Модульдік технологияны пайдалану арқылы поэзияны оқыту. «Модуль – қандай да бір жүйенің, ұйымның анықтайтын дербес бөлігі»



Дата23.08.2017
өлшемі123,33 Kb.
#25400
МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ПОЭЗИЯНЫ ОҚЫТУ.
«Модуль – қандай да бір жүйенің, ұйымның анықтайтын дербес бөлігі»

Модульдік технологиялардың ерекшелігін тек білімді меңгерту деп түсінсек, біржақты пікір болары хақ. Біз модульдік технологияны тиімді пайдалану жолдары арқылы оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекітеміз, шығармашылық деңгейін арттырамыз.

М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясының» маңызы ерекше екені тәжірибелік қолданыстан мәлім. Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі өзгені де бағалай білуге үйретеді.

Оқушының оқу белсенділігі – тиімді белгілерінің бірі. Бұл технологияның бір ерекшелігі сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмыстарды ұсынуға болады.

Сөздікпен жұмыс кезінде оқушының шығармашылығы, мүмкіндігіне қарай сөз тіркесін, сөйлемдерге сөзжұмбақ, ребус немесе сканворд құрастыру мүмкіндігін тудыру болса, жаңа материалмен жұмыс істеген кезде өз ойын сызба немесе сурет, тірек конспектілері арқылы жеткізуіне, жаңа тақырыпты бекіту кезеңінде өз пікірін шағын ойтолғам, өлең құрап жазу арқылы беруге болады.

Оқушының белсенділігін оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сабақ құрылымдарының өзгеріп отыруы, әсіресе топтық құрылымдар оқушылар арасында қарым-қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді. Оқушының тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның өз күшін, шама-шарқын бағалай білуге, өзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға және оны жеңуге тырысуына жетелейді.

Модульдік оқыту технологиясының негізі – модуль. Осы технологияны басшылыққа ала отырып, бағдарламада берілген тақырыптарды логикалық бір жүйеге келтіріп, модульдерге бөлуге болады. Бұл модульдік оқытудың негізгі идеясы – жаңғырту. Оның мазмұны:

1. оқытудың жалпы мақсатын қою;

2. жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

3. оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау;

4. оқу әрекеттерінің жиынтығы;

5. нәтижені бағалау

Алдымен оқушыларды оқу мақсатымен, модульмен таныстыру керек. Оқушылар: оқу мақсатын, өзіне қойылатын талапты, модульдің мазмұнын, жұмыс-үрдісін, нәтижесінің бағаланып және түзетіліп отыратынын біледі.

Оқыту модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады:




Кіріспе

модульге, тақырыпқа енгізу


Сөйлесу бөлімі

оқушылардың өзара сөйлесуін ұйымдастыру

қорытынды бөлімі

бақылау, тест

Сөйлесу бөлімін педагогика және психология ғалымдарының жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқушылардың қабылдау деңгейлері мен қабілеттеріне қарай ұйымдастыруды басшылыққа алу керек. М. Жанпейісованың сөйлесу бөлімін құру қағидаларына сүйене отырып, жеке тұлғаны дамытатын кез-келген әрекет емес, орындау әрекеті екенін ескере отырып, оқушының танымдық қызметпен айналысуына, ақыл-ой жұмысына қанағаттануына жағдай жасалады. Міндетті түрде, сабақ барысында, оқушының іс-әрекетінің төрт түрі қолданылады:

-тыңдау;

-оқу;


-жазу;

-әңгімелесу;

Модульдердің нәтижелі болуын көздеп, сөйлесу сабағының түрін өзгерте отырып, әртүрлі белсенді формаларды пайдалану арқылы іске асырылады. Олар:

- топтық;

- жұптық;

- жеке топтық;

- ұжымдық

Оқыудың басты ерекшелігі – оқушылардың қарым-қатынасы арқылы тіл дамыту, тұлғаның дамуына жағдай жасау.

Оқушы

оқушымен



топпен

ұжыммен

мұғаліммен қатынаста болуына жағдай тудыру. Сөйлесу сабағы үстінде тапсырманың жеңілдігінен күрделіге қарай бірнеше іс-әрекет формалары ауысып отырады. Мысалы: сабақтың басында поэзияны талдауда сөздікпен жұмыс жүргізгенде жұптық немесе бекіту кезінде топтық форманы немесе жеке топтық жұмысты қолданады.

Мәтінді оқытуда сөздікпен жұмыс оқушының тілін байытуда ерекше орын алады. Бұл жұмыс оқушының сөздік қорын молайтып, тілін, ойлау қабілетін дамытады. Сөйлесу сабағы оқушыларды тек ауызекі сөйлеуге үйретіп қоймайды, олардың ойлау, талдау, сараптау және қорытындылау қабілеттерін жетілдіреді.

Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі – сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс дегеніміз – сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәінмен жұмыс дегеніміз – сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:

1. Дыбыстармен жұмыс

2. Сөздіктермен жұмыс

3. Сөздік қорларын жетілдіру

4. Тіл дамыту

5. Ережемен жұмыс

6. Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.

Мәтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді:

1. Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс.

2. Мәтінмен жұмыс кезеңі.

3. Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең.

1) Мәтін алдындағы тапсырмалар мен соған сәйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мәтінде танып, айыра білу және әртүрлі құрылымдық материалдарды меңгерту.

2) Келесі мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен құрылымы орындалады. Мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру тапсырмаларын әртүрлі тәсілмен орындау. Мәтінмен жұмыс былайша ұйымдастырылады:

- оқығанның тақырыбын ажырату,

- оқығанның мазмұнын баяндау,

- мәтін бойынша сұраққа жауап беру,

- жоспар жасату,

- негізгі жанама ойды таптыру,

- қорытынды жасату.

3) Шартты түрде алып отырған үшінші кезеңде мәтінді оқып, түсініп, негізгі ойды айта білу.

Мәтінді оқығаннан кейінгі жұмыстар:

1. Логикалық сұрақтар

2. Сөздік жұмыстар

3. Талдау тапсырмалар

4. Стильдік талдау

5. Лексикалық талдау

6. Әдеби теориялық талдау

7. Құрылымдық талдау

8. Образдық талдау

9. Күрделі поэма болса, мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айту

10. Салыстырмалы талдау

11. Сатылы кешенді талдау

12. Проблемалық талдау



Мәтінді оқытудың мынадай түрлері сабақ үстінде қолдануды ұсынамын:

1. Дауыстап, мәнерлеп оқыту арқылы оқушының интонацияны меңгергендерін байқауға болады, тағы да бір тиімділігі – оқушылар бірінің қатесін бірі естіп және түзетіп отырады.

2. Іштей оқу – бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтау. Мысалы: оқушыларға іштей шапшаң оқу үшін бір мәтін беріледі де, қай жерге дейін оқу керектігін оқытушы белгілейді. Әркім белгілеген жерге келгенде кітаптарын жауып, бітіргенін байқатады. Солай оқушылардың оқу шапшандықтарын мөлшерін мұғалім өзі белгілеп отырады.

Оқытудың ең басты әрі негізгі мақсаты - білімнің сапалы, нақты, толық болуында.

Модульдік технология мұғалімнің алдында тұрған көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі:

- жалпы білім сапасын жоғарылату;

- сабақтың тиімділігін жоғарылату;

- дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін жасау;

- оқушылардың мақсаттарына жету жолындағы жетістіктерін есепке алу жүйесін жасау;

- жеке тұлғаның өзін-өзі реттеуі, өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі дамытуы.

Модульдік технология алға қойған мақсатқа оқушылармен бірлесе отырып проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

Поэзия тілін таныту модулі
Поэзия тілін таныту аса күрделі процестің бірі. Яғни, талдай білу үшін оқушының әдебиет теориясын терең меңгергені, стиль жүйесінен сауаттанғаны басты көңіл аударарлық әрекет. Көркем шығарманың тілін талдау үшін төмендегідей сатылы жүйеге сүйене жұмыстанамыз:


Стиль(әдеби стиль)

Троп

Фигура

әр жазушының әдебиетке әкелген жаңалығы

метафора, кейіптеу, метонимия, синекдоха, символ, аллегория, ирония, сарказм, әсірелеу, литота.

Эпитет, теңеу.





арнау, қайталау, анафора, эпифора, инверсия, антиза (шендестіру), дамыту (градация), элипсис

Поэзия тілін талдап, танытудағы мақсат:


  • лингвистикалық түсінік беру;

  • тілдік іскерлік дағды дамытылады;

  • логикалық ой жетіледі;

  • ақынның сөйлеу шеберлігі;

  • сөз саптау үлгісі;

  • сөз құдіреті;

  • тіл сұлулығы;

  • троп, фигураның қолдансы.

Дыбыстың фонемалық қасиеті ерекше. Тіліміздің дыбыстық үйлесімділігі, ырғағы, әуезділігі, эстетикалық талғамы жоғары. Төмендегі өлеңде әр жодлы «Қ» әріпінен басталып, әдебиет теориясында «аллитрация» болатынын талдау орынды. 20 тармақ «Қ» әріпінен басталып, әр тармақ жаңа ой береді:


Қоңыр жыр (автордікі) Мәтін үлгісі.
Қоңыр күз,

Қоңыр әуен,

Қоңыр халық,

Құранды түссіз ғұмыр қоңырланып.

Қураған жапырақтан жеміс күткен,

Қандастың қоңыр тірлік қолын қағып.
Қоңыр күн,

Қоңыр шаттық,

Қоңыр арман,

Қоңырқай қорғансыздың қоңын қарған.

Құладын құла түз де құрыс қысқан,

Қорынан қуат қашып, қоңырланған.
Қоңыр таң,

Қоңыр сенім,

Қоңыр достық,

Құлаған қоңыр тұман көңіл қоштық.

Құрсанған құрсау күнмен қанағатсыз,

Қомағай қорқаулардан өмір тостық.
Қоңыр үн,

Қоңыр тыныс,

Қоңыр далам,

Қоңыр түс қоғамдағы қоңыр бағаң.

Қонағы құнсызданған тұл тағдырдың,

Құдайдың құлдары да қоңырлаған.
Қоңыр-ау,

Қоңыр-қоңыр,

Қоңыр бәрі,

Қоңыр нан, қоңыр дәмің қолыңдағы.

Қоңыр ән, қоңыр сазды, қоңыр сезім,

Қорытқан қоңыр жыр да қоңырланды.
ШУМАҚ САНЫ:


Бірінші шумақ.

Қоңыр күз, Қоңыр әуен, Қоңыр халық,

Құранды түссіз ғұмыр қоңырланып.

Қураған жапырақтан жеміс күткен,

Қандастың қоңыр тірлік қолын қағып.



Екінші шумақ

Қоңыр күн, Қоңыр шаттық, Қоңыр арман,

Қоңырқай қорғансыздың қоңын қарған.

Құладын құла түз де құрыс қысқан,

Қорынан қуат қашып, қоңырланған.




Үшінші шумақ

Қоңыр таң, Қоңыр сенім, Қоңыр достық,

Құлаған қоңыр тұман көңіл қоштық.

Құрсанған құрсау күнмен қанағатсыз,

Қомағай қорқаулардан өмір тостық.




Бесінші шумақ

Қоңыр-ау, Қоңыр-қоңыр, Қоңыр бәрі,

Қоңыр нан, қоңыр дәмің қолыңдағы.

Қоңыр ән, қоңыр сазды, қоңыр сезім,

Қорытқан қоңыр жыр да қоңырланды.



ТАРМАҚ САНЫ:


  1. Қоңыр күз, Қоңыр әуен, Қоңыр халық,

  2. Құранды түссіз ғұмыр қоңырланып.

  3. Қураған жапырақтан жеміс күткен,

  4. Қандастың қоңыр тірлік қолын қағып.




  1. Қоңыр күн, Қоңыр шаттық,Қоңыр арман,

  2. Қоңырқай қорғансыздың қоңын қарған.

  3. Құладын құла түз де құрыс қысқан,

  4. Қорынан қуат қашып, қоңырланған.




  1. Қоңыр таң, Қоңыр сенім, Қоңыр достық,

  2. Құлаған қоңыр тұман көңіл қоштық.

  3. Құрсанған құрсау күнмен қанағатсыз,

  4. Қомағай қорқаулардан өмір тостық.




  1. Қоңыр үн, Қоңыр тыныс, Қоңыр далам,

  2. Қоңыр түс қоғамдағы қоңыр бағаң.

  3. Қонағы құнсызданған тұл тағдырдың,

  4. Құдайдың құлдары да қоңырлаған.




  1. Қоңыр-ау, Қоңыр-қоңыр, Қоңыр бәрі,

  2. Қоңыр нан, қоңыр дәмің қолыңдағы.

  3. Қоңыр ән, қоңыр сазды, қоңыр сезім,

  4. Қорытқан қоңыр жыр да қоңырланды.


әу



ха
БУЫН САНЫ:

Қо

ен

лық

қо

қо

күз

ңыр

ңыр

ңыр
, ,


БУАНАҚ САНЫ:


Қоңыр күз



Қоңыр халық

Қоңыр әуен


ҰЙҚАС ТҮРІ: (Қара өлең ұйқасы)

А

А

А

Б

filecab3
Әдебиет теориясы:
Синтаксистік параллелизм –«Қоңыр» сөзі. Яғни, өлеңнің әр жолында қайталанып келеді. (31 рет).

Эпитеттер:

Қоңыр күз, қоңыр әуен, қоңыр халық, түссіз ғұмыр, қураған жапырақ, қоңыр күн, қоңыр шаттық, қоңыр арман, қоңыр таң, қоңыр сенім, қоңыр достық, қоңыр тұман, қоңыр нан, қоңыр жыр т.б.

Сөздіктер:

Қандас – бауырлас, бір туғандар,

Құладын құла түз – маң дала,

Құрсау – қоршаулану,

Құдай құлы – пенделер.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет