«Модульдік оқыту технологиясы»
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағида атап көрсетілген. Бұл білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануына, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен құра беруіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақыттағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқу технологияларын ұтымды қолданысқа алуы.
Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн колледждің алдында тұрған басты міндет — өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі – модульдік оқыту.
Модуль – білім алушылардың білімі, білігі, дағдысы және құзыреттілігі бағалау критерийлеріне сәйкес келетін нақты тұжырымдалған, дербес, білім беру бағдарламаларының құрымдылық элементі.
Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістрі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Модульдік білім беру бағдарламасы – білім алушылардың қандай да бір академиялық дәреже немесе біліктілік алуы үшін қажетті негізгі құзіреттіліктерді меңгеруге бағытталған оқу модульдерінің жиынтығын қамтитын оқыту бағдарламасы.
Модульдік оқыту – білім беру бағдарламаларын, оқу жоспары мен оқу пәндерін модульдік негізде құрастыратын оқу үдерісін ұйымдастыру тәсілі.
Білім беру бағдарламаларын модульдік негізде құрастыру – білім беру бағдарламасының мазмұны мен құрылымын оқытудың мақсатына сай білім алушының кәсіби құзыреттілігінің жиынтығы болатын оқу үдерісін ұйымдастыру тұжырымдамасы негізінде кәсіптік оқыту мақсатына қол жеткізу құралы.
Қазақстан Республикасындағы модульдік білім беру жүйесін біртіндеп енгізу білім берудің практикалық жағына мақсатты бағдарлануды талап ету – ТжКББ колледждеріндегі тәжірибелік – бағдарлық сабақтарды өткізу және кәсіпорындарды тарту жолымен мүмкін болады.
Шынайы ынтамен жұмыс жасаған жұмысшы топтың бірі «Туризм» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтарын тексеру бойынша жұмысшы тобы болды. Топ «Кеңсе жұмысымен» қатар Трир қаласындағы Қолөнершілерпалатасына, кәсіби мектептері мен оқу орындарына да барды, емтихандарына қатысты. Алған тәжірибесін Алматы қаласындағы Туризм және қонақжайлылық колледжініңбілімін жақсарту үшін қолданды. Нәтижесі «Тамақтандыруды ұйымдастыру» (0508000) және «Туризм» (0511000) мамандықтары бойынша құзыреттіліктерге негізделген техникалық және білім берудің модульдік оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар мен әдістемелік жобаларды және оқытудың модульдік технологиясы бойынша сабақтың әдістемелік жобаларын жасау болды. Колледж сонымен қатар оқытушылардың біліктілік жоғарлатуы курстарын өткізуге жауап беретіндіктен жаңа оқу жоспарлары мен әдістемелік тұжырымдар енді басқа да колледждерде қолданылатын болды.
МОДУЛЬ МАЗМҰНЫ
(модуль бойынша сабақ жоспары)
Модуль коды мен атауы А. Мейрамхана индустриясындағы аспаз қызметі
Мақсаты: Аталған модуль аяқталған соң білім алушылар балық пен теңіз өнімдерінен тағамдар дайындай алады
Модуль мазмұны
6 әрекет
Білім беруді ұйымдастыру:
Сағат саны 126, сабақ саны 21
Оқыту әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, оқу-өндірістік жұмыстарды орындау тәсілдері мен еңбек әдістерін көрсету
4.Сабақ жоспарлары. Модуль бірлігі А8. Тәтті тағамдар мен сусындарды дайындау
№1 сабақ. Тақырып (әрекет): Табиғи балғын жемістер мен жидектер дайындау
Сабақ мақсаты: 100% студенттер табиғи балғын жемістер мен жидектер дайындайтын болады
3. Оқыту әдістері: оқу-өндірістік жұмыстарды орындау тәсілдері мен еңбек әдістерін көрсету
Сабақ барысы
Сабақ кезеңі
|
t (мин)
|
Тапсырма
|
1
|
2
|
3
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
10 мин
|
Тізім бойынша қатысушыларды тексеру
|
Сырт киімін, жеке гигиенасын қарау
|
Топтың психологиялық көңіл-күйі:
«Ой-толғау» (әзілді сұрақтар)
|
Тәжірибелік жұмыс
|
Кіріспе нұсқаулық
|
50 мин
|
Тамақтану кәсіпорнындағы жоспар-мәзірмен таныстыру
Сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру
Студенттерге сауалнама жүргізу
Технологиялық карталарды талдау
Бутербродтар дайындау бойынша технологиялық сызбалар жасау
Бутербродтар тағамын ұсынуға арналған құралдармен, ыдыстармен танысу
Өндірістік оқыту шеберінің тәжірибелік көрсетілімі
Жұмыс орнын ұйымдастыруды түсіндіру және көрсету
Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізу
Кіріспе нұсқаулықты студенттердің игеруін тексеру
Студенттерге тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру
|
Ағымдық нұсқаулық
|
165
мин
|
|
Бірінші мақсатты айналым
|
45 мин
|
Оқыту қызметінің мақсатын нақты анықтау
Саналылығына қол жеткізу
Жұмыс бастамасын, жұмыс орнын ұйымдастыруды, қажетті шикізаттың болуын, құралдар мен ыдыстарды тексеру
Команда ішінде тапсырманың бөлінісі қалай жүріп жатқанын тексеру
Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау
|
Екінші мақсатты айналым
|
80
мин
|
Жемістер мен жидектерді өңдеу мен турау кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелері мен санитарлық гигиеналық талаптарды сақтау
Салқын цехтардағы цехтағы жұмыс орнын ұйымдастыру
Жемістер мен жидектердің сапасын тексеру
Жемістер мен жидектерді дайындау
Жемістер мен жидектерден жартылай фабрикаттар дайындау
Кілегей мен қаймақты шайқау
Табиғи балғын жемістер мен жидектер
Температуралық режимді сақтау
Тағамдарды ұсынуға әсемдеу
Бракераж жүргізу
|
Үшінші мақсатты айналым
|
35
мин
|
Бутербродтар дайындау мен ұсыну бойынша жеке сәттерді реттеу
|
Қорытынды нұсқаулық
|
40
мин
|
Бутербродтар тағамына презентация жасау, тағам сапасын бағалау
|
Сабақ нәтижесін бағалау
|
5
мин
|
Орындалған жұмыс шарттарының кестесі бойынша қорытынды бағалау
|
Техникалық құжаттамалар және көрнекілік құралдар
|
|
Рецепттер жинағынан көшірме, технологиялық сызбалар, карталар, шикізат, құрал-жабдықтар, механикалық және жылу құрылғылары, таразы
|
Бағалау тапсырмалары
1. Ыстық бутербродтар мини-пицца – тағамына технологиялық карта жасау
2. Ыстық бутербродтар мини-пицца – тағамына технологиялық сызба жасау
3. Ыстық бутербродтар мини-пицца – тағамын дайындау
Ө/о шебері __________________ Багыбаева А
_____ _________ 20____ж.
4.Сабақ жоспарлары. Модуль бірлігі А8. Тәтті тағамдар мен сусындарды дайындау
№2 сабақ. Тақырып (әрекет): Табиғи балғын жемістер мен жидектер дайындау
Сабақ мақсаты: 100% студенттер табиғи балғын жемістер мен жидектер дайындайтын болады
3. Оқыту әдістері: оқу-өндірістік жұмыстарды орындау тәсілдері мен еңбек әдістерін көрсету
Достарыңызбен бөлісу: |