20-сабақ. "Құлагер"
Ақан жаулары өлтіріп кеткен Құлагерді іздеп тауып, соның басында отырып айтқан.
Тегі жағынан «Құлагер» лирикалық-психологиялық өлең түріне жатады. Өйткені өлеңде оқиғаны, оған ақынның көзқарасын көрсетуден гөрі, сол жағдайға байланысты оның сезім дүниесіндегі күйінішін, психологиялық тебіренісін суреттеу жағы анағұрлым басым.
21-сабақ. «Қараторғай»
«Қараторғай» әні адам таңқаларлық терең, жібектей созылған ән тілі бар сөзсіз махаббатпен байланысты, сондықтан негізгі дирижерлық қимыл – legato,бірақта керекті динамикаларды көрсету кезінде, автордың ойын, мақсатын аша білетін көркемдік - мәнерлік тәсілдерді қолданған жөн. Ал жалпы әуеннің жақсы естілуі әдемі дыбысқа байланысты. Әдемі дыбыс деп – жеңіл, драмалық, поэтикалық, толтырылған дыбысты айтамыз.
22-сабақ. «Мұхамедқанапия Баһрамұлы Шақшақов»
Сегіз серіні бүгінгі үрпақтары әлі күнге дейін жөнді тани алмай келеді. Шындыққа жүгінсек, ол — қазак сал-серілерінің атасы!
23-сабақ. «Естай Беркімбайұлы»
ақын, композитор, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Естай әндік-ақындық ортада өскен, анасы Күлипа мен ағасы Байтолым белгілі әншілер болған. Естай олардан жыр, дастандар мен толғауларды орындау мәнерін үйренген.16 жасында халық әндерін талантты орындаушы, халықтық музыка дәстүрін жалғастырушы тұлға.
24-сабақ. «Естайдың “Қорланы”
Маралды болысының (Солтүстік- Сібір өңірі) Өрік ауылында қыпшақ руынан шыққан Сұлтан деген атақты бай тұрған. Сұлтанның Хұсни және Хорлан атты екі қызы болған. Хорлан атымен жиырма жастағы жас композитор шығарған "Хорлан" әні көпшілікке жақсы мәлім.
25-сабақ. «Біржан сал Қожағұлүлы»
Қазақ әдебиетінде, мәдениетінде аса ірі түлғаның бірі XIX ғасырдағы қазаң ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі.
Біржанның әндері — қазақ музыкасының биік белесі. Біржан сонысымен қымбат, сонысымен керек.
26-сабақ. «Біржан Салдың "Жанботасы"
Ол өзінің жан серігі домбырасын алып, Жанбота отырған киіз үйге келеді. Рұқсат сұрамастан, әнші үйге кіріп келіп, реніш пен күйінішке толы ащы дауыспен әндете жөнелді. Ән - найзағай, ән - әншінің жан айғайы, тапталған ардың күйзелісіндей болды. Көпшілікті бұл отты ән ерекше толқытты.
27-сабақ. «Тастанбекқызы Сара»
Жастай жоқшылықты көп көріп, ауыр тұрмысты бастан кешкен теңсіздіктің зардабын шегіп, қайғы мұңды серік еткен ақын қыз көп ұзамай ауруға шалдығып, жалғанның қызығын жарытып көре алмай, ерте көз жұмады.Сара Тастанбекқызының Біржан салмен айтысы ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |