістің дұрыс меңгерілгендігіне және оның орындаудың шеберлігіне тығыз байланысты болып келеді.
Қазақ күресіндегі техникалық тәсілдері және тиімді қолдану шарттары:
Қос қолға күш салып лақтыру. Қарсыласын тепе –теңдігінен айрылғанда немесе аяқтарын дұрыс қоймағанда, алшақ қойғанда, салмағын бір аяғына салғанда, шабуылдаушының өзіне сүйенгенде қолданылады.
Тепе – теңдіктен итеріп тайдару. Бұл әдіс қарсыласты өте төмен бүгіліп тұрғанда, шабуылдаушыға сүйенбей, өны өзіне тартып тұрғанда қолданылады.Жағадпн және жеңнен, қолтығынан және жеңінен ұстауға болады.
Шалып лақтыру. Арттан шалу. Белбеуінен ұстаған кезде қарсыласы оған жауап ретінде тұрған күйін өзгертіп және арқасынан асырап лақтырудан қорғану үшін, ұстауға еңкейіп, аяқтарын сәл бүгіп тұрғанда осы тәсіл қолданылады.
Алдынан шалу. Бұл үшін қарсылас оң жағымен тұруы керек. Қолайлысы – жақын және орташа қашықтық. Қарсыласты жеңімен белбеунен алып, өзінің юір жіліншігі оның аттасч аяғының тізесіне тірелетіндей етіп қойып, оған арқасын қаратып, айнала беріп, сол кезде оны өзіне – алға – төмен қарай тартып, өзініңғ аяғынан асыра кілемге лақтыру.
Арқадан асырып лақтыру.Жеңнен және белбеудің артынан ұстап лақтыруға ынғайлы.Қапрсылас қатты немесе аздап еңкейіп тұрғанда орындалады.
Қолын иыққа салып лақтыру.Шабуылдаушы оң жағымен тұрады.
Қарсыласының оң қолын білегінен ұстап,оған арқасын қаратып айналып, оның қолын иыққа салып, еңкейіп, жамбасымен қағып, жауырынан түсіреді
Арқадан асырып лақтыру:
Палуанның лақтыру тәсілін бағалағанда ең алдымен түрегеп тұрып лақтырды ма, тізерлеп отырып лақтырды ма, немесе құлай лақтырды ма, оған қарамастан техникасы ғана ескеріледі.
Егер палуан амал көрсету үстінде қарынмен, тізерлеп қалса, ақ – қолын тіреп қалса, ол амалға баға берілмейді.
Негізгі сақталатын ережелері:

  1. Күрестің басталуы және аяқталуы.

  2. Белдесудің барысы және ұзақтығы.

  3. Белдесудің нәтижесі.

  4. Таза жеңіс.

  5. Айқын басымдықпен жеғу.

  6. Балл бойынша жеңу.

  7. Аздаған басымдылықпен балл бойынша жеңу.

  8. Тыйым салынған әдістер әдістер.

  9. Жарыстан шығару және дисквалификация.

  10. Техника әрекеттерді бағалау.

  11. Белдесудің нәтижесін жариялау.

  12. Командаың орнын анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет