Қосымша 1
Моңғол империясы
Моңғол империясы — Шыңғыс хан құрған мемлекет. XII ғасырдың аяғы — XIII ғасырдың басындаОрталық Азия мен Қазақстан далаларындағы саяси жағдай күшті көшпелі тайпалар одағы билеушілерінің арасында басқа тайпаларға өз үстемдігін орнату жолындағы күрестің күшеюімен сипатталады. Осы күрестің барысында Моңғол тайпасының өкілі Темучин (Шыңғысхан) Орталық Азия тайпаларың біріктірді, сөйтіп ол Орталық Азия даласындағы ең құдіретгі жаулап алушыға айналды.
Шыңғысхан — «әлемді сілкіндіруші», ұлы қолбасшы және жаулап алушы — кең жерді иемденген және моңғол даласында ержүректілігімен және күштілігімен белгілі болған Есугей батырдың ұлы. Моңғолдың құпия шежіресіне сәкйкес Шыңғыс хан 1155 жылы туылған. Балалық шағында Темучжин деген аты бар Шыңғысхан тоғыз жасқа толғанда, жаулары у берген оның әкесі өледі де, сол кезден бастап оның отбасы үшін аса қиын күндер туады
1206 жылы Темуджин Ұлы Қытай қорғаны даласының солтүстігіндегі аймақтың ең қуатты билеушісіне айналды. Сол жыл оның өмірінде ерекше есте қалды, өйткені ол монғол феодалдарының құрылтайында барлық монғол тайпаларының «ұлы ханы» атанып, «Шыңғыс хан» лауазымына ие болды (түрік тілінен теңіз деген мағынада).
Билік басына келген Шыңғысхан бүкіл елде «ұлы Яседе» бейнеленген (Яса-сөз) қатаң заң орнатады және бұл заңдарды сөзсіз орындауды бәрінен талап етеді, оны бұзғандарды өліммен жазалауды бұйырады. Шыңғыс-хан құрған мемлекеттің негізіне әскери тұрғыдан ұйымдастыру принципі алынды. Бүкіл территориясы мен халқы оңқанат (барунғар), сол қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ «түменге» (түмендер) бөлінді. Олардың әрқайсысы оң мың адамнан тұрды, «мыңдар» – он «жүзден», ал «жүздер», - «ондықтан» құралды. «Қасиетті аңызға» сәйкес, бүкіл Моңғолия Шыңғыс-ханның туыстарымен оны қолдаушылардың биілігіне таратылып берілген 95 «мыңға жіктелді». Бұдан басқа Шыңғыс-ханға 10 мың өзіне шын берілген таңдаулы жауынгерлерден тұратынкешігі (гвардиясы) қызмет етті. Оның көмегімен Шыңғыс-хан нояндар мен басқа феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады.
Бар билікті өз қолына алған Шыңғыс-ханның алдынақойған басты мақсаты – ішкісаяси - әлеуметтік қайшылықтарды болдырмау. Ол үшін көрші жатқан халықтардың жерін басып алу, соғыс жолына түсу, үстем тап өкілдерінің мудделерінен шығу үшін, жаулап алған халықтардың байлығын тонау, оларды феодалдық кіріптарлыққа салу.
Моңғол шапқыншылығы:
1207 ж. ол Сібірдегі орман жұртын бағындырғаннан кейін, 1207 – 09 ж. Таңғұт (Си Ся) мемлекетіне үш дүркін шабуыл жасап, жаулап алды.
1211 жылы Шыңғыс ханның атты әскері Солтүстік Қытайға шабуыл жасады. Ұлы Қытай қорғаны – адамзат тарихындағы ең ғаламат қорғаныс құрылысы – жаулап алушыларға тосқауыл болмады. Монғолдың атты әскері жолында тұрған жасақтаржы талқандап өтті. 1215 жылы монғолдар ұзақ қоршауда ұстаған Пекин (Яньцзин) қаласын басып алды.
1216 жылы Моңғолдар Батысқа қарай жылжуын қайтадан бастады. Шыңғысхан өзінің үлкен ұлы Жошыға қыпшақтарға қашып барған меркіттерді қыруға, ал сенімді қолбасшыларының бірі Жебе-ноянға Күшлік-ханды жазалауға бүйырды. 1218 жылы Күшлік-хан талқандалды.
1218 жылы Шыңғыс-хан Орта Азияға Омар -Қожа Отрари, Жамал Марағи және басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді.
Қосымша 2
Достарыңызбен бөлісу: |