Модуль1 1-дәріс: Ұлттық спорт түрлері мен бұқаралық спорт түрлерінің даму тарихы (мәселелі)



бет16/17
Дата14.10.2023
өлшемі169,21 Kb.
#185403
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
ДӘРІС ҰЛТТЫҚ

" Секіріп ойнау"
Орын, құралдар. Спорт залы, алаңдар. Ойынға рулетка қажет болады.
Дайындық. Жерде секіруге арналған белгі сызылады. Барлық ойыншылар екіге бөлінеді және мәре сызығынан екі қатарға тұрады. Әр командадан капитандар таңдалынады.
Ойынның сипаттамасы. Капитандар бір ойыншыдан мәре сызығына жіберіп отырады. Ойыншылар сызыққа келіп тұрып, неғұрлым алысқа секіре бастайды. Әр ойыншы секіргенде түскен жерін белгілеп отырады. Ойыншвлар орнына келеді. Енді келесі екі ойыншы келіп, алдындағы бірінші ойыншы секіріп түскен сызықтан секіреді. жіне әрі қарай келесі ойыншылар секіре береді. Алыс ара-қашықтыққа секірген топ жеңеді.
Ереже: 1. Сызықтан секірген кезде сызықты баспай секіру қажет.
2. Егер ойыншы құлап қалса, онда оның сызыққа жақын жеріндегі белгісіне сызық сызылады.
3. Ойындағы барлық ойыншылар қатысуы керек. 4. Ойыншылар өз кезегімен немесе капитан ұйғарымымен секіреді, ірбір ойыншы тек бір рет қана секіре алады.
Ойынның педагогикалық маңызы. Ойында табандылық, жинақылық жіне назар аударғыштық қасиеттер дамиды. Ол ұзындыққа секірудегі басты қасеттерді қалыптастырады. Ойын ойыншылардан тобы үшін барлық күш-жігерін қолдануын талап етеді. Айрықша қимыл түрі – ұзындыққа секіру.
Әдістемелік нұсқаулары:. Бұл ойынды ойыншылар секіру техникасын меңгерген кезде ғана қолдану керек. Ойын мезетінде жіберілген барлық қателіктерді жойып отыру керек.
«Ұзындыққа секіру ойындары»
Дайындық. Алаңның бір жақ басына «сөре сызығы» сызылады. Одан 6-8 м жерге арасы бір-бірінен 1 м ,болатын екі сызық сызылады. Ол белгіден 1-3 м қашық жерге үш шеңбер белгіленеді. Ойыншылар үш топқа бөлініп «П» әріпін жасап тұрады.
1-топ сөреге келіп тұрады.
Ойынның барысы. Әмір берілісімен сөредегі топтың бірінші жұбы алға қарай екпіндей жүгіріп, барлық тосқауылдан – сызықтар мен шеңберлерден секіріп өтіп, өз жалаушарын жоғары көтереді, содан соң шеңберге – өз орындарына келіп тұрады. Жалаушасын бірінші болып көтерген ойыншы 1 ұпай алады.
Бұдан кейін сөредегі келесі жұптар кезекпен түгелдей жүгіріп шығады. Катені ең жіберген топ жеңіске жетеді. Ойыншылар ойынды дерліктей меңгеріп болған соң, оны келесі топтарға әмір бермей-ақ жалғастырта беруге болады. Бұл ойында алғашкы ойыншылар жалауша алып кедергіден секіріп өтіп, оны сөредегі өзінен кейін тұрған әріптесіне береді. Ал олар кедергілерден өтіп, жалаушаны сол жерге қалдырады да, тез кейін қайтып, сөредегі өз әріптестеріне қолың тигізеді. Олар жалаушаны тез алуға жүгіреді. Ойын осы ретпен жалғасып, барлық ойыншы жүгіріп біткенде аяқталады. Қатені аз жіберген топ жеңімпаз атанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет