Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
МӨЖ-1.
Қазіргі заманғы жоғары кәсіптік білім беруді дамытудың мегатенденциялары бойынша интеллект-карта жасау
Орындағандар: Шукирова А.А. , Қалиева М.С.
Жерге орналастыру 1 курс магистранттары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................................................................................3
І. Жоғары кәсіптік білім беру......................................................4
ІІ. Жоғары кәсіби білімнің құрылымы мен мазмұны .............6
ІІІ. Кәсіптік білім беруді дамыту - заман талабы...................10
ІV. Жоғары кәсіптік білім беруде дуальды оқыту..................12
V. Кәсіби оқытудың қазіргі технологиялары..........................16
VІ Қазіргі кездегі жоғары білім білім берудің тендендиялары б/ша интеллект-карта................................................................19
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР….…………..…...…32
Жаһандану ғасырында, дүниежүзлік сан түрлі одақтар мен ұйымдарға кіру, әлемге танылу, төрткүл дүниенің алпауыт елдерімен тең дәрежедегі жан-жақты қарым-қатынаста болу ұлт тарихындағы қазақ мемлекеттілігінің тарихи жеңісі. Алайда қазіргі аласапыран заманда ұлттық сипатымыз бен таным түсінігімізді, салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді сақтап қалу тәрбие мен білім ошақтарының ең өзекті мәлелелері екені анық. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру, яғни өркениет көшіне ілесу үшін бізге жан - жақты терең білім керек.
Жалпы білім беру саласы, адамның білім деңгейінің көрсеткіші және оның тиімділігі, алған білімнің қысқа уақытта нақтылы пайдалы бағытта нәтиже беруі өте күрделі мәселе. Шынайы өлшемдерге салсақ білімділік салалық кәсіби білім мен жан-жақты, ізгі рухани ілімдерді бір арнада тоғыстыра білуімен өлшенуі керек. Білімді адам өзінің білгенін барынша насихаттап өзгелерге үйрете білсе, білгенін жетілдіре отырып ғылым иорта қалыптастыра алса, білімділік жалпылық сипатқа ие болып, олар белгілі бір ғылыми жетістікке қол жеткізетіні сөзсіз. Сондықтан, кәсіптік және жоғарғы оқу орындарында ғалымдар мен жас талапкерлерді ортақ іске жұмылдыру, кәсіби мамандарды даярлаумен қатар ұлтына, жалпы адамзатқа шыншыл қызмет ете алатын зиялы ұлт тұлғаларын, яғни ұлттық кадрлар шоғырын дайындау басты мақсат, негізгі міндет болуы шарт.
Кәсіби білім беру - жеке тұлғаның еңбектік әлеуметтендірудың қоғамдық және педагогикалық ұйымдастырылған процесі. Бұл үдеріс жеке тұлғаны кәсіптер әлемінде бағдар алуын және бейімделуін қамтамасыз етеді, нақтылы мамандықты меңгеруіне және біліктілік деңгейіне қол жеткізуіне, кәсіби құзыреттіліктеріның, шеберлігінің үздіксіз дамуына, адам қызметіның әр түрлі салаларында қабілеттеріның дамуына мүмкіндік жасайды.
Кәсіби білім беру - бұл:кәсіби оқыту және тәрбиелеудің мақсатты педагогикалық үдерісі; мемлекет және қоғам іске асыратын білікті жұмысшы күштерді өндіру, мамандарды дайындау, қайта дайындау және олардың біліктілігін арттыруға бағытталған мақсатты процесс.
Кәсіптік білім беру жүйесі кәсіби білім беру мекемелерінің тармағынан құралады - қарапайым курстардан жоғары және жоғары білімден кейінгі кәсіптік білім беру ұйымдарына дейін. Кәсіптік білім беру дегеніміз кәсіби дайындық және кәсіби білім берудің белгілі бағдарламасын құзыретті меңгерудің деңгейінің болуы.
Кәсіптік білім берудің негізі - белгілі бір елдің халық шаруашылығына
қажетті мамандардың керектілігі мен тұлғаның мамандықты игере алу мұқтажды - ғына байланысты. Маманның өнегесі – кәсіптілік түсінігінің ажырамас құраушы бөлігі болуы керек.
Кәсіптік білім адами капиталдың қалыптасуын қамсыздандырады. Адами капитал табыс әкеле алатын адамдағы қабілеттердің мөлшерін білдіреді. Ол тума біткен ақыл-ой мен физикалық қабілет, дарын, сыйды ғана қоспайды, сонымен бірге алынған білім мен біліктілікті қосады. Жұмысшы күшінің біліктілік деңгейі адами капиталдың жағдайын көрсетеді. Адами капиталдың артуы еңбеккерлердің кәсіптік-біліктілік деңгейінің өсуін бейнелейді.
Кәсіптік білім, біліктілік алу жұмысқа орналасу мәселесін шешуде еңбеккер үшін өте
маңызды болып табылады. Жұмыс беруші үшін білімі туралы дипломның болу факті, сол адамның белгіленген іріктеуден өтіп, сапалы (білікті) жұмысшы күші категориясына енгенін білдіреді. Көптеген елдер шешуші маңызды экономикалық міндеттердің арасынан жылдам өзгеруші экономика, технология менхалықаралық сауда жағдайларына бейімделу мүмкіндік-терін күшейту қажеттілігін ерекше көрсетеді. Жоғарыда аталған үдерістердің қарқынына теңсіз әсер теріс өңірлік, ұлттық, жергілікті салдарға алып келетін тұтас бір мәселелер кешенін тудыруға қабілетті. Жоғары білім осындай көптеген теріс үрдістерді болдырмауға қабілетті болып табылады. Мұндай үрдістерден шығу жөніндегі шешімдер ұлттық, жергілікті, өңірлік, әлеуметтік және мәдени құндылықтарды ескерумен жүзеге асырылуы тиіс.
Жоғары кәсіби білімнің құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының құрылымына - университет, академия, институт, оларға теңестірілетін консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище кіреді.
Жоғары ұлттық білім беру жүйесінің қызметі Қазақстанның жедел қарқынды және демократиялық жолмен дамуын, оның өркендеуіне және әлемдік қауымдастық биіктігінен көріне білетін, XXI ғасырдың жаңа талаптарын нәтижелі шешетін азамат тәрбиелеу болып табылады.
Академия - жоғары кәсіптік білім мен жоғары оқу орнынан кейін кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын; өндірістік, ғылыми және ғылыми-
педагогикалық қызметтің белгілі бір саласы үшін жоғары кәсіптік білімі бар мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын; ғылымның немесе мәдениеттің көбінесе бір саласында ғылыми зерттеулерді орындайтын жоғары оқу орны;
Институт - кәсіптік жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын жоғары оқу орны;
Университет - мамандықтардың кең ауқымы бойынша жоғары кәсіптік және
жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын; жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды, ғылыми және ғылыми-педагог қызметкерлерді қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын; іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізетін;өзінің қызмет саласында жетекші ғылыми және әдістемелік орталық болып табылатын көп салалы жоғары оқу орны.
Техникалық және кәсіптік білім мақсаты:
- Қоғамның және экономиканың-индустриялық инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім жүйесін жаңғырту,
- әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу.
Ал, қазіргі күні жоғары кәсіптік білім беру саласын модернизациялау кредиттік жүйені енгізумен тікелей байланысты. Қазақстанда бұл жүйені енгізу ұлттық білім беру жүйелерін реформалаудағы дүниежүзілік тенденциялармен , сондай-ақ ҚР жоғары оқу орындары дипломдарының әлемдік білім беру кеңістігінде еркін қабылдануына деген жағдайлар, алғышарттар жасау қажеттіліктерімен түсіндіріледі.
Еліміз жоғары оқу орындарының еуропалық білім кеңістігіне енуінің
дәлелі ретінде Болон декларациясына қосылу аясында біздің оқу орындарында
білім беру үдерісіне түбегейлі өзгерістер еніп, мамандар даярлау ісінде біршама
жаңалықтар болды. Оның ішіндегі ең маңыздысы – ЖОО-дағы білім берудің Болон үдерісі стандарттарына сай құрылуы, яғни оқытудың кредиттік жүйесіне көшірілуі, соған сәйкес жоғары білікті мамандар даярлаудың бакалавриат - магистратура - PhD докторантура бағдарламалары бойынша үш сатылы моделін қалыптастыруға ұмтылу .
МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ БІЛІМІН КӨТЕРУ
Жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен мамандардың кәсіби
Білімін көтеру институттарындағы педагогикалық дайындық және білімін қайта жетілдіру қосымша кәсіптік білім беруге жатады. Ол алған кәсіби білімдерін әрі қарата дамыту және жетілдіру, білім беру үдерісінде меңгеруге бағыттала ұйымдастырылады.
Қосымша кәсіптік білімді іске асыруда білім беру мекемелері, әртүрлі
ұйымдастыру-құқықтық формалары, басқару органдары, ғылыми-зерттеу
мекемелері, ақпарат қызметтері өзара бірлікте жұмыс атқарады. Бұл жүйе төмендегі ұйымдастыру түрінде іске асады: мұғалімнің өздігінен білімін көтеру, әдістемелік бірлестіктер, кафедралар, білім беру орталықтары, курстар, семинарлар, конференциялар, мұғалімнің білімін жетілдіру және қайта даярлау мекемелері, жоғары оқу орындарындағы қайта даярлау орталығы.
Республикада кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау республикалық, облыстық, қалалық білім жетілдіру институттарында жүзеге асырылады.
Нарықтық білім жүйесіне көшуге байланысты әр мұғалім өзінің кәсіби өсуінің стратегиялық бағдарламасын айқындау арқылы білімін жетілдіру бірінші кезекке қойылуы керек.
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ - ЗАМАН ТАЛАБЫ.
Қазіргі таңда білім мен ғылымды инновациялау мен жаңғырту экономикалық дамудың басты бағытына айналды. Еліміздің дербес даму бағыты айқындалып, халықтың тарихқа деген көзқарасы жаңа қырынан жаңғыра бастаған бүгінгі таңдағы негізгі міндеттердің бірі – «білім беруді жаңа инновациялық жолмен дамыту болып отыр».
Инновациялық процестерді ендіру өзара байланыс негізінде анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен.
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады.
Кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнының жаңартылуы, электронды оқыту, зияткерлік мектептер арқылы жоғары оқу орындарына дарынды шәкірттер дайындау, жоғары оқу орындарына қойылатын жаңа талаптар, магистрлар мен PhD докторларды дайындау арқылы университеттік білімді жаңа деңгейге көтеру бірқатар инновациялық жобаларға бастама болып, инновациялық оқыту әдісі кеңінен қолданыла бастады. . . Сондықтан, қазіргі таңдағы білімді одан әрі дамытуды қажет ететін ауқымды жобалар мен әлем тәжірибесіне негізделген инновациялық білім берілуі тиіс. Оның негізгі мақсаты- Қазақстан Республикасындағы практикалық маңызы бар ғылым мен білімді дамытудың басым бағытына сәйкес келетін инновациялық жобаларды іріктеу, аймақтағы ғылыми-зерттеулерді дамыту және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ғылым мен білім жетістіктерін пайдалану болып отыр.
Қазір жаһандану дәуірінде интеграциялық процестердің қарқынды даму үстінде. Сондықтан ұлттық білім саласы әлемдік білім кеңістігіне кірігусіз дербес дами алмайтынын бүгінгі қоғам дәлелдеп отыр. Жаңа ғасырдың шынайы кілті саналатын сол жаһандану білім саласына мықтап еніп. Соның негізінде әлемдік экономиканың интеграциялануы, жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы кең қанат жайды. Сондықтан, білім саласын модернизациялауда ұлттық инновациялық жүйені жасау адам іс-әрекетінің жаңа ғылыми және кәсіби бағыттарын айқындауды көздей отырып, кадрлар дайындаудың маманданды-рылған жүйесін іске асыруды талап етеді.
ЖОҒАРЫ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕ ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ
«Қазақстан жолы-2050:Бірмақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауынд атаяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалы қжәне кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру қазіргі заман талабы екендігін айтып өткен.
Жолдауды іске асыруды заңнамалық тұрғыдан бекіту мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығымен "Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту" туралы құжатты қабылданды. Аталған құжат Қазақстан Республикасында дуальды оқытудың жалпы ережелерін, дуальды оқытудың қатысушыларын, дуальды оқытудың міндетті компонентерін, дуальды оқытуды ұйымдастыру және жүргізу, дуальды оқытуды ұйымдастыруға қатысушылардың функцияларын анықтап ажыратып көрсеткен.
Қазіргі таңда Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде дуальді білім берудің ғылыми-теориялық негіздері жан-жақты зерттелуде. Біздің зерттеулеріміз жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде дуальді оқытудың ғылыми-педагогикалық негіздерін зерттеуге негізделеді. Бүгінгі күні шетелдік тәжірибелерге сүйене отырып, білім берудің жаңа буын мемлекеттік стандарттарын жасауға жұмыс берушілер қатыстырылып, дуальдық жүйені жоғары кәсіптік білім беру үлгісіне енгізудің мүмкіндіктері мен алғышарттары қарастырылуда. Бұл орайда ЖОО-да академиялық кеңестер құрылып, бакалавр білім беру деңгейі бойынша заманауи жұмыс берушілердің сұраныстарын қанағаттандыратын мамандарды дайындайтын модульдік білім беру бағдарламалары дайындалуда.
Жоғары кәсіптік білім берудің жаңа буын мемлекеттік стандарттары құзыреттілік тұғырға негізделген, соған сәйкес қазіргі заманғы маман еңбек нарығында және кәсіби салада әлеуметтік қорғалуды, икемділікті, бейімделгіштікті, табыстылықты қамтамасыз ететін әлеуметтік және кәсіби сапалардың жиынтығына ие болуы қажет. Стандарт талаптарына сәйкес кәсіби құзыретті маман даярлау мазмұны білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға ғана емес, өндіріс қажеттіліктеріне сәйкес дамыған кәсіби іс-әрекет дағдыларын меңгертуге бағытталған.
Қазақстанда дуальды оқыту жүйесін білім беру жүйесіне еңгізу техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде яғни, колледждерде бастау алды. Сондықтан дуальды оқытудың жүйесін енгізудің мүмкіндіктері, ерекешліктері және жетістіктері колледждердің директоры, әдіскерлері, мұғалімдері мен өндірістік оқу шеберлерінің еңбектерінде көрініс тапты.
Жоғары кәсіптік білім беру жүйесіне дуальды оқытуды еңгізудің алғышарттарын С.А.Жолдасбекова, Н.Айдабулова, С.Б.Жолдыбаева, Ф.К.Шуканова, Ж.Е.Алшынбаеваның еңбектерінде қарастырылған.
Дуальды оқыту - кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкер-шіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканы ңміндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны ретінде анықталған.
Дуальды оқыту жүйесінің басты мақсаты - бәсекеге түсе алатын мамандығы бар, кәсібін нақты таңдаған, жұмысқа орналаса алатын және өзінің кәсіби білімін жоғарылатуға ұмтылған жас тұлғаны өсіру болып табылады.
Дуальды оқыту жүйесінің міндеті – колледжді бітірген жас маман кәсіби жүйедегі оған белгіленген жердегі жұмысының өнімді болуы болашақ маманның кәсіби әрекетіне толық даярлығын қалыптастырады.
Дуальды оқытудың даусыз артықшылықтары:
Біріншіден, түлектердің жұмысқа орналасуының жоғарғы пайызын көрсеткіштерін қамтамасыз етеді, себебі оқытудың өндіріс сұранысына мүмкіндігінше жақындауының нәтижесінде олар жұмыс беруішілердің талаптарына толық сәйкес келеді.
Екіншіден, білім алушылардың оқуға деген ынтасының жоғарлауы. Болашақ жұмысшының психологиясы қалыптасады. Білім алушылар өндіріске жұмысшы ретінде тіркелгеннен кейін оқуға саналы түрде және жоғары қызығушылықпен кіріседі. Оқу ақпаратын сылбыр тұтынушының орнын өндірісте бастамашыл ұстанымы бар және өзінің қабылдаған шешімдеріне жауап бере алатын жас маман басады. Білім алушы өндірістік қарым-қатынасқа және ұжымға ерте үйренеді.
Үшіншіден , "тәжірибеден теорияға" қағидасы жұмыс істейді, білім алушы мәтіндермен және таңбалы жүйелермен емес нақты өндірістік жағдайлармен жұмыс істейді. Қиын теорияларды нақты кәсіби міндеттерді шешу арқылы тәжірибеде меңгеру жеңілдейді
Төртіншіден, маман дайындау сапасы жұмыс берушінің өзімен тексеріледі. Бірінші күнен бастап білім алушы уақытының басым бөлігін жұмыс орнында өзінің біліктілігі мен ынтасы көрсете отырып өткізеді. Жұмыс беруші болашақ мамандардың дайындығын тікелей өндірісті жағдайларда тексеруге мүмкіндік алады.
Бесіншіден, оқытушылар тек терең теориялық біліммен ғана шектелмей өндірістегі жаңалықтардың барлығынан хабардар болуы керек.
Алтыншыдан, мемлекеттік бюджетке жүктеме азаяды, кәсіби оқытудағы жұмсалатын шығындардың бір бөлігін мекеме өз мойнына алады.
Маманның кәсіби біліктілігін жетілдірудің мынадай 5 сатысы бар ( Э.Ф.Зеер пікірі бойынша):
1. Оптация - адамның психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай кәсіп таңдауын қалыптастыру.
2. Кәсіптік білім беру - жеке тұлғаның кәсіби білім, білік және дағдыларын типтік үлгідегі әлеуметтік және кәсіби мәні бар қасиеттеріне қарай бағыттау арқылы жетілдіру.
3. Кәсіби бейімделу - өз бетінше кәсіби бағдар айқын-дауда игеруі тиіс әлеуметтік жаңа бағыт, яғни кәсіби қызмет дағдыларын үйренуге өз бетінше тәжірибе жинақтау.
4. Кәсібилену - кәсіби ұстанымды қалыптастыру, маңызды кәсіби қасиеттер мен дағдыларды ұштастырыра білу, кәсіби қызметті жоғары біліктілкпен атқара білу.
5. Кәсіби шеберлік –-жеке тұлғаның кәсіби қызметін жоғары шеберлік деңгейне жеткізіп, шағармашылықпен жұмыс істей алу қабілетімен ұштастыру. Авторлық қызмет жүйесіне ену.
«Педагогикалық технология» ұғымына әртүрлі түсініктемелер берілген:
а) Оқыту мен тәрбиелеу құралдарының арнайы формаларының, әдіс-тәсілдерінің, жолдарының жиынтығын анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар жиынтығы (Б.Т.Лихачев);
б) алдын-ала жобаланған оқу-тәрбие процесінің практикада жүйелі әрі бірізді жүзеге асуы (В.П.Беспалько);
в) оқытушы мен оқушылар үшін барлық жақсы жағдайлар жасалынғанда оқу процесін жобалау, ұйымдастыру әрі жүзеге асыруда біріккен педагогикалық іс-әрекеттің жан-жақты ойластырылған моделі (В.М.Монахов);
г) педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық тұлғалық, инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қызмет ету реті мен жүйелі жиынтығы (М.В.Кларин).
Кәсіби оқытудың қазіргі технология-лары
бағдарламалап оқыту технологиясы
проблемалық оқыту жүйесі
оқытуды интенсивтендіру (қарқынды күшейте оқыту) технологиясы
топтық оқыту технологиясы
Кәсіби білім беру ерекшелігі
Кәсіби білім беру ерекшелігі, жалпы білім берумен салыстырғанда, оның кәсіптер мен мамандықтарды таңдаудың үлкен мүмкіндігінде, жұмыскерлерді дайындау нысандарында, оқу-бағдарламалық құжаттамалар өмірінің едәуір қысқа мерзімінде, себебі, кәсіби оқытудың мазмұны ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде жылдам өзгеретін еңбек мазмұнымен тығыз байланысты.
Бұл жерде келесі заңдылық орын алады: кәсіби білім берудің төменгі деңгейі үшін бұл өзгерістер, жоғары деңгейдегілерге қарағанда (мысалы, техника мен технологиямен түйісе жұмыс істейтін жұмысшылары үшін еңбек мазмұны ғылыми-техникалық негіздер және техника мен технологияны жобалау әдістерімен істес болатын инженерге қарағанда көбірек өзгереді) жиі болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Кәсіптік білім берудің тарихын зерделей отырып, кәсіптік білімнің қоғам дамуына тікелей әсер еткеніне күмән жоқ. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізіп, әлемдік ынтымақтастықтағы мемлекеттердің қатарында тұғыры биік, өз саясаты мен даму стратегиясын қалыптастырған дербес ел ретінде танылуы отандық білім берудің, оның ішінде кәсіптік білім берудің тарихи дамуына баса назар аударылды.
Еліміздегі экономика және өндіріс салаларының дамуына байланысты жұмысшы мамандарға деген сұраныс күн санап артып келеді. Қазіргі кезеңде елімізге өркениет әлемінің озық технологияларын меңгерген, жаңа заман талабына сай кәсіптік білімі бар, сапалы да білікті мамандар қажеттілігі туындап отыр.
Еңбек ету іс-әрекетінің тәсілін меңгергенде студенттер шебердің көрсетуін түсініп қана қоймай, оның егжей-тегжейін есте сақтауы керек. Сондықтан еңбек ету іс-әрекеттерін көрсетуді бірнеше рет өткізу қажет. Еңбек ету іс-әрекеттерінің тәсілдерін көрсеткенде көрсетудің әдістемелік тәсілдерінің қызметтік мәнін анық елестету керек. Студент ең соңында еңбек әрекетінің толық бейнесін меңгеруге міндетті. Сондықтан еңбек ету іс-әрекеттерінің тәсілдік көрсетілуі дұрыс жұмыс қарқынмен басталып, бітуі керек.
Республика азаматтарға докторантураларда оқып, ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Басқа ғылымдар сияқты мұның өз ұғымы мен түсіну аппараты бар, оның іргелі ғылым екендігін, сапалық ерекшеліктерін айғақтайтын дәйектемелері бар.Қазіргі кезде нарық талабына сай бәсекеге қабілетті жұмысшылар дайындау мен олардың біліктілігін арттырудың жаңа тұжырымдамалары әзірленіп, оқыту әдістері мен оны ұйымдастыру формалары жетілдіру үстінде. Кәсіби оқыту осындай меселелермен шұғылданып, егемен елімізде білікті маман жұмысшы дайындауда. Әлемдік өркениет деңгейіне көтермекші.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.- Астана, 2007.
2. Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты. Жоғары кәсіптік білім.
3. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
4. А. Джуматаева, П. Балташ, А. Досов «Кәсіптік білім берудің тарихы мен дамуы»
5. Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығы.
6. Ivar Braten. Beliefs about sources of knowledge predict motivation for learning in teacher education // Teaching and Teacher Education An International Journal of Research and Studies, Volume 50, August 2015, Pages 13-23.
7. К.Өстеміров Кәсіптік оқыту әдістемесі. Оқулық. - Алматы: «РАДиАЛ» баспасы, 2006 – 240 б.
Достарыңызбен бөлісу: |