Мойынның клиникалық анатомиясы Жалпы деректер



бет20/33
Дата27.05.2020
өлшемі68,04 Kb.
#71269
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
Байланысты:
мойын кітап

Операция техникасы. Операциялық тілік сол жақ төс-бұғана-емізіктік бұлшықеттің ішкі қырымен төстің мойындырық ойығынан қалқанша шеміршектің жоғарғы шеті деңгейіне дейін жасалады. Теріні, астындағы шелмаймен, беткей фасцияны және теріасты бұлшықетті кезекпен тіліп ашады. Бұдан соң, төс-бұғана-емізіктік бұлшықеттің қынабын жасайтын 2-фасциямен беткей жапырақшасын тіліп, бұлшықетті босатады да, фасциядан сыртқа қарай ығыстырады. Одан әрі өте сақтықпен 2-фасцияның артқы жапырақшасын және мойынның 3-4 фасциясын тіледі де, доғал тісті ілмектер көмегімен бұлшықетпен қоса қантамыр-нервтік шоғырды (сыртқы мойындырық венасы, жалпы ұйқы артериясы және кезбе нерв) сыртқа қарай өте сақтықпен тартады. Қалқанша бездің сол бөлігін кеңірдек пен бұлшықеттермен бірге (mm.sternohyoideus, sternothyroideus) ішке алға қарай ығыстырады. Жауырын – тіласты бұлшықетін өңешке бару жолы жақсы ашылу мақсатында екі лигатурамен байлап, арасынан кеседі. Соңынан сол екі лигатура көмегімен бұлшықетті тігеді. Осыдан соң, тереңде омыртқа алды фасция және жанында өтетін төменгі қалқанша без артериясы ашылады. Артерияны екі лигатурамен байлап, арасынан кеседі. Тұқыл аспаптармен кеңірдектің сол жақ бетіндегі 4 фасцияның жапырақшасын ашқан соң, кеңірдек пен өңеш арасындағы шелмайда сол жақ қайырылма көмей нервісін зақымдап алмай, өңешті ашады. өңешті сыртқы бетіндегі ұзынша бағытта орналасқан бұлшықет талшықтары мен қызғылт-сұрғылттау түсіне қарай тануға болады.

Егер өңешті ашу процессі қиындық туғызса, онда ауыз арқылы жуандау келген асқазан зондын өткізеді, бұл операциялық жұмысты әжептәуір жеңілдетеді. Өңештің қабырғасын тіліп ішін ашар алдында астынан дәке (марля) жолақ өткізеді. Өңештің қабырғасын екі пинцет аралығында ұзынша бағытта тіліп ашады, жараның шеттерін ұстағыш тігістермен тежеп ұстайды.

Өңеш жарақатын жіңішке жіптермен жеке-жеке-кілегейлі және бұлшықеттік қабаттарын тігістер көмегімен жабады. Өңеш маңындағы шелмайға бірнеше күнге дейін антибиотиктермен ылғалданған турундалар қойылады, себебі медиастинит сияқты асқыну қаупі бар. науқасты тамақтандыру мұрын арқылы өткізілген зонд көмегімен іске асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет